Серік Мырзалы философия оқу құралы


түрлі мәртебелерге ие болып, тұлғаға айналады



Pdf көрінісі
бет320/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   422
Байланысты:
2 (1)

түрлі мәртебелерге ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен 
сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін 
балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, одан кейін 
мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, 
азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек 
ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, ары қарай 
шыңдала түседі т.с.с.
Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген 
ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция 
мен Мысырға турист болып барып, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың 
арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне 
мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды 
әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол – шындық. Олай 
болса, біз оны түсінуіміз керек.


483
Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. 
Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын 
келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың 
алдында болып келді, тек XVIII ғасырдан бастап, Батыс Еуропа 
капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, 
машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі 
таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) 
заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қарқынмен дамып келеді.
Шығыс қоғамының негізгі ерекшелігі – қауымдасып өмір сүрудің 
биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әрқашанда ұжымның 
шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы қажет. Рулық, 
жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. қауымдастықтың шеңберінде 
пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, норма-
лар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен 
қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде 
ұстайды, ол қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік 
әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер 
бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде құрылған. Жеке меншікке 
де Батыстағы сияқты толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда 
байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика 
бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол – 
негізгі қажеттіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық – рухани 
жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап, 
қорғау болып табылады. 
Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы 
бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы 
жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып арналарды қазып, 
суармалы егіншілікпен айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде 
ұзындығы 6000 шақырымнан артық «Ұлы қорғанды» соқты. Қытайдың 
ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін арнасы – 
олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте 
зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек 
жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі 
неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген 
абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс озбырлығы» 
деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет 
әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған.
Енді Батыс қоғамына келсек, оның негіздері сонау көне гректерге 
кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, 
жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет