227
Олай болса, философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан
емес,
болмыстың нақ өзiнен бастауы қажет. Онда бiз заңды түрде
бүкiл философиялық ұғымдарды жалпылықтан емес,
жалқылықтан
шығаруымыз керек. Өйткенi қайсыбiр болмыс – ол нақтылы болмыс –
дүниеде болып жатқан
«бiрдеңе», «мынау», «анау». Болмыс жалқылық
пен жекелiктен тұрса, ойлау – жалпылықты тудырады.
Таным мәселесiн қарай келе, Фейербах агностицизмдi қатты сынға
алады. Оның ойынша, түйсiктер бiздi дүниеден алшақтатпайды, керi-
сiнше, бiздi онымен байланыстырады. Ол – сыртқы дүниенiң бейнесi.
Бұл жерде ол дiни терминдi қолданып, оны «Iзгi хабар» ретiнде түсiнедi.
Түйсiктер арқылы бiз дүние жөнiнде хабардар боламыз.
Фейербах дүниенiң көптүрлiлiгiн мойындайды. Материяның
өмiр сүру формасы – ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен
уақытты талап етедi. Олай болса, олар болмыстың өмiр сүруiнiң негiзгi
жағдайлары. Табиғаттың өзiнiң себебi өзiнде, оны ешкiм тудырған жоқ,
ол мәңгiлiк өмiр сүредi. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкiм және еш нәрсе
жоқ. Табиғатта ақыл-ой жоқ, ол адам арқылы ғана ақыл-ойға ие болады.
Адам арқылы ғана ол өзiн-өзi түсiну дәрежесiне көтерiледi. Тек адам
ғана өзiнiң iс-әрекет жасау негiзiнде табиғатты қайта өзгертiп, өзiнiң
санасын табиғатқа таңады.
Олай болса, рух дегенiмiз – ол тiрi пенде, адамның қасиетi, ойлау
мүшесi – ми адамның денесiне жатады. Сондықтан адамды Құдай
жаратты деген жалған аңыз Құдайдың Өзiн адам тудырды деген
шынайы бiлiмге негiзделген қағидаға ауыстырылуы керек.
Осы мақсатты өз алдына қойып, оны өмiрге енгiзу жолында Фей-
ербах қажымай-талмай, батыл жұмыс жасады. Оның ойынша, қалың
бұқараның Құдайға сенуiнiң қайнар көзi адамның жан дүниесiнiң
құпияларында жатыр. Солардың iшiндегi ең негiзгiлерiнiң бiреуi –
адамның табиғаттың орасан зор күштерiнен қорқып, соларға тәуелдi
болуы. «Үрей құдайларды тудырды. Барлығын билеп-төстейтiн бұл
үрейдiң өзiн кiм тудырды? Оны тудырған – тiрi пенденiң
бақытқа
Достарыңызбен бөлісу: