99
III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті
аясындағы философия
§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим империясының құлауынан
бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі (V ғасырдан XIV
ғасырға дейін) уақытты жатқызады. Яғни бұл заман – құлиеленушілік
қоғамның дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп
өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі – белгілі өндіріс тәсілінің орна-
уында.
Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың
ойынша, Орта ғасырлар Еуропа топырағына христиан дінінің пайда
болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның
өзі бірқұдайлыққа (монотеизм) көшуменен,
философияда адам және
Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.
Сөйтіп, тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжыл-
дық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.
Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-
екі ауыз сөзбен айтып өтіп, ары қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар
тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға
жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани
езіліске түсуі,
ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұралап
қалуы ретінде суреттелген болатын.
Мұның негізгі себебі – Кеңес заманындағы Орта ғасырларды
атеистік (құдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау
болды.
Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатыр-
мыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине,
құлдық қоғаммен
салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар
байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды.
Олар жартылай ғана тәуелді адамдар еді.
Ғылым мен техникада да белгілі жаңалықтар орын алды. VI ғасырда
Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа
дүниеге келіп, кітаптар басылып, шараптан спирт шығарыла бастады.
1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп
ашылды. ХII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге
келді.
1215 ж. Париж университетінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы
Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде –
1725 ж., Қазақстанда – 1934ж.). ХIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле
100
бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасау қолға алынды. 1320
жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың барлығы
қоғам өмірінде алға жылжудың болғанын көрсетеді.
Ал Ортағасырдағы
рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап
өзгеріс – адам өзінің ішкі жан дүниесінде
рухты тауып, өзінің Құдаймен
байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа
түрінің пайда болуына әкелді. Ол –
сенім шеңберіңдегі философия,
рух саласын зерттеу философиясы.
Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия,
негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан,
адам тағдыры, ел
қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды.
Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі –
монотеистік
(бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу
ме, әлде көп пе деген ой шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы
жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал Плотин ғарышты «Көрінген
Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы
айтылды.
Екінші ерекшелігі –
креационизм (creatura – лат. сөзі, жасау,
жарату). Бұл – дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау.
Грек философиясында дүние әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я
болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, Аристотельдің «Мәңгілік
қозғалтқышы» аркылы түсіндірілсе, Ортағасырда дүние мен адам
Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды.
Үшінші ерекшелік –
Антропоцентризм (antropos – адам, centrum –
орталық). Грек философиясының негізгі мәселесі – ғылым.
Адам мен
ғылым бір-біріне қарсы қойылмайды, ғарыш макрокосм болса, адам –
микрокосм. Адамды қаншалықты дарыптеп биікке қойғанмен, ол
ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша, «адамнан
да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады:
мысалы ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзқарас Ортағасырда пайда
болды. Ол бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды,
өйткені оны Құдай өзіне ұқсас қылып, ерекше басқадан бөліп жасады.
Олай болса, ол – жаратылған дүниенің қожайыны, бәрінен де биік тұр.
Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде екендігі оған
үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза
ұстауға тырысуы керек.
Төртінші ерекшелік –
Құдайдың еркіне көну мәселесі.
Егер грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда
болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім
жасаған жоқ, ол мәңгілік болса, Ортағасырда, керісінше, адамға заңды
беретін – Құдай, адам оның еркіне көнуі (ешқандай қарсылықсыз)
қажет. Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жоқ.
101
Иса пайғамбардың өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардап-
тан өтіп өлді. Олай болса, адам да өзінің Құдайға деген сүйіспеншілігін
көрсетіп, Иса пайғамбар жасап кеткен жолмен жүруі керек.
Бесінші ерекшелік –
Құдайдың құдіретті көрегендігі. Егер грек-
тер тағдырға (фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен
шығатын болса, Құдай өзі жаратқан бүкіл Әлемді басқарып қоймай,
ондағы әрбір адамның – күнәлі, кемтар, данышпан болса да, жүріс-
тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға: «сұраса –
беріледі, іздесе – табылады, қақса – ашылады».
Достарыңызбен бөлісу: