Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет70/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   422
Байланысты:
2 (1)

«Түсінемін сену үшін» деген көзқарасқа жол ашылады. 
Августин «Сені шақырамын, Құдай – ақиқат, сенде, сенен, сенің 
арқаңда барлық ақиқат – ақиқат. Құдай – дана, сонымен, содан, сол 
арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай – зерделі сәуле, сонымен, 
содан, сол арқылы қайсыбір зерделі сәуле жарқырайды», – деп толғанып 
айтады. 
Адам мәселесі
«Адамдар алыс жолға шыққанда, қалайша таудың биік шыңына, 
қаһарлы теңіз толқынына, мұхиттың кеңістігіне, жұлдыздардың ағуына 
тамсана қарап, сонымен қатар өз-өздерін ұқыпсыз қалдырады?» – деген 
Августин сөздері, әрине, әр адамды толғандырады. Философиядағы 
шынайы мәселе – ол ғарыш емес, ол – адам. Құпия – дүние емес, ол – 
біз. «Қандай сыр жатыр адамның ішінде! Сен, Жаратқан, адамның 
басындағы шаштың санына шейін білесің, Сенсіз оның бірде-бірі 
түспейді. Сонда да адамның шашын есептеу – оның жан-дүниесіндегі 
құштарлықтары мен… қобалжуына, шайқалуына қарағанда анағұрлым 
жеңіл», – дейді ұлы ойшыл.
Августинді адам мәселесі өзінің жалпылығымен емес, керісінше, 
нақтылығымен қызықтырады. «Мен өз-өзіме үлкен мәселеге айнал-


107
дым», – дейді ойшыл. «Мен өзімдегі барды қамти алмаймын», – деп ол 
қынжылады. 
Өзінің «Сыр шерту» деген еңбегінде Августин еш нәрсені жасыр-
май, өзінің жан-дүниесін толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі 
талай қайшылықтардың қаншама зардап әкелгенін, соларды шешу 
жолында қалайша Құдайды мойындағаны жөнінде айтады. 
Августин адамның терең қайшылығын оның еркінен көреді. Ол 
Құдайдың еркімен көп жағдайда сәйкес келмейді. Осы қайшылықты 
аңғару адамның өзінің «Менін» ашуға көмектеседі.
Августинге христиан дініндегі құдайдың үш кейіптігі зор әсерін 
тигізді. Егер адам Құдайға ұқсап жаратылған болса, онда оның 
тұлғасында осы үштікті табу керек. Олар – біздің өмір сүріп жатқа-
нымыз, болмысымыз, біз өмірді сүйеміз. Және біз айнала қоршаған 
ортаны танып-біле аламыз. Сонымен, өмір сүру, білу, сүю – адам 
болмысының үш жағы, олай болса, біздің жан-дүниемізде Құдай 
бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет