Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет45/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

Адам адам болғалы,
Бұл қуаныш болған жоқ.
Жер-дүние орнап тұрғалы,
Мұндай сәуле жанған жоқ...
Өнер көрсету кезегі одан әрі, о күнде нұр-жүзі таймаған уыздай 
жас, күлім көз, басына шәлі салып, қолына гармонь ұстаған сұлу 
келіншек көп алдында майысып тұрып:
Қызы едім Уәлидің Майра атым,
Тартады бозбаланы магнитім, –
деп, көмейіне жез қоңырау байлап алғандай сыңғырлаған үнімен 
даланы күм бірле тіп ән шырқағанда, қол соғып, қамшысын қо-
нышына құшырлана ұрмаған бір жан болсайшы. Әсем әнге елті-
ген жұрт еліге дуылдайды. Ойынды қызықтаушылардың кәрісі 
Жаяу Мұса да шыдап тұра алмай, қолына домбыра алып:
Қара басып ерте туып қалғаным-ай,
Күн күліп, қақ төбеден туғанда ай!
Жауыммен белді шешіп айқасар ем,
Түсіріп төбесінен найзағай-жай!.. – 
деп әндетіп қоя беріпті-міс.
Көбей шілігінде өткен тойға жиналған көптің ұлан-асыр қуа-
нышы Семей губревкомына жолданып, «Степная правда» газе-
тінің 1921 жылғы 19 маусымдағы санында жа рияланған жедел-
хатта: «Кирреспубликаның мерекесiне арналған, бес мың адам 
қатысқан Баянауыл ауданының жиыны ғасырлар бойғы езгi 
қамытын сыпырған қазақ халқының азаттық тойы үстiнде 


108
Медеу СӘРСЕКЕ
шынайы шаттанған көңiлмен әрi зор мақтаныш сезiммен сiз-
дерге жалынды сәлем жолдайды. Губерниялық өкiметтi бiздiң 
жиын өзiнiң барлық күш-қажырын Кирреспубликаның гүлденуi-
не арнайды деп кәмiл сендi редi. Жиналыс сiздерге де ал да тұр-
ған ұлы iсте, жас қазақ мемле ке тi нiң iргесiн нығайту жолында 
автономи я ға басшылықты табандылықпен жү зе ге асырады деп 
сенiм бiлдiредi. Жиналыс а ты нан Сәтбаев, Жү нi сов, Боштаев, 
Әдi мов, Жантемiров», – деген уытты сөздермен бейнеленген.
Ел мүддесі мен жер бірлігін көздеген жанкүйер жандардың 
тынымсыз әрекетi жеңiспен аяқталды. 1922 жылдың 26 қаң-
тарында ВЦИК қабылдаған «Кирреспубликаның шекарасы ту-
ралы» қаулысына сәйкес, ресей лiктер даулап жүрген терiскей-
шығыс 
тағы ұлан-байтақ жерлер Қазақстан қарамағына бiр-
жола көштi. Рас, жоғалтқанымыз да аз емес: Омбы, Орынбор, 
Астрахань (Астархан), Саратов қалалары iрге тепкен ежел 
гi 
ата қоныстарымыздан, Қорған қаласының төңi регi мен Тобыл 
бойындағы жайлауға шы 
ғатын шұрайлы жерлерден, қазiргi 
Алтай өлкесiндегi Құлынды даласы сияқты шалқар өрiстерiмiз-
ден айрылдық... Десек те, саяси ғана емес, тарихи, жағрафиялық 
мәнi жөнiнен де ұтысымыз ұлан-асыр. Бұл, тегiнде, күнi бүгiнге 
дейiн игi лi гiн қазақ елi көрген, лайым әлi де көре бермек тари-
хи ше шiм болғаны даусыз! Сол тартыста пиғылы тар, өзiмшiл 
әрiптестерiн тiзе бүктiрген Алаш арыстарының ерлiгi мен бi-
лiк тiлiгiне, кемеңгерлiгiне ерiксiз сүйсi не сiң. Ленин сынды ай-
бынды, азулы көсем нiң алдында қасқайып тұрып, ел мүддесiн 
мәндi айғақтармен қорғаған Ә.Ә. Ермеков бастаған қайсар 
жандардың қажыр-қайратына қайран қаласың (амал қанша, сол 
жандардың бә рi де 37-жылдың нәубетiнде «халық жауы» атанып, 
жер жастанды). 
(ҚР ҰFА Тарих институты шығаратын «Отан тарихы» журналының 
1999 жылғы №1 санында новосiбiрлiк зерттеушiлер М.П. Малышева мен 
В.С. Познанскийдiң «Қ.И. Сәтбаев туралы бір деректi қайыра оқу» деп 
атаған көлемдi мақаласы жарық көр дi. «Бұл жарияланымның мақсаты 
– Сібір ревкомы мен Қырғыз (Қазақ) АССР-нің ұлттық-территориялық 
шекарасын 1919-1922 жылдарда межелеу тарихын зерттеу кезінде өзіне 
мәлім болған көптеген айғақтарға сүйеніп, Медеу Сәрсекеевтің көрнекті 
ғалым туралы 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген тағылымды кітабында 
тұңғыш жариялап, жұртшылық назарына ұсынған соны деректің жазу-
шы сипатынан гөрі мән-мағынасы ауқымдырақ екенін ашу... Жазушы өз 
кітабында тәптіштей жазған қызықты дерек, шынын айтқанда, бізге осы 
тақырыпты одан әрі тереңдете зерттеуге мұрындық болғанын ескертуге 


109
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тиіспіз. Ақырында біз өзіміз іздеп тапқан мұрағаттық және баспа бетінде 
жарияланған өзге құжаттарды саралап, шекара жөніндегі тартысқа 
қазақ қаламгері даралап көрсеткен Қ.И. Сәтбаевпен қоса бірталай ұлы 
қайраткерлері белсене қатысқанын анықтадық...» – деген кіріспемен бас-
талған мақала Баянауылдан жолданған жеделхат мәтінін осы жолдар иесі 
ұсынған түрінде қайталап, жедел хабар соңындағы сөздердің мәнін одан әрі 
тереңірек ашуға арналған.
Ресейлiк ғалымдар Қазақ елі тарихының осы күнге дейiн қауым назары-
нан тысқары болған жабық беттерiн түре ашып, Қазақстанның шекара шебi 
үшiн болған айтыс-тартысты, оған қатысушылар әрекетiн нақты құжаттар 
арқылы көрсетiп, ғылыми тұрғыдан жүйелей саралаған. Әсілі, «Сәтбаев» ғұ-
мырнамасының соңғы басылымдарында қо сыл ған деректердiң кейбірін біз 
новосiбiрлiк екi ғалымның осы мақаласынан және Семей МУ-інiң баспасы 
1999 жылы шығарған М.П. Малышеваның «Сiбiр мен Қазақстанның ұлт-
тық-территориялық шекарасын белгiлеу (1919-1922 жж.)» атты моногра фия-
сынан алғанымызды ескертеміз).
* * *
Тынымсыз әрекет үстінде күн дер мен түндер шапқан аттай 
зымырап өтіп жатыр. Бір жылдан аз-ақ асқан қысқа мер зімде 
қаншама игіліктер жүзеге асты. Жас азамат іс үстінде танылды, 
әлеумет жұмысына ысылып, едәуір тәжірибе алды, көп алдында 
қымсынбай сөйлеуге тіл ұстартты. Бәрі нен де пайдалысы, үнемі 
оқу соңында жүріп өзі елемеген, бәлкім, балалықпен ескермеген – 
қалың бұқараның, еңбекші елдің тұрмыс-халімен жете танысты, 
мұң-мұқтажын түсінді... Сахара жұрты өз ауылындағыдай еркін 
тұрады, еңбек етсе – қарны тоқ, көйлегі көк, көңілі көкте деп ой-
лайды екен. Даланы жайлаған теңсіздік пен кедейліктің шынайы 
сиқын ол судья болып ел аралағанда көрді. Жуандардың, әлділер-
дің озбырлығы мен неше түрлі айуандығын білді. Қиянаттың да 
ал уан түрлері болады екен. Ел өміріндегі жаңалықты кім дердің 
шынайы жақтап, кім дердің ішінен оқ атып сұқтана қарайтыны да 
оған енді өзге қырынан танылды.
Денсаулығы бұл кезде едәуір оңалып қалған. Қыр ауасы шипа 
болды, көңілі де сергек. Біржола сауыққан сияқты. Әсіресе 
бұған ол 1921 жылдың көктемінде губхалсоттың шақыруымен 
Семейге барған сапарында мүл дем иланды. Бұрнағы жылы өзінің 
тағдырын бір Алланың жазуына сайған дәрігер Разумов кеудесін 
ұзақ тыңдап, ақырында таңданған жайын жасыра алмай: 
– Ғажап! Ғажап! Сірә, көрер жарығың, жас жігіт, әлі де көп 
екен! – деген-ді. Сол сөзімен-ақ науқастың көкейіндегі барлық 


110
Медеу СӘРСЕКЕ
күдік, сенім сіздікті айқара түріп тастағанын бейкүнә емші сез-
ген жоқ-ты. – Өкпең дерттен арылыпты. Бір жола демеймін, бірақ 
бұрынғы кінәрат жоқ. Шіркін, Баянауыл жері... Өкпе дертіне 
шалдыққандар емделетін жан саясы-ау нағыз!..
Семейден ол әрі қуанып, әрі ойланып қайтады. Қуанышы – 
кеудесіндегі ауыр дерттен құтылғандығы, көңілін алаңдатып, 
өрісін ұзатпай жүрген ау ру дың әрі қараған жайы. Ойланғаны – 
алда ғы өмір қамы. Бүгінгі барлығына, бір күн гі ма н сап-атаққа мәз 
болып жүре беру ме?.. Әл де тыныс-талабы бұрынғы замандар ға ұқ-
са май тын жаңа өмірдің ағысына лайық қа ре кет іздеп, болашаққа 
қам жасағаны жөн бе?..
Губерниялық сот алқасы өзін текке шақырмапты: «Орыс 
тіліне аса жетіктігіңіз, тапсырылған 10-учаскенің жұмысын 
ерекше ықтиятпен және адал атқарғандығыңыз бізді сүйсінте-
ді, – деген-ді сот алқасының төрағасы сөзін жұмбақтай сөйлеп. – 
Осының бәрі сізге, Сәтбаев жолдас, ауылдық жерде емес, губер-
ния орталығында, айталық, сот алқасының мүшесі болып қызмет 
атқаруға міндет артады...»
Жиырма екі жастағы ха 
лық сотының көз алдына кенет 
Баянауылдағы кеңсесінде қаралмай жатқан арыздар кес-кестеп, 
әлден-ақ қағазбастылыққа көмілген шарасыз жағдайын қамыға 
есіне алды. Мансабы жоғарылап Губхалсотқа ауысар болса, 
солардың көле мі еселеп өседі. Ал өзі соның бәрінің ақ-қарасын 
айырып, үштен екі сі өтірік жала болып шығатын арызқойлардың 
қасақана ұйымдастырған дау-шарына төрелік айтуға жас 
ғұмырын сарп етуге тиіс. Жоқ, сегіз жыл ұдайы оқу соңына түс-
кенде, сірә, қас қыр жеп кеткен көтерем тайыншасын бақталас 
көр ші сінен даулаған пасықтардың арам пиғылын қанағаттандыру 
үшін жүрмеген шығар? Сондықтан да ол сот төрағасы ұсынысына 
«ойланайын» деген желеумен қашыртқы жауап айтып, әрең 
құтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет