Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет178/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   422
Байланысты:
2 (1)

адамдардың өмiрiн сол мақсатқа жетудiң құралына айналдырады. 
Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағынасы жойылатыны 
хақ. Өткен дәуiрдi, оның мәдениетiн толыққанды қабылдамай, дұрыс 
болашақты да орнату мүмкiн емес. Шiркiн, Н.А.Бердяевтiң терең 
тарих жөнiндегi осындай ойларын саясаткерлер жете бiлсе ғой!!! Сонда 
реформа барысындағы қателiктер де аз болар едi.
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтiң тарихи көзқарасын өмiршеңдi 
деп атауға болады: адамзат рухани жаңарудың негiзiнде қайта 
өрлеуге мүмкiндiк алады. Болашақ қоғам екi принципке негiзделедi:
аристократиялық – тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын 
көрсетедi, ал демократиялық – әдiлеттiлiк пен достыққа шақырады.
Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтiң талдап, өзiнiң шешiмiн 
берген екi санатын көрсетпей болмайды – олар мәдениет пен цивили-
зация.
Мәдениет – қоғамның рухани дамуының шыңы, дiн, философия
өнер құндылықтары, терең де нәзiк ойлар, шығармашылық туынды-
лары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгi 
қажеттiліктерден шығатын қарапайым өмiрдi көтеруге бағытталған 
iстер келiп, «өзiмшiл цивилизация» мәдениеттi тұрпайылата бастайды.
Цивилизация (өркениет) дегенiмiз – өмiрдiң әлеуметтiк, материал-
дық жағының дамуы, экономикалық мүдделердiң басымдығы, 
пайдақорлыққа тырысу, құралдың мақсатты жеңуi. Цивилизация 
өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығар-
машылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машина-
лардың өмiрге енуiмен бiрге келедi. Адам техниканы пайдаланып, 
табиғатты өз еркiне көндiруге тырысады, соның нәтижесiнде адам-
ның толыққанды органикалық табиғатқа сәйкес өмiрi жойылып, оның 
орнына мамандандырылған, бiржақты адам пайда болады. Цивилиза-
ция техниканың үстемдiгiне әкелiп, рухты тоқыратады.
Капиталистiк, я болмаса социалистiк цивилизация болмасын, ол – өз 
табиғатына сәйкес әрқашанда «буржуазиялық». Ол дегенiмiз – рухтың 
тоқырауы, материалдық байлыққа, өмiрден ләззат алуға тырысу.
Дегенмен цивилизация мәдениеттi толығынан құрта алмайды, 
ол ұсақталғанмен аяғына шейiн цивилизацияның пайдақорлығына 
қарсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт 


260
логикалық сатысын көрсетедi, олар – тағылық, мәдениет, цивилизация 
және «дiни қайта өрлеу». Социалистiк өзгерiстер Ресейдi цивилизация 
шеңберiне кiргiзiп, мәдениеттi тоқыратты. Мәдениеттi қайта жаңартуда 
дiн шешушi қызмет атқаруы керек.
Орыс философиясындағы дiни антропология бағытының өкiлдерi 
ретiнде С.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийдi атап өтуге 
болады.
С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре 
алмайды, егер iшкi дүниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. 
Құдайға қарсы күрес, бiр дiндi тарату қажеттi түрде екiншi дiндi туды-
рады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналған 
болатын. – С.М.). Алайда адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз 
iшiнен табуы керек.
С.Н.Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз – ол «антро-
подицея» (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi – дүние уақыттың 
шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл 
қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы 
дүниенi жарату iсiне, оны ары қарай жетiлдiруге атсалысуда. Адам – 
Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. 
Ол – микротеос, оның iшiнде бүкiл дүниенiң күш-қуаты бар, ол – 
болмыстың ең жоғары ортасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет