109
ол әке емес. Егер ұл белгілі бір уақытта дүниеге келсе, онда күндердің
бір күнінде ол балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай-Ұл – мәңгіліктен.
Сондықтан Құдай-Әке де, Құдай-Ұл да – мәңгілік, тұрақты».
Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін, жаратылған дүниеден де оның
іздерін табуға болады. Дүниедегі заттардың
бірлігі, бітімі және
тәртібі
бар. Ал адамның ақыл-ойына келер болсақ, ол да бір мен үш:
ақыл,
таным, сүю. Сөйтіп, біз айнадағы өзіміздің сәулемізді көргендей,
Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан Құдайды тану – жан-дүниені
танумен, жан-дүниені тану – Құдай арқылы танумен тең.
Дүниенің жаратылу мәселесі
Августин дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда
басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті
бөлек. Өйткені оның жоғарысында «Идеялық әлем» үлгі ретінде, ал
төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя
жатты. Сондықтан Демиург бір нәрседен екіншіні жасаған ұста сияқты,
өйткені материя мен «Идеялар әлемін» ол тудырған жоқ, олар мәңгілік
өмір сүріп жатты.
Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып: «Дүние
жоқтан (ex nіgіlo – лат. сөзі, еш нәрседен) Құдайдың құдіретті күші
арқылы пайда болды», – дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың
пайда болуының үш жолы бар.
1.
Генерация (generatіo – лат.сөзі, туу, ұрпақ) жолымен, яғни тіршілік
өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан – бұзау, жылқыдан –
құлын, шешеден бала туады;
2.
Фабрикация (fabrіcatіo – лат. сөзі, жасау) жолымен, яғни бір зат-
тан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан – үй жиһазын, я болмаса үй
жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.
3.
Жоқтан барды тудыру (creatіo – лат. сөзі, жарату) яғни өз
денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол – тек
Құдайға ғана
Достарыңызбен бөлісу: