Серік Мырзалы философия оқу құралы


А.Хамидов, К.Әлжанов, Б.Сатершинов, Г.Соловьева, А.Қапышев



Pdf көрінісі
бет225/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   422
Байланысты:
2 (1)

А.Хамидов, К.Әлжанов, Б.Сатершинов, Г.Соловьева, А.Қапышев, 
Р.Қадыржанов, З.Сәрсенбаева т.б. ғалымдар болды.
Жоғарыдағы аталған iзденiстермен Б.Құдайбергенов, Д.Құсаинов-
тың еңбектерi де өз ерекшелiктерiмен үндесiп жатады.
Өтпелi дәуiрде философиялық деңгейде қажеттi түрде мына сұрақтар 
пайда болып, өз шешiмiн табуын талап еттi: Ақиқат кiмнiң қолында? 
Қазiргi адамзаттың негiзгi даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс 
цивилизациясында ма? Дүниежүзiлiк көштен тағы да қалып 
қалмау үшiн Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, 
халық тағдырын, егемендi елдiң болашағын анықтайтын сұрақтар. Бұл 
аталған мәселелерге қомақты үлес қосқан С.Бөлекбаевтың еңбектерін 
ерекше атап өту қажет сияқты.
Тарихи жеке адамның ерiктiгi мен жасампаздық iс-әрекетiне 
негiзделген Батыс цивилизациясы жағалай ортаны өзгертiп, адамның 
игiлiгiне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсiресе ХХ ғ. 
шеңберiнде орасан зор жетiстiктерге жеттi – оның ең биiк сатысы 
бүгiнгi таңдағы постиндустриалдық цивилизацияның шеңберiнде өмiр 
сүрiп жатқан – бiршама Еуропа елдерi, АҚШ пен Канада, Австралия 
т.с.с. Бұл елдер материалдық-техникалық жағынан қандай биiк сатыға 
көтерiлгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендедi. Оның 
дәлелi – орасан зор қылмыстық, iшушiлiк, нашақорлық т.с.с. қазiргi 
уақытта бiзге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениеттi нарық жолына 
қою – тобырдың нәпсi, дене интенцияларына (бағыт) байланысты 
дөрекi мәдениет формаларын тудырды. Биiк өнер тек қоғамның дегдар 
аз тобының мүдделерiн қанағаттандырады. Адамның қоғам өмiрiндегi 
мәртебесі – оның байлығымен анықталатын болды. Э.Фроммның 
айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» – негiзгi адам өмiрiнiң 
мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сөйтіп, тән ләззаты 
бiрiншi орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда 
ғана емес, бүкiл өмiрдi шырмап, толығынан жеңдi. Бiз марксизмнiң 
өзi – Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенiн естен 
шығармауымыз керек.
Ендi Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, 
қоғамдық мүдденiң жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негiзделген. 
Бұл принциптi өзiнiң логикалық аяғына шейiн жеткiзiп, бүкiл жеке 
меншiктi жойып, оны жаппай мемлекеттендiру арқылы жаңа қоғамды 
орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтiк тәжiрибе Кеңес елiнде 
сәтсiздiкке әкелгенiн таяудағы тарихтан жақсы бiлемiз. Бiршама 


322
Шығыс елдерiнде өндiргiш күштер осы уақытқа шейiн төмен деңгейде, 
кедейшiлiк, күнбе-күнгi ең қажеттi нәрселердiң жетiспеушiлiгi – көп 
жылдарға созылған ауруға айналды. 
Сонымен қатар кейбiр Шығыс елдерi (Жапония, Малайзия, Синга-
пур, Оңтүстiк Корея т.с.с.) өз дiлi мен мәдениетiн сақтаудың негiзiнде 
ең соңғы озық технологияларды игере бiлiп, постиндустриялық циви-
лизация сатысына көтерiлдi. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе 
жатқан, жаңа ғана тiзесiнен көтерiлiп болашаққа ұмтылған алпауыт 
Қытайды да атап кетуге болады.
Өз егемендiгiн алған қазақ елiнде реформалар басталғаннан кейiн, 
көп ұзамай либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыққа 
ие болды. Алайда бiздiң пәнiмiз саясаттану емес, философия бол-
ғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болғаны туралы сұраққа 
жауап берейiк.
«Шындық Батыста. Бүгiнгi таңдағы артта қалған елдер ертелi-
кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсiп дамиды. Олардың 
ұлттық мәдениетi, дiлi ертең-ақ қоғамдық сананың шетiнде қалып, 
«универсалдық» Батыс «mass media» толығынан өз басымдығына 
жетедi – бұл бүкiладамзат дамуының негiзгi жолы», – деген пiкiрдi бiз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет