Білім алушыларды жаңа тақырыпты түсіндіру үшін «Асық» әдісі арқылы топқа бөлу.
1 топ – «Билер»
2 топ – «Сұлтандар»
3 топ – «Ақсүйектер»
Тапсырма №1
Білім алушыларға берілген суреттер бойынша сұрақтар қояды:
Суреттердегі іс-әрекеттерді сипатта.
Суретте не бейнеленген?
Суреттегі жиналыс нені сипаттайды?
Берілген суреттер арасында қандай тарихи заңдылық байқалады?
Тарихи заңдылықтардың орын алуына не әсер етті деп ойлайсыз?
Тапсырманы орындау қадамдары Берілген суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді
Суреттегі іс-әрекеттерді сипаттайды
Қазақ хандығындағы хан сайлау, құрылтай жайлы сипаттайды
Берілген суреттер арасындағы тарихи заңдылықты анықтай алады
Тарихи заңдылықтардың орын алуын тұжырымдайды
ҚБ Оқытушы ауызша кері байланыс береді. Тамаша!
Жақсы!
Жарайсыңдар!
Қазақ хандығындағы мемлекеттің саяси институттарын сипаттай отырып, оқытушы топтарға мәтіндер таратып береді.
Мәтінмен жұмыс: «Айналмалы бекеттер» 1 топ: Хан және оның міндеттері мен құқықтары
2 топ: Сұлтандардың ел басқарудағы рөлі
3 топ: Билер мен батырлардың билігі
ҚБ Өзін-өзі бағалау «Термометр» әдісі Тапсырма №2 Жеке жұмыс А) Берілген мәтінді пайдалана отырып Қазақ хандығындағы «билік үштігінің» күшті және әлсіз тұстарын кестеге толтырады.
Күшті тұстары
Әлсіз тұстары
1.
1.
2.
2.
3.
3.
Тапсырманы орындау қадамдары Қазақ хандығындағы «билік үштігінің» күшті тұстарын анықтайды
Қазақ хандығындағы «билік үштігінің» әлсіз тұстарын анықтайды