Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет57/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244
арба да ала бардық– деп куәлік етеді ғалымның туысы Тәрмізи 
Имантаев. – Ертерек келіппіз, бір аптадай күттік. Қайтып ке-
туге ерік жоқ. Өйткені Қанкең «Усовсыз қайтпа!» деп шегелеп 
жіберген. Содан бір күні күт кен қо нақтарымыз да келді: Михаил 
Антонович әйелімен және екі профессор орыс үй-ішімен, жиыны 
алты адам, Семейден бастап келген өзіміздің Кәрім ағай...»
«Усов деген кісі арықтың тарамыс қатпасы, ұзын бойлының 
да шаршауды білмейтін біржосын тынымсызы, – деп әңгімелейді 
Нұрлан Қасенов сол күндерді есіне алып. – Екінші келгенінде 
денсаулығы күйлі болып, бір күн тыныш жатқан жоқ. Қасындағы 
екеу де дүние оқуын тауысқан дөй кісілер, аты-жөн 
дерін 
ұмыттым. Әйелдері үйде жатады, күні бойғы ермектері – ұйқы 
мен кітап, өзен жа ғалап гүл теру. Ал күйеулерінде дамыл бол-
майды: тау-тас кезеді; күрек-қайлаларын көтеріп жүріп, жер 
қазатын көмекшілері – біздің ауылдың жігіттері. Қанкежанды 
да қастарынан бір елі тастамайды... Әй, сол жазда біз шықпаған 
бұл өңірде тау қалды ма екен? Нияздың биік шоқылары, Әулиетас, 
сонау Қалмаққырған, Үкілі, Жы лан ды... Осылардың бәрінің ба-
сында Усов қалдырған белгі қазықтар бар...»


140
Медеу СӘРСЕКЕ
Қадірлі қонақтардың демалыс уақыты бітіп, үйлеріне қайта-
тын болды. Қаныш та жылы жаққа ұшуға әзірленген құстардай 
мазалансын: ыстық жар құшағы; тілі шыға бастаған тұңғыш 
перзенті – сүйкімді Ханиса; тыныштығын бағып, құлдық ұрып 
отырған туған ауылы, қимас үлкендер; бәрінен де жатса-тұрса 
уһілеп, бір жалғыздан кенже сінің саулығын тілеген қарт әкесінен 
оқуға аттануға рұқсат сұрау...
– Бір жылға кеңшілік береміз, студент шы 
рақ. Ауылыңда 
қалып, денсаулығыңды күйт те, – деп Томнан келген ұстаздары 
өз шешімдерін сот үкіміндей кесіп айтты. – Имантай ақсақалға 
сөйтеміз деп уәде беріп қойдық, қадірменді қартты сыйлау ке-
рек. Бұл бір. Екінші, Томның тұрмыс жағдайы әлі түзелген 
жоқ. «Сақтансаң – сақтаймын!» дегенді ұмытпа, тегінде, Қаныш 
шырақ. Ал өз курсыңнан кейіндеп қалмау жайын бізге қалдыр. 
Институт ректоры, профессор Н.В. Гутов скиймен бұл жайында 
өзіміз келісеміз...
Сөйтпеске амалы болмаған. Тиісті оқулықтар мен құралдарды 
ұстаздары дайындап береді. Оларды ауылына жеткізіп алу – 
студенттің өз міндеті. Тыңғылықты дайындалса екінші курстың 
теориялық бағдарламасын осында жатып-ақ меңгеруге бола-
ды. Практикалық сабақтарды, әрине, келесі жы лы, институтқа 
оралғанда өтеді.
Әңгіме осымен тәмам болып, Усов серіктерімен суық Томға 
қайтты. Құстар жылы жаққа... Қанаты қайырылған қырандай 
еріксіз ділгер болған шәкірт шарасыз тағдырына бойсұнып ауы-
лында қал ды. Қолынан бірақ кітап түспейді, ұйықтаса да соның 
бір-екеуі жастығының астында жатады. Бұрынғыдай серуен-
ге елігіп саят құруға, ауыл қыдыруға да ынталы емес. Көшпелі 
ауылдың мезі тірлігіне, мал күтіп, шаруа жайлауға икемі бұрын 
да шамалы болатын. Ал қазір?..
Сол күндерде ол өзінің ғана емес, туған ауылының, ел-
жұртының тірлігіне де көз жүгіртіп, қиялға да ерік беретін. 
Қазан төң ке рісі жаппай теңдік жария еткенімен, қазақ сияқты 
замана көшінде кенжелеп қалған халықтар тұрмысына нендей 
өзгеріс әкелді? Қазақ ауылының тірлігі бәз-баяғы қалпында – 
жаз жайлауға көшеді, қысты әр жерге тарыдай шашылған ескі 
қыстауда өткізеді: қыр елі нің бүкіл тіршілігі осы – алдындағы 
азын-аулақ малдың, ертеңгі қоныстың қамы, дала түгінің 
шығымы, өріс жайы... Не деген ауыр тірлік, сорлы өмір?!.. «Қа-
лың елім, қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті мұр-
тың» деп Абай хакім айтпақшы, қашанға дейін тірлік, мұратты 


141
ШЫҒАРМАЛАРЫ
төрт түлік мал қамына байлап күн кешеміз? Қашанға дей ін қазақ 
халқы көшпелі тіршілікпен кү 
нел 
теді? Отырықшы болған ел-
дер, әне, қандай қиырға шығып кетті, өздері қайда қал ды? Жоқ, 
ертелі-кеш көшуден тыйылмай біз дің халыққа өнер де, өсу де 
жоқ. Бұл жайды, обалы не, газеттер жазып-ақ жатыр. Оқы ған 
азаматтар соған үн қосып, кейбірі үлгі көрсетіп, өз ауылдарын 
отырықшы тұр мысқа көшіріп жатқандары да бар деседі. Абай ба-
лалары қалаға жақын жерден қыстау алған. Мұхтар Әуезов пен 
Даниял Ысқақұлы (Абайдың немере інісі) бір топ түтінді Шың ғыс 
сыртына, Бақанас бойындағы шұрайлы жерге көшіріп апарған. 
Қалашық салып, өзеннен су шығаратын арық жырғызыпты, 
сiрә, егiн салуды машық етпек. Бұл – отырықшы жұрт болудың 
алғышарты... 
Қаныш та өз ауылының үлкендерiне сыпыра көшуден тыйы-
луды, шаруаға қолайлы сулы, нулы қоныс тауып, жөндем қыстау 
салып, мектеп ашып, отырықшы ел болуға үгіттеп бағады. Қарт 
әкесi де, болыстық мансаптан құтылып, кәперетіп басқаруға 
көшкен ағасы Бөкеш те ұтымды ақылға қарсы болмайды. Ақыры, 
күзге таман қажыға қарасты екi ауыл жетпiс жылдай уақыт 
өздеріне құтты қоныс еткен Айрықты тастап, төр жайлаудағы 
жерi құйқалы, суы мол, егiн салуға қолайлы Шабақай өзенiнiң 
кең қол тық жағасына көшіп келiп түпкiлiктi қоныстанады. 
* * *
Кеңес өкiметi де аласапыран уақыттың ауыр зардабын жол-
жөнекей жойып, күйзелген шаруашылығын, тоқырауда тұрған 
өнеркәсiбiн тiрiлтiп, қарауындағы қалың елдiң рухани тiрлiгiне 
де көңiл аударған сәт. Сiрә, В.И. Ленин жариялаған «Жаңа 
экономикалық саясат» сол өзгеріске қозғаушы күш болып, Ресей 
халқы алдағы тiрлiгiне үмiтпен қарағандай үміт оты тұтанған. 
Қазақ елi де сол өз герiстен шеткерi қалған жоқ. Халық жаппай 
сауаттануға көштi. Бiрнеше қалаларда мұ 
ғалiмдер техникумы 
ашылды, «КИНО» («Кир гизский институт народного образова-
ния») аталған институт дүниеге келдi, екi ауылдың бiрiнде баста-
уыш мек тептер мен «Саужой» курстары жұмыс iстейдi. Fасырлық 
ұйқыдан оянып, зымырап бара жатқан уақыт көшiнен қалыс 
қалмай, заман үрдiсiне iлесуге ұмтылған дерсiң қалың елдiң бiлiм 
алуға, етек-басын жинап, игi үрдiске жаппай құлшынған талап-
ниетiн. Бұл болса – Қаныштай білімпаз жастардың оқу соңында 
жүргенде ертелi-кеш ойлаған арман iсi. Ендi соны ауылда жат-


142
Медеу СӘРСЕКЕ
са да көңiлге түйiп, көзiмен көрiп қуанып отырғанда, қалайша 
тып-тыныш бақылауға болады? Жоқ, жа та алмады, денсаулығы 
оңалған соң-ақ, бүкiлхалықтық өрлеу туғызған өрелi iске хал-
қадерiнше қолғабыс етуге бел байлады. Осы жайында бiзге 
мәлім дерек: бір жарым жылдай уақыт өз аулында жан күйттеп 
жатқанда ол институттағы оқуына дайындықпен қоса А.П. Ки-
селевтiң жұртқа мәлім оқулығы негiзiнде қазақша «Алгебра» 
жазуға кіріскен; нақтырақ айтқанда, бұрын бастаған жұ мысын 
әрі қарай дамытып, қыруар еңбек жасаған; Кирреспубликаның 
Халық ағарту комиссариатымен келісу үшін Орынборға екi мәрте 
барып қайтқан... 
«Оқушылардың алдына тартылып отыр ған кітап 1919 жылдан былай бас-
талып, онан бері әр түрлі толастар арқылы созылып келіп, 1924 жылдың 
күзінде аяқталып отыр. Жазылған кезінде пәннің өз жүйесі мен әдістеу 
тәсілдерінің қиыншылығының үстіне керекті терминдер табылып отыруы да 
ауыр жұмыс болды. Қай пән болсын, әсіресе есеп пәндерінде әр бір ұғымның 
жобасы мен атын әрі ық шам, әрі дәл түрінде тауып отыру – аса керекті 
және ауыр нәрсе... Кітап ішіне кірген пән сөздерінің бәрі де Орынбордағы 
Білім кеңесінің талқысына салынып, сыннан өтіп отыр. Сөйт се де, мұндағы 
алынған терминдердің бәрі де тиісті ұғымдарға үйлес келеді деп кесіп айтуға 
болмайды. Өйткені тұңғыш нәр сенің іші мен тысы мүлтіксіз, мінсіз және 
пішінді болып отырмайтындығы мәлім... Қазақ елінің ана тіліндегі мек-
тептерге келсек – ...оқылатын пән дердің тәртібі мен көлемі шәкірт терді 
толық қанағаттандырады деп айтуға болмайды. Оған түрлі себептер бар, – дей-
ді Қ.И. СӘТБАЕВ «Алғашқы қазақша алгебра» оқулығының «Сөз басын-
да». – Оқытушылар күшінің тапшылығы, оқу құралдарының кемшілігі, 
оқытушы адам дарға негіз боларлық ана тілінде жазылған маңызды ғылыми 
кітаптардың жоқтығы... Жоғарыдағы кемшіліктердің бәрін бір күнде, не бір 
жылда оңай жоғалтып жіберуге болмайды. Бұл үшін әлі де болса кемінде он 
не жиырма жылдық уақыт мезгілі және тынымсыз еңбек керек болмақшы».
Шынында да, математика пәні сол кездегі санаулы қа 
зақ 
мектептерінде жүрдім-бардым оқытылады. Әр мұғалім өз түй-
сігінше, көбіне орысша оқу лықты өзінше аударып түсін діретін. 
Есеп терминдері қалыптаспаған, әркім өзінше қи сындастыратын. 
Нақ осы жайт, ауылдық жерлерде тұңғыш ұйымдасқан қазақ мек-
тептерінің басындағы қиын хал, бәрінен де төл оқулықсыз бұл 
шаруаның тағдыры шешілмейтіндігін тү сіну, біздіңше, «Алғашқы 
қазақша алгебраның» дүниеге келуіне түрткі болған.
Ғалымның дербес мұрағатында оқулық қолжазбасының екі нұсқасы 
сақтаулы (Екіншісі – латын әрпімен жасалған көшірме, ұзын ша кесілген 
түрлі-түсті қалың қағазға жазылған, көлемі – 1642 парақ, ал араб әр пімен 


143
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жазылған алғашқы нұсқа – 700 бет шамасы). Екеуі де, біздің пайымдауы-
мызша, Қ.И. Сәтбаевтың жиырма бес жасында сұңғыла білімпаздығымен 
толғанып, қолынан шыққан қазақша тұңғыш «Алгебра» оқулығы, сол 
құралдың «Сөз басында» айтылғандай, «шәкірт тұрмысының түрлі қиын-
шылықтарымен дамылсыз алысып жүрген күрес үстінде...» туған, соған 
қарамастан жөндем үлгіде жазылған ең алғашқы ғылыми еңбегі.
Ғалымның жеке мұрағатында Академиялық орталықтың 
білім кеңесінің «Алғашқы қазақша алгебраны» үш мың дана 
етіп басып шығару ісін мақұлдаған қаулысы (620-істің 141-
беті) сақталған: «Азамат Сәтбаевтың қолжазбасы екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет