Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет240/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

бойы ғалымның ғылыми еңбектерін жариялау, насихаттау түгілі, есімін 
атауға, әдеби шы ғармалар жазуға, тіпті Ұлттық ғылым академиясын 
құрудағы тарихи қам-қарекетін көрсетуге республика басшылары тара-
пынан жасырын түрде тыйым салған әділет сіздік орын алды. Бұл туралы 
масқара ай ғақтар мен материалдарды көптеп келтіруге болады... Тек 1987 
жылы ғана жөн-жосықсыз шектеу тоқтап, туғанына 90 жыл толуына 
байланысты Қазақстан үкіметінің «Қ.И. Сәтбаевтың есімін мәңгі есте 
қалдыру туралы» қосымша қарары қабылданып, ғалымның ғылыми мұ ра-
сын зерттеу, кең түрде насихаттауға жол ашылды...» – деген уәжі нің бір 
сөзін де теріске шығаруға болмайды. 
Ащы болса да кешегі өмірімізде жолды болған, осы жолдардың 
иесі де ұзақ жылдар өз басынан кешкен ащы шындық.
Қазақстан КП ОК-нен әділдік іздеген ұзақ әрекетім сәтсіздікке 
ұшыраған соң, амал қанша, сол ғұмырнаманы мен 1980 жылы 
Мәскеуде, Қаныш ағамыздың рухына адал достары П.Я. Антропов 
және Е.П. Славскийдің көмегімен орыс тілінде, Мәскеудің 
«Молодая гвардия» баспасының әлемге әйгілі «ЖЗЛ» топтамасы-
нан 100 мың дана таралыммен жарық көрді. Сол кітаптың құлып-
қа түскен ана тіліндегі алғашқы нұсқасы он жыл бойы қозғаусыз 
жатып, біршама ұлғайған көлеммен Алматының «Жалын» баспа-
сынан 1988 жылы жарияланды.
Ұлт тарихының дара тұлғасын ардақтау турасында Е.П. Слав-
ский 1981 жылы, менімен сұхбат үстінде: «Сіздер, Қазақстан-
дықтар, көңіліңізге келмесін, турасын айтайын, қандай ұлы 
адамды жоғалтқандарыңызды әлі сезінген жоқсыздар. Қаныш 
Имантаевичтің шынайы қадір-құрметін бұл ғасырда жете 
біліп, терең ұққандар қазірде тіпті азайды. Сірә, оған лайық әділ 
баға ХХІ ғасырда берілер, бәлкім, соның бас кезінде... – деп, Ефим 
Павлович қынжыла басын шайқап, сөзін былай түйіп еді. – Мен 
оны көре алмаспын. Бірақ нақ солай болатынына титтей де 
шүбәм жоқ!..»


629
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Маймөңкесіз айтқанда, Қаныш ғұламаның еңбегіне, асыл ру-
хына жасалған соншама қиянаттың түп себебі – «тоқырау зама-
ны» атанған уақытта ел билігін ширек ғасыр қолында ұстаған 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстан тарихында дара 
тұлға атанып бір өзі тұрып, өзгелердің елеулі еңбегін, есімін де ел 
жадынан сызып тастамақ болған өзімшіл ерсі әрекетінен өрбігені 
анық.* Бұл жерде оны қайталаудың жөні жоқ. Шындығында 
нақ осы келеңсіздік жайында, ҚР Президенті Н.Ә. НАЗАРБАЕВ 
1999 жылдың 25 қараша күні Павлодар қаласында Қ.И. Сәт-
баевтың жүз жылдық мерекесіне байланысты шақырылған 
мәжілісте: «Өздеріңізге мәлім, дарындыларды күншілдер қудалап, 
кемеңгерлерге күн көрсетпеген кертартпа қоғамда өмір сүрдік. 
Қ.И. Сәтбаевтың басынан кешкен түрлі сүргіндер, жазалаулар, 
ең аяғы ұлы еңбектің лайықты бағасын алмау себебі де осын-
да. Сондықтан да біз келешек ұрпаққа ұлағат ету үшін оның 
ғылыми еңбектерін, асыл сөздерін, ғұмыр жолын кеңірек на-
сихаттауымыз қажет, жас жеткіншектер біздің халықтан 
осындай алып тұлға туғандығын білуге тиіс... – деп өткен өмір 
шындығын бадырайта айтқаны жұртшылыққа мәлім. Елбасы сол 
күнгі мәжілісті былайша түйіндеген: – Менің кәміл сенген ойым-
ша, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – кешегі Кеңес Одағының ұлы 
адамдарының бірі ғана емес, жылнамаға көшпек ғасырдың ұлы 
тұлғасы. Данышпан перзентіміз Одақ көлеміндегі ең озық геоло-
гия мектебін берік қалап кетті. Қазақ қауымынан мұндай биік 
деңгейге көтерілген одан асқан тұлғаны мен білмеймін!..»
Бір жайт шүбәсіз анық: ғалымның өмірі алпыс бес жылмен 
шектелсе, мәңгілік ғұмыры туған халқымен бірге жасап келеді, 
әмсе солай жалғаса берсе игі!..
Иә, Қаныштай шын асылдың үлгі-ұлағаты ел жадынан өш-
пейді. Ғалымның шәкірті, Қазақстан геологтарының екінші 
толқынының аса дарынды өкілі, академик Шаһмардан Есенов 1969 
жылы: «Жыл артынан жыл өтер, уақыт керуені тоқтаусыз ілгері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет