Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет238/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 3. Герменевтика
Герменевтика (germeneon – грек сөзi түсiндiремiн) сонау көне грек 
заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда 
болды.


336
Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Киелі кітаптың 
негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.
Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған 
мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол 
герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. 
Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық 
тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн 
қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол – 
Платонның барлық шығармаларын алғаш рет немiс тiлiне аударған 
адам. Оның ойынша, герменевтика – басқа тұлғаның қайталанбас 
жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi, 
оның сөз саптау мәнерiнде, үлгiсiнде деген пiкiрде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын аша-
тын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан 
бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық 
iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы 
жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр 
сүрген адамдардың iшкi жан дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу үшiн сол 
замандағы ахуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады 
деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген 
ұлы адамдардың өмiрбаянын, iшкi рухани тебiренiстерiн түсiнiп қана 
баға беруге болады.
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерль белгiлi бiр 
дәуiрдi жете түсiну үшiн, сол кездегi қоғамның «өмiрлiк дүниесiнiң» 
ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрде болған-ды. Сонда ғана сол 
дәуiрде өмiр сүрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының 
мән-мағынасын ашуға болады.
М.Хайдеггердiң ойынша, «болмыстың үйi – тiл». Ендеше, герме-
невтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, 
оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат бол-
мысын зерттеуге болады.
Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дүниесезiмi мен дүние-
танымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған 
жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе бұл 
қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тари-
хын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал.
М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, «тiл 
адам арқылы сөйлейдi». «Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше 
түрлi мән-мағына жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық 
мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айна-
лыса алады. Халықтың аса көп сыры оның ұлы азаматтары тудырған 
поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк 


337
жақтары берiледi. Сондықтан әр iрi өлеңшi – әрқашанда философ», – 
деп қорытады М.Хайдеггер.
Герменевтика ғылымына зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гада-
мер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде 
қолданылатын әдiс ретiнде түсiнiп қана қоймай, оның болмыстық жағын 
негiздедi. Оның ойынша, түсiну дегенiмiз – адамның дүниетанымының 
негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, 
болмысының тәсiлi.
Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған 
белгiлi тарихи құжатты зерттегенде, сондағы руханиятқа өту, түйсiну 
тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден – екiншiге, өзiңнен 
басқаға өту мүмкiн емес. Бүгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға 
шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар 
сияқты өмiрдi сезiнiп, қабылдай алмайды: ол аңғырттықты көрсетумен 
тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет