252
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдiң алдында: «Бiз кiмбiз және
қалай қарай дамуымыз керек?» – деген сұрақ қайта туып, аз уақытта
тағы да «батысшылардың» пайдасына шешiлдi. Бiрақ либерализм
жолы әлеуметтiк құрылымда өте бай аз топпен қатар, негiзгi халықтың
қайыршылануына әкелiп, ХХI ғ. басында саяси дегдар топтың ауысу-
ына, «мемлекетшiлдердiң» билiкке келуiне себеп болды. Бұлардың
көзқарастарының «славянофильдерге» жақынырақ екенiн, сонымен
қатар олардың Батыс тәжiрибесiн (әсiресе жаңа технологияларды) де
игеру қажеттiгiн бiлетiнiн айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына
жасаған қысқаша экскурс осы елдегi философиялық ой-өрiстi жете
түсiнуге мүмкiншiлiк бере ме деген ойдамыз.
Ендi әңгiменi нақтылай келе,
«батысшыларға» келер болсақ, бұл
ағымның негiзiн қалаған
П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа
елдерi қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемелiне кел-
ген, орнықты, тәртiптi. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына
берiлгендiктi, парыз бен жауапкершiлiктi, азаматтық ерiктiктi қорғауды
т.с.с. жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негiзделген
күшке табыну, соның нәтижесiнде барлық адамдардың құлға айналуы,
тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекi нәрселердi көремiз. Мұның
негiзгi себебiн П.Я.Чаадаев Ресей халқының дiндi «бишара Бизантия-
дан» алып, Еуропаның католиктiк бiрлiгiнен шығып қалғанынан көредi.
Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжiрибесiн игерiп, олардың
жiберген қателіктерін қайталамай, өзiнiң болашағын ағарған зерденiң
негiзiнде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтiң көзқарасы Ресейдiң бiршама зиялыларына зор
әсерiн тигiзiп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелдi. Оларға
Достарыңызбен бөлісу: