240
ХХ ғ. экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты
талдаған кезде, бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз.
Рационализм бағытына қарсы шыққан екiншi философ А.Шопен-
гауер болды. Оның ойынша, дүниенiң негiзiнде материя, я болмаса
сана, рух жатыр деген көзқарастар – жалған пiкiрлер. Философияның
тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған iс-әрекеттер – оны ғылыми
дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс – оны үлкен дағдарысқа әкелiп
соқтырды. Шынына келгенде, философия – ғылым емес, өнердiң бiр
түрi. Өйткенi дүниенiң негiзiнде жатқан нәрсе – ол ессiз, бейсаналық
әлемдiк ерiк. Ендi, мiне, Шопенгауердiң философиясына толығынан
тоқталуға мүмкiндiк келдi, екiншi жағынан, ойшылдың көп идеялары
бүгiнгi дағдарыстағы қоғамдағы адамдардың сана-сезiмiнде бiршама
қызығушылық тудырып отырғаны құпия емес.
Достарыңызбен бөлісу: