Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет50/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   244
ағасының отау үйiнде қонақ болдық. Ерекше инабатпен жақсы 
күттi...» 
2 тамыз (сейсенбi): 
«Өзендi өрлеп, порфириттер мен фильзит-
терден (тау жыныс тары – М.С.) құралған жотаның бөктерi нен 
бүлдiрген теруге бардық. Әйелдер мен балалар тарантаспен бар-
ды, ал еркектер салт атпен. Бүлдiргендi аз тердiк, биыл жөндi 
шықпапты, бірақ едәуiр жерге бой жазып қайттық... Түнде күн 
күркiреп, сiр кiреп жаңбыр жауды». 
Бейсенбi, 4 тамыз күнгi жазу тым қысқа: «Кешке таман 
Баянауыл ауданының милиция бастығы келiп, құ жат тарымыз 
бен жол қағаздарымызды тексердi. Ә.З.-ны әлдебiр шатақ iс үшiн 
ауданға шақыра келгенiн естiп, қатты қамықтық...». Келесi 
күн бұлтты болып, күні бойы жаңбыр жауыпты. Сәтбай ауылы 
сол күнi Ақши өзенiнiң жағасына жұрт ауыстырған. «...Арбаның 
дертесiн көтерiп, оған шаңырақты сүйеп, жан-жағына жүк 
теңдерiн қаумалап үйiп, соның бәрін сыртынан қабаттап киiз 
жауып, уақытша баспана тұрғызып бердi. Үй-iшiмiзбен түгел 
сыйдық, қысылмай жатып, рахаттана ұйықтап шықтық...» – 
дептi күн делiк жүргiзушi.
6 тамыз (сенбi): «Саумалкөл аталған батпақты көл жағасына 
келiп жайғастық. Ауыл iргесiндегi жота жоғарғы карбон дәуiрiнде 
жаралған әктастан тү зiлген, кей тұсы құмға айналып мүжiле
бастапты... Түс ке таман, Баянауылға аттанбақ Ә.З.-дан бас-
қамыз, осы көлдiң арғы шетiнде отырған Зында Шормановтың 
ауылына қонаққа бардық. Оны Ертiс тiң сол жағасындағы қа-
зақтардың ең байы деседi, иелiгiнде 1500 жылқы, 1000 қойы бар 
екен, бiрақ сараң болса керек, үй жиһазы жұтаң, бiзге сойғаны – 
кәрi саулық. Ал бауырсағы мол болды, шай iшкенде дастарханға 
одан өзге ештеңе қойған жоқ...»
Бір сүреңді күндер мен түндер керуендей баяу жылжып өтiп 
жатыр. Қонаққа күн сайын барады, өздерi де жиі шақырады. 
Сәтбай қажының екi ауылында қаншама шаңырақ бар, бала-шаға 
болмаса, солардың бiрде-бiрi бос отырмайды, бәрiнiң мiндеттi 
шаруа сы жетiп артылады – қолындағы азын-аулақ мал қамы, 
соны бағу, жиі-жиі мазалайтын бөріден қору. Өйтпесе тіршілік 
қорегін қайдан табады?


122
Медеу СӘРСЕКЕ
Жат жұрт тық қонаққа ауыл иелерi әбден үйрендi, ауыл ада-
мындай көрiп, күйбең тiрлiктiң оны-мұнысын жасырмайтын бол-
ды...
9 тамыз (сейсенбi): «Күн ашылды. Қа ныш келдi, жолшыбай 
Зында Чурмановтың ауылына түнептi, жылы күртешесiн ұр-
латып алыпты. Кешкi асты соның отауында iштiк...»
Кiшi Сәтбаевтың келуiмен қонақтардың дағдылы тiрлiгi күрт 
өзгерді. Содан бiр күн бұ рын Әбiкей Зейiнұлы Баянауылдан аман-
есен оралған, ОГПУ-дың қырағы тер геушi лерi түкке тұрмайтын 
күдік үшiн бекер әурелеген. Айтуынша, жайлаудағы жұрт қа азық-
түлiк салығын төлемеңдер деп терiс-қағыс үгiт айтқан-мыс... 
12 тамыз күнгi күнделiкте: «Күн күркiреп, най 
зағай ойна-
ды. Қаныш бiзге концерт көрсеттi, соңынан бәрiмiз қосылып
кәдiмгiдей хор жасап, кешкi ас пiскенше ән шырқадық», – деген 
ақпар айтылған. 
Бес күннен кейiн өнерпаз жастар өнерiн қонақтар тағы да тама-
шалайды, тек бұл жолы бiр бөлiмдi сықақ ойынды қызықтапты. 
Оның аяғы Еуро паша әзiрленген кешкi асқа ұласыпты. 
13 тамыз (сенбі): «Бір қауым кісі боп, әйелдерді де ертіп
Чурмановтардың үл 
кені, әкесі полковник шенін алған Сәдуа-
қас Мұсаұлының ауылына қонаққа бардық... Өр көкірек Зындаға 
қарағанда, бұл ақсақал кішіпейіл, тұрмысы тәп-тәуір, дастар-
ханы да молырақ. Еуропалық рәсімді сақтауға тырысады, үстел 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет