Серік Мырзалы философия оқу құралы


Кеңес дәуiріндегi отандық философия



Pdf көрінісі
бет222/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Кеңес дәуiріндегi отандық философия
Кеңес дәуiрiнiң бастапқы кезiндегi ахуалды бiз жоғарыда әңгiме 
еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сыңаржақты бағалауға бол-
майды. Көп нәрсенi жоғалтқанымызбен, қол жеткен жетiстiктерiмiз 
де аз болған жоқ. Әсiресе 50 жылдардың аяғынан бастап, жеке 
басқа табыну әшкереленгеннен кейiн, қоғамның өрлеуi басталды. 
Қазақстандағы тың игеру үдерiсi елдi көпұлттық қоғамға әкелдi. Жер 
байлығы игерiлiп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен 
кiтапханалар, мұражайлар бой көтердi. 
Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттiк универси-
тетiнде арнаулы факультет ашылып, кәсiби философия дүниеге келiп, 
олар зиялылар тобының iшiнде ерекше орынға ие болды. Сөйтіп, 
ұлттық тарихта классикалық философия дискурсының үлгiсiмен 
қалыптасқан философиялық ой-өрiс дүниеге келдi.
Қазақ философтары маркстiк парадигманың (үлгiнiң) шеңберiнде 
әсiресе 60 жылдары үлкен жетiстiктерге жеттi. Бiршама дарынды жас 
философтар жоғарыдан түсiрiлетiн «тапсырмалы тақырыптардан» 
бас тартып, сол кездегi саяси жағынан алғанда қауiпсiз логика сала-
сына назар аударады. Оларды айрықша көзге іліндіріп, дүниежүзiлiк 
деңгейге көтерген философия саласы – ол диалектикалық логиканың 
категориялық құрылымын байытып, тереңдетуге арналған зерт-
теулер едi. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан Ж.Әбділдин, 
А.Нысанбаев, М.Хасанов және олардың шәкiрттерiн айтуға болады. 
Философия мен жаратылыстану саласындағы байланыстарды зерттеуге 
Қ.Рахматуллин, М.Сәбитов, З.Мұқашев, А.Балғымбаев, В.Зорин, 
М.Изотов т.б. ғалымдар өз үлесiн қосты. 
Немiс классикалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған 
адам мәселесі, оның ерiктiгi мен жасампаздық iс-әрекетi, жаттану, т.с.с. 
мәселелерiн терең талдап, маркстiк тұрғыдан дамытқан көрнектi ғалым 
Қ.Әбішевтi және оның шәкiрттерiн ерекше атауға болатын сияқты. 
Қазақ философиясында ерекше орны бар тұлға – А.Қасымжанов
Ол алғашқылардың бiрi болып, Әл-Фарабидiң философиясын зерттеп, 
оны өз халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар өз халқының 
тағдыры, қазақ, жалпы түркi руханиятына арналған оның еңбектерi – 
ғалымнан болашақ ұрпақтарға қалған асыл мұра.
Философияның өзектi салалары саналатын этика ғылымының 
отандық философиядағы iргесiн қалаған Г.Ақмамбетовті, эстетика 
бойынша Б.Қазыханова, Қ.Нұрланованы және олардың шәкiрттерiнiң 
қызметiн атап кетуге болады.


319
Ендi әлеуметтiк философияға келер болсақ, қазақ халқының тари-
хына алғашқылардың бiрi болып философиялық сараптау жасап, 
көшпендiлiктен жаңа өмiрге өту үдерiсiн мазмұнды талдаған Д.Кiшi-
беков болды. Қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бiр өтпелi 
кезеңнен өту үдерiсiне байланысты ғалым бүгiнгi таңдағы өзгерiстердi 
сараптап, нақтылы да тиiмдi ұсыныстар бердi.
Қоғамның әлеуметтiк құрылымын терең талдап, бүгiнгi өтпелi 
қоғамдағы әлеуметтiк рестратификация (қайта құрылу) мәселесiн зерт-
теуге қомақты үлесiн қосып жүрген М.Әженовті және оның шәкiрттерiн 
атаймыз. Бұл тұлғаның философиялық кадрларды дайындауға қосқан 
үлесi де ерекше.
Қазақстанның кеңес заманында «халықтар достығының лаборато-
риясына» айналуына байланысты ұлтаралық қатынастарды зерттеуге
ерекше көңiл бөлiнген болатын. Бұл мәселенi зерттеуге қомақты 
үлес қосқан Н.Жанділдин, М.Сужиков, А.Айталы, Т.Сәрсенбаев, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет