Серік Мырзалы философия оқу құралы


элементарлық, атомарлық, протоколдық



Pdf көрінісі
бет233/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   422
элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, 
оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыс-
тырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия сала-
сында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бiрақ 
қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алсак, (әсiресе этика мен психоло-
гияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға 
болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен 
шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң 
негiзгi кемшiлiктерiне жатады.
Б.Расселдiң әлеуметтiк философиялық көзқарастарына қатысты 
айтсақ, ол қоғам өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген 
пiкiрге келедi. Адамдардың iс-әрекеттерiне шешушi ықпалды көбi-
несе олардың ішкі түйсіктекрі мен құштарлықтары тигiзедi. Соны-
мен қатар ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап, 


331
тоталитаризмнiң қай түрiн де (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң 
құрсауына алғаны үшiн қатты сынады.
Неопозитивизмнiң екiншi түрi – лингвистикалық философияның 
өкiлдерiн алып қарасақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн 
тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан 
көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана «тiлге сын» 
ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң «Логикалық-философиялық трак-
таттар» деген еңбегiнде ол: «Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң дүниемнiң 
шеңберiн құрайды», – дейдi. Бұл философия саласында ашылған үлкен 
жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы 
сол халықтың дүниесезiмi мен дүниені қабылдауына, керек болса, 
дүниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тигiзедi. Оны бiз қазiр 
«халықтың ділі» деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi 
идеясы – тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi 
неше түрлi дерексіз ұғымдардың құрсауына қамап, адастырады.
ХХ ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге 
келдi, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi 
өкiлдерi – Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.), Томас Самюэль 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет