345
Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр
жағынан, шығармашылық жолмен дүниенi қайта құру, екiншi жағынан,
жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату – З.Фрейдтiң
iзiн қуған
ғалымдардың еңбектерiнде неше түрлi қайшылықтарды тудырды.
Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына
теңеуi қанағаттандырмайды.
Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының көзқара-
сында болғанмен, кейіннен бисаналықты басқаша түсiне бастайды.
Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол
онда халықтардың
тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кейiпкерлердiң бейнелерiн байқайды.
Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да
терең
«ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенiн байқайды.
Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен
шыққан неше түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я
болмаса
ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық»
бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы
жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар
адамға дейiнгi
хайуандық «жасырылған iздердi» байқауға болады. Олардың көбiн
халықтардың
мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi
бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер
т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады.
Оқтын-оқтын бұл бей-
нелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг
«архетиптер»
деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық
бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол
символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа
берiлiп отырады. Сонымен қатар олардың көбi тiптi
тұқым қуу
механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар
жойылып кеткеннiң
өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның
жүрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда
А.Адлер
(1870-1937 жж.),
К.Хорни (1888-1959 жж.),
Э.Фромм (1900-1980 жж.)
фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сүйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге
тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: