Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет53/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,
Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.
Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,
Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек?


128
Медеу СӘРСЕКЕ
Жан сәулем,
Бұл дәурен,
Өтер бір күн, дүние-ай!...»
Ызылдаған шегіртке үні, тас төбеден безілдеген торғайдың шы-
рылы, баяу толқыған бетегелі маң дала... Бәр-бәрі табиғатқа жаны 
елжіреген жігіттің әуелете салған асқақ әнін тыңдауға пейіл беріп, 
жас серігінің ән баураған шат күйін бұзғысы келмеді. Жақын-
дай түсіп ынтыға тыңдағанымен, үзеңгі қағысып қатарласпады, 
құрық бойы жерден құлағын түріп, сүйсіне тыңдады.
Аз-кем таныстықта ол Қаныш бойынан бірталай жақсы 
қасиеттер аңғарған. Көп оқитынына, әр нәрсеге құмарланып, 
білсем, көр сем деп тұратын ынтызарлығына риза болған. Әсіресе 
аңғарымпаз, сезімтал қабілетіне тәнті. Бір көргенін ұмытпайды, 
кө ңі ліне әрнені түйе жүретін есті жігіт. Мұның бәрі геолог үшін 
өте қажет, етене қасиеттер. Ұлағатты тәрбие көріп, тиянақты 
білім алса – білікті ма ман болуы сөзсіз. Тіпті қарапайым кен бар-
лаушы атанған күннің өзінде мына далаға аса қажет кәсіп, ең 
ділгер мамандық иесі болып шықпақ... 
– Ғапу етіңіз, қиялға түсіп кеттім, – деді Қаныш әнін үзіп.
– Жо-жоқ, қайта ерекше тәнті болдым. Тамаша ән, әуезі қандай 
әсерлі, керемет ләззат алдым! Сөзін ұқпасам да, жан тебіренткен 
ділін ұқтым!.. Сіздің жұрт тегінде әнші, сері халық. Әсіресе сіздің 
ауыл, күллі Баянаула атырабы!..
Қаныш көпе-көрінеу тілмарсып ештеңе де меді. Әлде ән әуені 
толқытқан әсерден арыла алмай келе ме? Усов та соны аңғарғандай 
өзімен-өзі боп тіл қатпады. 
– Михаил Антонович, шыныңызды айтыңызшы, өтінемін, ме-
нен кен іздеуші шығады деп ойлайсыз ба? – деп кексе серігінің 
бетіне тіктей қарады.
– Түсінбедім, қымбаттым.
– Ата-бабамыз өмірі шұғылданбаған кәсіп. Қазақ баласы еш-
қашан да айналыспаған, білмеген, тумасында кезікпеген өнер бол-
ған соң, ғапу етіңіз, көңілде күмән көп…
– Бәрекелді! – деп рақаттана күлді профессор. – Біле білсең, 
қымбаттым, ешкім де анасынан геолог болып тумайды. Сол 
өнер дің бүге-шігесіне қанып үйренген соң, білім алып, бі лік ті 
мамандардың өнегесін танып, әлденеше жыл жердің асты-үстін 
ақтарып тексерген адам ғана геолог атанады. «With mind and 
hammer», яғни «Ақылмен және балғамен» дейді геологтар тура-


129
ШЫҒАРМАЛАРЫ
лы ағылшын жұрт ы ның нақылы. Ұғынықты да қысқа айтыл ған, 
байқайсыз ба?
– Сонымен, бақытыңды сынап көр дейсіз бе?
– Өмірге жолды, шырақ, өз ақылыңмен таңдау керек. Ма-
мандық – күн сайын ауыстыратын кіршең көйлек емес. Сол себеп-
ті қабырғаңмен кеңес, ойлан әлі де!
Жолаушылар бозша бел дің үстіне шыққанда, арғы ойдан ауыл 
түтіні де көрінді.
ІІІ
Арада екі-үш күн өткен соң станицадағы сот кеңсесіне қайтып 
оралған Қаныш Сәтбаев Семей губерниялық халық сотының 
төралқасына төмендегідей арыз жолдаған: «Оқуға баруға бел бай-
ладым, сол себепті, биылғы сабақ бас талғанға дейін, яғни 1921 
жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірмей, сот міндетінен бо-
сатуды губсовнарсудтың коллегиясынан өтін емін. Өті ні шім нің 
нәтижесін хабарлауды сұраймын. Халық соты Қ. Сәтбаев. 12 та-
мыз, 1921 жыл».
Жайлаудағы елдің тіршілігі бәз-баяғы қалпында өтіп жатыр. 
М.А. Усов болса сол тірлікті қаз қалпында жол дәптеріне түсіру-
ден жаңылмаған...
25 тамыз (бейсенбі): «Ауылда жапа-тармағай той. Қожа 
келіп, ер балаларды жаппай сүндетке отырғызды. Иман тай ақ-
сақал осы оқиғаға арнап бір құлын, екі қой сойғызды... Байғағұл 
Әбікейұлы Сәтбаев біршама ойбайлап, ақырында тырп етпей 
жатуға мәжбүр болды».
26 тамыз (жұма): «Кешке таман қоян ға шығып, ештеңе ала 
алмадық. Біздің Ира шабандоз болып алды…»
30 тамыз (сейсенбі): «КирЦИК мүшесі Жанайдаров Орынбор-
дан келе жатып жайлауға соқты. Айтуынша, Ресейді аштық 
жайлаған, ал Орынборда оған қоса сүзек індеті басталған…» 
3 қыркүйек (сенбі): «Ауа райы аз-маз түзелді. Жел басылған-
мен, тұман тарқар емес. А.Н. Бе 
лослюдов қалаға қайтпақ. 
Қырға шыққаны байғұсқа жақпады... Осы жерден Қарқаралыға 
түсіп, одан әрі Майлықара жолымен Семейге жетпек...»
4 қыркүйек (жексенбі): «...Қасқыр кү шейіп қозы-лаққа қана 
емес, құлын мен бұзауларға да ауыз сала бастағандықтан, Сәт-
бай дың екі ауылы жаңа жұртқа қатарласа қонды».
9-0196


130
Медеу СӘРСЕКЕ
6 қыркүйек (сейсенбі): «Күн ашылды, жел батыс бағыттан. 
Қаныш Том технология институтына баруға біржола бе-
кінгенін хабарлап, жуық арада аттануға ауылы ның қам жа-
сауын ескертіп, Баянауылдан хат жолдапты... Ауылдағылар 
екі жасар тайынша сойып, сүр әзірледі: жас етті тұздап, күні 
бойы далаға жайып қойды, кеште қос қа кіргізіп, шаңыраққа іліп, 
астынан от жағып, түтінмен ыстады».
8 қыркүйек (бейсенбі): «...Кешке таман мен, Әбікей және Бөкеш 
үшеуіміз Сарымсақты тауының бөктеріне барып, бес тазы, бір 
ителгімен жүріп үш қоян алдық».
13 қыркүйек (сейсенбі): «Қаныш та бізбен бірге Томға ат-
танбақ болған. Сот кеңсесіндегі жұмысын тапсыру үшін та-
мыздың аяғында Баянауылға кеткен, одан қыркүйектің 7-10 ара-
лығында келмек-ті. Алайда әлі күнге дейін оралған жоқ. Әбікей 
Зейінұлы үй-ішін алып, Семейге кеше кет ті. Ауа райы бұзылмай, 
күн жылыда біз де аттануға бел байладық... 
Имантай ақсақалдың аттарымен сағат 11-дің шамасында 
жолға шықтық...»
Павлодар арқылы жүрудің тауқыметін басынан кешкен 
Усовтар отбасы қайтарда Майлықара-Семей жолын таңдаған. Сол 
себепті Қар қаралыға келіп, көлік тосып, ақыры бір неше тәулік 
жол бейнетін тартып, 22 қыр күйекте ғана Алаш қаласындағы 
геология базасына жетеді. Сібірмен темір жол қатынасы көк темгі 
қалпында екен, жолаушылар пойызы жүрмейді. Амал қан ша, бір 
апта бойы Новосібірге баратын вагонды тосып, Семейде текке 
жатады. Ақыр аяғында губерния өкіметі оқушы жастар үшін 
жүк ва гонын әзірлетіп, оны бірінші қазанда жүр гізген. Усовтың 
отбасы да осы топқа қосылыпты. Өздерін Семейде қуып жеткен 
Қа ныш та сол вагонға ілігіпті. Келесі күнгі кеш те жолаушылар 
Барнауыл стансасына жетіпті, ал 5 қазан, сәрсенбі күні, профессор 
М.А. Усовтың күнделігіндегі: «Қар жауып, жер бетін ақ көрпеге 
қымтаған күні сағат үш шамасында аман-есен Том қаласына 
жеттік...» – дегеніне қарағанда, Сібір төріндегі білімдар қалаға 
аман-есен жеткен.


131
ШЫҒАРМАЛАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет