Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет48/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   244
 «...Бұл бекетте бізді аса зарықтырмай, атты бөгеусiз жектi. 
Тiр кеу кiтабына қол қойғанымда өзiмдi осы сапарға еліктірген 
серiктерiмнiң маған қалдырған хатын тауып алдым: сөйт сем, 
Ә.З. мен А.Н. Жамантұздан кеше кеш кiлiк те, бiзден сәл бұрын ат-
таныпты, ал Қалқаман бекетiнде тiптi ұзағырақ оты рыпты... 
Олар да жегуге ат таба алмай, Ермакта (қазіргі Ақсу айлағы – 
М.С.) көп уақыт тосып, ақыры 18.06. күні шығыпты...
21 шілде (бейсенбі): «...Баянаула сі ле мін таң ағара көрдік. 
Анығында Қайдауыл бекетінен аттанған кезде-ақ мұнартқан 
8-0196


114
Медеу СӘРСЕКЕ
тау сілемін аңғарғанбыз. Енді міне, Қарасордан шыққалы көк-
жасыл тау реңі айқындала түсіп, соның баурайына тезірек 
жетуге ынтық болдық... Қарасордан ат ауыстыр ған Сәтбаев 
пен Белослюдов қайда тоқтайтынымызды ескерткен хат қал-
дырыпты. Жәмшік киргизға бізді кешіктірмей жеткіз деп тап-
сырыпты.
Тау бөктеріне ымырт үйірі ле бастаған кезде жеттік. Екі ат 
та болдырды, жаяу жүруімізге тура келді... Ә.З-ның хаты бойын-
ша Баянауылда ха лық соты болып істейтін немере інісі Қаныш 
Сәтбаевтың пәтеріне жетіп, ауыр сапардың қиын бөлігін артқа 
қалдырғанымызға тәубе дедік...»
* * *
Етегіне қалың қарағай өскен биік жартас тың желкесінен көлге 
қараған профессор Усов ойланып қалды. Кеше бір сөзінде жас су-
дья: «Жасыбай көлі халықтың көз жасынан жаралған деп біздің 
ел аңыз етеді. Жай Жасыбай емес, жасқа бай Жасыбай», – деп еді. 
Шынында да солай ма?.. Сұ лулығына көз тоймайды. Қай тұсынан 
қарасаң да – таңғажайып сурет. Жағадағы жартастар мөлдір көл 
түбінде діріл деп; ну қарағай қа ра ормандай сап түзеп; төңкерілген 
көк аспан тереңнен қайта мөл діреп; соның бәрін қаз-қалпында 
қайыра бейнелеп, көз тұндыр 
ған айна көл. Бейне бір сырлы 
аяқтың тү бін де тұнып қалған мөлдір тамшы дер сің. 
– Бұл көл үшін қазақ пен қалмақ жұрты талай мәрте кес-
кілескен. Көлдің әуелгі аты Шойын екен. Қалмақ елі оны Шойын 
деген ба тырына еншілеп беріп, «аты да, заты да сенікі» деп күн-
түн күзеттіреді-міс. Күн 
дер 
дің күнінде одан қазақтар тартып 
алады. Кек сақтаған Шойын жасырын келіп, ұйықтап жатқан 
Жасыбай мен оның айнымас се рігі Киік мергенді садақпен атып 
өлтіреді, – деп сыр шерткен-ді кіші Сәтбаев.
Кеше кеште жаңа танысымен Жасыбай асуына барған. Батыр 
жерленді деген жертасты да көрді. Шоқтығына бір топ қайың 
өскен биік асу. Соның үстінде ұйықтап кеткен алып кісіге ұқсаған 
үйме тас. Әлденеше ғасырлар бойы су шайып, жел ұңғып, осындай 
пішінге келтірген. Өзін мейірбан пейілмен қарсы алған бауырмал 
елдің қиялмен өрген аңызын ғылыми нанымсыз деп салған жер-
ден жоққа шығаруға дәті бармады. Көл жағасына қайтып келе 
жатқанда ғана, жас кезінде, 1906 жылы, ұстазы, атақты жиһангер 
В.А. Обручевпен Жоңғарияға жасаған саяхаты жайында көл-көсір 
әңгіме шертті.


115
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бір күні біз иесіз далада таңғажайып қа лаға тап болдық. Қала 
болғанда қандай?! Жары са салынған көшелерде есеп жоқ. Қаз-қа-
тар сап түзеген үйлері де керемет. Бойы сора й ған мұнаралар да мол. 
Аумағы ат шапты рым кең алаңдарда серейіп тұрған ескерткіш-
тер қаншама десеңші! Қоржиған аю да, жоны кү дірейген жол-
барыс та бар, қашып бара жатқан дала аңдары бейнеленген кес-
кіндер ше?! Ат басы, дулыға киген адам басы, қарауылда тұрған 
арқардың құлжасы, түйелі керуен... Бірінен-бірі асып, сап түзеген 
алуан мүсіндер. Жер хайуанаттарының түр-түрі 
нен мұрағат 
жиған зоологиялық мұражай дерсің құдды. Бәрі нен де ғажабы 
сол – қаланың өлі күйі еді. Оның тас көшелерінен бірде-бір тірі 
пенде иә жән дік кездестірмеуіміз бізді әр алуан ойға бөлеген-ді. 
Әлдеқандай бір апаттан соның бәрі қас қағымда мерт болып, тас 
бейнеге айналып қатып қалғандай... Шын дығында, бұл қа ланы 
миллион жылғы үздіксіз процесте жел мен су түзеген, адамзат 
әрекетінсіз-ақ шебер табиғат өзінше мүсін деген. Сол себепті Эол 
деп жел құдайының есімімен атапты...
Профессордың әңгімесін Қаныш үнсіз тыңдаған. 
Михаил Антонович, біздің Баянауыл төңі 
регінде ондай 
тас қалалар жоқ, бірақ, өзіңіз айтқандай, әр түрлі хайуанаттар 
бейнесіндегі тас мүсіндер өте көп. Кейбірін көрсетуге болады, – 
деді сәлден соң.
– Әлбетте, бүгін емес, Қаныш шырақ...
– Мақұл, қалауыңыз білсін.
Профессор жас серігінің албыраған нұрлы жүзін есіне алды. 
«Бір көргеннен-ақ өзіне ба у рап алатын мейірбан адамдар бола-
ды. Мы на судья да сондай жаны жомарт жас, – деп ойлаған-ды 
Усов. – Сөзіне бе кем, тиянақты жігіт сияқты. Жап-жас қалпымен 
қазылық жұмысқа қалайша келіскен? Түсініксіз гәп. Мұндай жас 
cудьялар жазу-сызуы, заң-қарары баяғыда қалыптасқан орыс, 
Еуропа жұртында да жоқ. Сірә, бұл да сыры өзіне беймағлұм дала 
халқының жұмбақ мінезінің бірі...»
Қапелімде алыс қиянға аттанып, соның азабын апта бойы үй-
ішімен тартқанда, қаншама қапа болды. Шыдығында жол бейнеті 
артығымен өтелді. Кешелі-бүгінде Баянауланың іші-сыртын ара-
лап, Сабындыкөл мен Жасыбайдың саф ауасына мейірі қанып, 
көптен бері көрмеген, кешпеген рахат сезімге бөленуде. Соның 
бәрінен де қазақ даласынан қаншама жаңа достар тапқанын 
айтсаңшы! Семейге келгенде ат басын тіреген жері – мұғалімдер 
семинариясының шағын бөлмесі еді. Сонда жатып мейірбан жүзді 


116
Медеу СӘРСЕКЕ
екі азаматпен кездейсоқ танысты. («Губерниялық оқу бөлімін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет