Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет47/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

В.Н.-ның (Виктор Николаевичтің – М.С.) інісі Алек сей Николевич 
Белослюдовтың да әзірленіп жүргенін естідім. Семейге келген кез-
де ол маған География қоғамының мұражайын көрсеткен, өзі сон-
да бөлім басқарады. Ал А.Н. Белослюдовқа денсаулығын мық тап 
нығайту қажет, халі бізден гөрі ауырырақ... Ол да Баянауылдың 
көркем табиғаты, жомарт елі бізге жайлы болатынын төндіре 
мақтап, көңілімді алабұртып бақты.
Жолшыбай тәтеміз И.И. Плещееваға соғып шай іштім. Ол кісі 
де казак-орыс станицаларында жағдайдың қазір мәз емесін, ты-
ныш заманның өзінде сол шіркіндердің жөпшенді кісіге қайырым 
жасамайтынын есіме салып, көңілімді қонақжай қазақ даласы-
на баруға бұрып бақты... Сонымен үй-ішіммен ақылдаса келе мы-
надай тұжырымға тоқтадық: 1) қалада сүзек басталған, демек 
күйіп тұрған Алашта қалу мейлінше қауіп ті; 2) геологиялық 
базаның үйіндегі жағда йымыз мәз емес – бір күні көшеге шыға-
рып тастауы мүмкін; 3) ақшада құн жоқ, жа лаң айырбаспен күн 
көру – сенімсіз тір лік... Сондықтан, не көрсек те тәуекел деп
қырға баралық дестік. Ал жол тауқыметі қиын сияқты. Амал 
қанша, құдайдың маңдайымыз ға жазғанын көреміз».
Шiлденiң 13-і күнi кешке таман Семейден кемемен аттанған 
жолаушылар Павлодарға бiр жарым тәулiкте келiптi. Алайда 
уезд орталығында ойламаған кедергіге кезігіп, едәуір бөгелген. 
Бұрынғы земство жолының жағдайы төзгісіз халде: жегiн аттары 
әбден арыған және өте аз; сол себепті бекеттер арасындағы ат ай-
даушылар ең алдымен үкiмет өкілдерін жет кiзедi, ал өздерiндей 
қыдырмашыларға зарыға күтуге тура келедi... Сол себепті екiге 


113
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бөлiнiп, әрқайсысы Баянауылға дейiн өз бетiмен жетуге уағ-
даласады. Бiр тәуiрi, профессор Усовтың жер зерттеушi деген рес-
ми куәлi гiнiң септiгi тиiп, Сәтбаев пен Белослюдовтан оның үй-iшi 
бiр тәулiк бұрын аттанған...
Қайдауыл бекетi, 19 шiлде (сейсенбi): «...Бекетші жолға атта-
нуды сағат 13-ке дейiн созды. Бiзге қойылған самауырдың суы да 
сонша уақыт қайнады. Шөлдегенiмiз сонша, тiлiмiз таңдайға 
жабысып қалды. Ми қайнатқан ыстық сағат сайын күшейе 
түсті, ауаның құрғақтығы қу жанды шыдатар емес. Бекеттiң 
iргесiнде тұратын орыс әйелiнен Катя (Екатерина Филимо-
новна – Усовтың жұбайы – М. С.) сүт сатып алып, қазақ бәй-
бiшесіне ине сыйлап, бiр тарелка бауырсақ иемденгені жақсы 
болды, сонымен оразамызды аштық. Жолға алып шыққан наны-
мыз көгерiп кеттi, ендiгi қорегiмiз – кепкен нан мен ыстықтан 
ери бастаған сұй ық май... Ақыр аяғында қырық құрсау ескi ар-
бамен жолға шықтық. Қозғалған сәт 
те-ақ ортаға жегiлген 
асау ат әлденеден үркіп шаба жөнелді. Бiр үймеге жеткенде 
жалт бұрылып, арбаны төң керiп тастады. Бiздi де бiр аз жер-
ге сүй рет тi. Дес бергенде мертiк кен нен аманбыз. Қол-аяғы мыз 
тырналып, кей жерi мiздiң терiсi сыдырылғанын бастан құлақ 
садаға дедiк. Бесқұдық бекетiнде кездескен кешегi жол серiгiмiз 
жарақатымызға йод жағып таңып берген соң іле аттандық...» 
Сол күні күнделіктен: «...Жамантұз бекетiне үш шақырым 
қалғанда арбаның артқы доңғалағы қирап, айдалада шоңқиып 
отырып қалдық. Мезгiл кешқұрымға тақаған уа қыт, күнбатыс 
шептен алашабыр бұлт пай 
да болса да, әуе айналып жерге 
түскендей қапырық ыстық басылар емес. Шөл та ғы да қыса бас-
тады. Мұндай шарасыз жағдаятқа бұрын-соңды тап болмаған 
едiм, жаным күйреп, қатты қамықтым...»
 Усовтың үй-iшi кеш бата әупiрiм деп Жамантұзға жетедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет