12
Медеу СӘРСЕКЕ
Жәмiн қоя ды. Шәмшiқамар атты кенже қызы үш
жылдан соң
туыпты. Сәтекеңнiң шөбересi Fалым
тай Fазизұлы Сәтбаевтың
(1912-1999) осы кiтап иесiне ұсынған жазбаша естелiгiнде үлкен
атасының осы балаларды екi әйелден көр гендiгiн ескерткен...
Осы ауылдың көшбасшы ақсақалы ту ра лы екі дерек Қ. Исабай мен
С. Байжан жа рия лаған «Қажыға барған қазақтар» кi та б ын да келтiрiл-
ген: алғашқысы – баянаулалық тәуеп етушiлердiң 1901 жыл дың 31 жел-
тоқсаны күнi Ресейдiң шекара кеденiне берген ресми қолхаты; екiншi құ-
жат – Ақке лiн болысынан Меккеге
аттан ған сегіз адамның тiзiмi, үшеуi –
75 жастағы Иса Шорманов, 80 жастағы Сәтбай Шөтiкұлы Сатаев және 74 жас-
тағы Алтыбасар Жыл қыбаев сол сапардан туған жұртына оралмаған, үшеуі
де Меккеде опат болған.
ІІІ
Әлиманың денсаулығы ораудан тұрып, жай лауға шыққан соң
да оңала қоймаған. Әлбетте, дiмкәс ананың омырауы нәрестенi жа-
рыта алмаған. Балпаңдай толық,
ұзара өскен қарын шашы қалың,
басы бақырдай үл кен, көзiн аша алмай, жарыққа сығырая қараған
қызылшақа нәрестенi тұңғыш рет жерден көтеріп, кiндiгiн кескен
Кiшi ауылдың байырғы қоңсысы, жылқышы Қасеннiң келiншегi
Мейiз деген мейірманды кiсi екен. Ауыл
иесінің айтуымен сол ана
омыраудағы өз пер зентi нiң аузынан жырып, кiшкентай Қанышты
да емiз ген-міс.
Әкесi кексе, шешесi саркiдiр тартқан шағында жарық дүниеге
келген сәби, әрине, бүкіл ауылдың еркетотай сүйiктiсi болған.
Шыр еткен дыбысы шықса-ақ қолдан-қолға көшiп, үл кен-кiшi
жабыла өбектеп, есi қалмай күтеді. Әсiр есе анасы. «
Өз шешемдi
Достарыңызбен бөлісу: