Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет241/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Анри Бергсон (1859-1941 жж.) – «өмiр философиясының» шеңбе-
рiнде «шығармашылық талпыныс» ағымын жасайды. Оның 
ойынша, алғашқы да ең терең шындық – ол белгiлi бiр толыққанды 
бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол – сол өмiрдiң 
қалдықтары. Өмiр – «өмiрлiк талпынысқа» (elan vital), яғни ешқашанда 
тоқталмайтын шығармашылық өзгерiске, қалыптасуға тең. Материя – 
болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе 
де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан табиғаттың 
тарихи күрделенуi, өрлеуi – өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. 
Олай болса, дүние – бiрегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды 
бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық.
А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге 
өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенi-
мiз – ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-
бiлуi, ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы 
жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас 
бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн 
тудырады. Интеллектiнің қайнар көзi – адамның материалдық дүниедегi 
iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiлігiн қамтамасыз 
ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе, А.Бергсонның ойынша, – 
интеллект заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың 
арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете 
алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды 
басқаша түрде қайта құрастыру – интеллектiнің негiзгi iсi. Олай болса, 
ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып
өзгерiп жатқан дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi «жасанды 
түрде» көрсеткен сияқты (онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де), 
бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде, экранда 
«қозғалыстағы өмiрдiң» көшiрмесi пайда болады. Интеллект дүниедегi 
ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар 
оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн – өмiрдiң 
өзiн – танып-бiле алмайды. 
А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының 
бар екенiн мойындайды – ол интуиция. Интуиция дегенiмiз – ол 
затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектіге 
ашылмайтын жағына өтiп, оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табы-


340
лады. Интуиция дегенiмiз – рухтың алғашқы негiзi. Ол – өмiрдiң өзi. 
Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен 
интеллектіге бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан, интел-
лект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуи-
циясы толығынан интеллектіге бағынышты. Алайда кейбiр «шекаралық 
жағдайда», адамның өмiрiне қауіп төнген, я болмаса оның басына 
«тағдырлық» ахуал келген кезде, интуиция интеллектiнің құрсауынан 
босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның ғарыштағы орны мен 
тағдырын анықтауға көмектеседi.
Адам – шығармашылық пенде, өйткенi «өмiрлiк талпыныс» оның 
iшiнен өтедi. Алайда өмiрдi терең сезiну интуициясы – тек қана 
таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сөйтіп, А.Бергсон шығармашылық 
пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды.
А.Бергсонның әлеуметтiк философиясына келер болсақ, ол адам-
ның өмiр сүруiнiң екi түрiн мойындайды. Көп жағдайда адам «сыртқы» 
өмiрдiң шеңберiнде, өзi үшін емес, басқа адамдар үшiн өмiр сүредi. 
Тек қана өзiмiздiң iшкi өмiрiмiзге терең үңiлiп, бiз өзiмiздiң ерiктiгiмiз 
бен биәлеуметтiгiмiздi анықтай аламыз. Бiрiншi өмiр формасын ол 
«жабық», екiншiсiн «ашық» қоғамға жатқызады. Жабық қоғамда тұлға 
ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi 
мен шығармашылық қызметi үстем болып келедi.
Қорыта келе, бiз А.Бергсонның философиясының бiршама қайшы-
лықтарының бар екенiн байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан 
дүниесiнiң нәзiк жақтарын толығынан жете бiле алмайды. Интеллект 
есептейдi, бөледi, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебiз 
бiлiнедi. Адам көп жағдайда өмiрдiң терең жақтарын бисаналық түрде 
өзiнiң барлық жан-тәнiмен сезiнуi мүмкiн. Мұның бәрi де дұрыс. 
Бiрақ А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны 
қайсыбiр терең дүниетанымды жоққа шығарады. Өйткенi интуиция-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет