мағынасы мен не үшiн жаратылғанына – жаңа шешiм iздеу, осы жолда
бақталастық емес, халықтардың бiр-бiрiн толықтыруы, өзара бiр-бiрiн
ақтауы, көмектесуi қажет сияқты.
Әрине, мұндай талдауларды ары қарай жалғастыра беруге болар едi.
Бiрақ жоғарыда көрсетiлген сипаттамалар ХХ ғ. пайда болған
философияның ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген
ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық
ағымдардың негiзгiлерiн талдауға көшейiк.
§ 1. Неопозитивизм ағымы Неопозитивизм (neo – жаңа, positivus – латын сөзi, оң, дұрыс деген
мағына бередi) – Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның
дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселе-
лердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түптамыры позити-
визмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-
1857 жж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан ең алдымен
позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет.
Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк
көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiре- нiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген
қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым –
белгiлi бiр дерексіз негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих фило-
софиясы – рухтың дүниеге келiп, дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес.
Ғылымның негiзiнде дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын
көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер
және соларды теориялық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.
Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында үш сатыдан өттi деген
пiкiрге келедi. Олар: 1) теологиялық (жалғандық) саты – көне заман-
нан ХIV ғ. дейiн; 2) метафизикалық саты – ХIV-ХVIII ғғ; 3) позитивтiк
саты – ХIХ ғ. бастап пайда болады.
«Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ,
өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы
түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адам зердесi дамуының негiзiнде
барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терiстеле бастайды, барлығына