237
алмады. «әрбiр адамнан – қабiлетiне қарай, әрбiр адамға – қажеттiгiне
қарай» деген принциптiң өзiнде утопиялық қиял жатқан жоқ
па?! Егер барлық адамдардың қажеттiліктерi толығынан өтелсе,
онда қоғам сол сәтте iрiп-шiри бастар едi, өйткенi тек толығынан
өтелмеген қажеттiліктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған
шығармашылық iс-әрекеттерiн тудырады, ал өтелген қажеттiліктер сол
сәтте бұрынғыдан да биiк жаңа қажеттiліктердi тудырады...
Маркс Фейербахтың «адам – толығынан биологиялық-табиғи
туынды» деген пiкiрiн қатты сынға алғанмен, оған қарама-қарсы
бiржақты «әлеуметтiлiк» тұжырымға өтiп кеткенiн аңғара алмай
қалған болатын. Сол себептi, Маркстiң ойынша, болашақ коммунистiк
қоғамда жаңарған әлеуметтiк ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келiп,
қылмыстық, озбырлық, дүниеге қызығушылық т.с.с. адамдардың
кемшiлiктерi толығынан жойылып, құқық мекемелері, тiптi мемлекеттiң
өзi керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жатқызуымызға әбден
болады. Жуықта ғана дүниеден өткен Кеңес қоғамында қаншалықты
«жаңа адамды» тудыруға бағытталған сан алуан тәрбие жұмыстары
жүргiзiлсе де, бiз бүгiнгi таңда оның бәрiнiң сәтсiздiкке ұшырағанын
көрiп отырмыз. Адам биологиялық, я болмаса әлеуметтiк пенде емес,
ол – био-әлеуметтiк, тек осы жолда ғана оны терең түсiнуге болады.
Әрине, Маркс пен Энгельс – өз заманының тұлғалары. Маркстiң
өзi уақытында: «Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», – деп айтқан
болатын. Мiне, осы тұрғыдан бағалап, бiз олардың ғылыми жетiстiктерi
мен адасуларын таразыға сала келе, оларды өз заманының ғажап ұлы
тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстiк философия-
мен Батыс Еуропа топырағында пайда болған ақыл-ойға негiзделген
(рационалдық) философияға қанағаттанбаушылық оның орнына неше
түрлi бейклассикалық ой-пiкiрлердi дүниеге әкеледi. Ендi соларды
талдауға көшейiк.
Достарыңызбен бөлісу: