Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет56/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«М.А. Усов керемет шешен адам еді, қандай аудиторияны 
болсын іп-лезде өзіне баурап алатын. Оның дәрістері, әдетте, 
екі иә төрт сағатқа созылатын, арасында аздаған уақытқа 
үзілістер болады. Сөзін жазып алу қиын емес-ті, ал тыңдау, ту-
расын айту қажет, ұмытылмас ләззатқа бөлену! Профессордың 
аузынан шыққан әрбір сөз шәкірттерін таң-тамаша сезімге 
бөлей тін: таңғажайып тілмарлығы; қандай да бір күрделі жа-
ратылыс құбылыстарын қарапайым да ұғынықты тілмен 
қызықты түсіндіруі; сөзіндегі логикалық тұтастық; ғылыми 
тұ жырымдары мен болжамдарының мығым дәлелденіп, жинақы 
бейнелеуі; ең аяғы дәріскердің өзгеше ізеттілігі мен терең 
мәдениеті де тыңдаушыларын елітіп, айтып тұрған әңгімесіне 
еріксіз сендірер еді. Оның дәрістерінде ешқандай лирикалық 
шегіністер, жалған сөйлеу, айтып тұрған мәселелерінен бөгде 
жайттарга ауытқулар болмайтын... М.А. Усов тың уақытқа 
деген сезігі де бізді әрдайым таң қалдырушы еді. Сөзінің уа қыт 
мөлшеріне дәлме-дәл жүйеленгендігі соншалық – әрбір тарау, яки 


137
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бө лімді бітір ген кезінде үзіліске шақырған қоңырау үні естілетін. 
Бірде-бір сөзді ар тық айтпау, бірде-бір минутты зая жібермеу – 
дәріс керлік мәнері. Оның әрбір күні, бүкіл өмірі қатаң кестеге 
бағынып, уақытты тиімді пайдалануға есептелген...»
Технология институтының студенттері қызыға тыңдайтын 
тілмәр лектор Усов қана емес. Металлургия пәнін сол кездің өзінде 
есімі Одаққа әйгілі білімпаз В.Я. Мостович оқыса, физика кафед-
расын дарынды жас ға лым В.К. Кузнецов басқаратын (кейіннен 
академик, Еңбек Ері атанып, әлемдік физика ілімін дамытуда 
зор жаңалықтар ашқан ғұлама). Ал университеттің физиология 
кафедрасына атақты А.А. Кулябко жетекшілік ететін. Ол өлген 
адамның жүрегін клиникада тұң ғыш рет қайтадан соқтырған ірі 
дәрі гер-ді. Ботаниканы мұнда Оңтүстік Алтайға жасаған саяхат-
тарымен атағы шыққан профессор В.В. Са пожников оқиды. «Ол 
кезде дәріс тыңдау – бүгінгідей міндетті емес, студенттердің 
өз еркіндегі шаруа, – деп еске алады Томдағы жастық шағын Таи-
сия Кошкина. – Біз университетке, олардың студенттері тех-
нология институтына келіп, атақты профессорлардың дәрісін 
тыңдаймыз... Мұндай алмасулар студентті рухани байытып, 
жан-жақты білім беретін...»
Демек, бір ғана жер қыртысын тану ілімі ғана емес, ғылымның 
әр саласынан терең де жан-жақты білім алуға мүмкіндік мол бола-
тын. Тек білуге ынтаң болсын! Ал Қаныш сияқты әрнеге ынтызар 
жас үшін бұл таңғажайып мүмкіндік...
«Қаныш Сәтбаев қарапайым, мінезі бір тоға шәкірт еді
оның білімге зор ынтасын бірден байқадым, – деп куәлік етеді 
геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор 
В.А. Хахлов. – Арнаулы әдебиет терді оқуға ол әбден құнығып 
алды, көбіне кешкі уақыттарда шұғылданатын. Бірде мен оған 
кафедрадағы кітапхананы қарап шығуға кеңес бердім. Одан 
соң Вальтердің «Шөл даланың түзілу заңдары» деген кітабын 
оқуды тапсырдым. Кітапты қайтарған кезде ол маған көптеген 
сұрақтар қойды. Өйткені Қазақстанның өзіме мәлім бөктерін-
де жер бедерлерінің қалайша пайда болғанын енді ғана түсінген 
сияқтымын» дегені есімде қа лыпты...»
Осылайша шәкірт шақтың естен кетпес қызық та қиын күндері 
зулап өтіп жатыр. Алғашқы емтихан сессиясы да аяқталды. 
Қаныш оған қысыл ған жоқ, күн-түн отырып, көз талғанша шұ-
ғылдануға тура келді. Енді аздап тынығуға да болады. Қаныштың 


138
Медеу СӘРСЕКЕ
көңілін күпті етіп, жүрегін діттей беретін – кеудедегі дерті. 
Бетіндегі қызыл шырай күзде-ақ жоғалған. Қазір жағы сидиып, 
ұрт еті сылынып қалғандай күрт тү сіп кетті. Жүзі де қуарып, 
сүйектенген шөп тей өң-сөлсіз реңге көшкен. Суық аудито рия-
ның зардабы, тамақ та қырдағыдай емес, әлде кітапханада көп 
отырғанның салдары? Ал қыс ортасы ауғалы жөтел қо сылып, 
қорғаншақ көңілін тұқыртып барады. 
Ақыры төсек тартып жатып қалды. М.А. Усовтың өтінішімен 
науқасты қараған университет профессоры, терапевт М.Г. Курлов 
шәкірттен сырқатының жай-жапсарын жасырған жоқ.
– Дертіңе шипа бірден-бір амал – тыныштық, таза ауа, күшті 
тамақ, дәру қымыз... Мұнда өткізген әрбір күннің үлкен қатер 
екенін ескертемін, жас жігіт.
Бұлардың бірде-бірі Томда жоқ, ауылда. Ауыл болса аяқ жетпес 
қашықта. Қайтуға көңілі дауаламайды. Қайтпасқа бірақ шарасы 
да жоқ. Мұндай білім ордасы, өнегелі орта, зиялы қауым, Усовтай 
ғұлама ұстаз, ғазиз жандар өзіне қайта кезіге ме? Әлде дерті жеңіп, 
сырылдаған өкпесі мүлдем сөне ме?.. Жо-жоқ! Қайтып оралғың 
келсе, мұрат еткен білім қайнарынан мейірің қанғанша сусындау 
үшін де тезірек кету қажет! 
Сол күнде ту шалғайдағы ауылға жету де оңай емес-ті: бірден-
бір сенімді қатынас – темір жол. Алайда Семей мен Том арасында 
ешқандай жолаушылар пойызы жүр мейді. Ділгер жолаушылар 
кәдімгі жүк вагондарына аяқ артады. Жолшыбай екі жерде пойыз 
ауыстыру керек – бірі Тайга, екін шісі Новониколаев стансаларын-
да.
Қаныштың бірге оқитын жолдасы Омар Толыбаев шарқ ұрып 
жүгіріп жүріп, Семейге тура баратын вагон табады: жүк тиел-
ген кә дімгі пульман; соның бір бұрышынан науқасқа орын тиді; 
тіпті ойлағаннан артық шықты деуге болады – ортаға «буржуй-
ка» пеш орнатылды; бір жетіге жетерлік отын да тиелді... Бірақ 
жүрер сәтте Михаил Антонович: «Науқасты жалғыз жіберуге 
болмайды, қа сына студент тердің бірі ерсін, жол шығынын мен 
көтеремін!..» – деп наразылық білдіреді. Сүйікті профессордың, 
факультет деканының сөзін жерге тастауға бола ма? Қаныштың 
курстас достарының бәрі де қол ұшын беруге тілек біл діріп, аяқ-
астынан талас туып қалды. Ақыры, ешкім нің көңілін қалдырмау 
үшін жеребе тастауға тура келді. Ол Володя Домбровскийге түседі. 
Наурыздың бас кезінде екі студент сапарға шығады. Бір апта-
дай жол жүріп, көп бейнет шегіп, жүдеп-жадап, ақыр аяғында 
Семейге жетеді.


139
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ІІ
Жазғытұрымғы көк соқтаға ұрынбай ауылы на жетіп алғаны 
пайдаға шықты, ке ле-ақ сыралғы дертпен күрес басталды: ерте 
құлындаған бірлі-жарым биелердің сүті де, дәмді ас та науқастың 
аузында; көшу мен қоныс қамы, мал баққан ауылдың тірлік 
қарекеті де Қаныштың жолына байлан ған. Ақыры, екі-үш айдан 
соң науқас жігіттің бетіне қызыл жүгіріп, жүзі нұрлана бастады.
Қорғаншақ болып қалған ба, әлде тезірек сауығуды мұрат көрді 
ме – бұл жолы ол ауылынан ешқайда шықпай, бұрнағы жылдар-
дай әлеумет жұмысына да араласпай, өз отауында жан күйттеп ты-
ныш жатады. Тек жай жатқан жоқ-ты, Томнан ала келген ғылыми 
кітаптарды құныға оқумен шұғылданады. Құштар көңілі бірақ 
соған тояттамайды, алыста қалған жаңа достарын, күн сайын 
табиғат құпиясын ашқан білім ордасын аң сайды. Небәрі алты-ақ 
ай жанасыпты, мардымсыз мерзім. Соның өзінде көрген-білгені 
қаншама! Зер сала қа раса – біраз ілімнің басын шалған, ең бас-
тысы, геология негіздерін танып, өз бетінше ғылыми әдебиеттер 
оқуға жарарлық тағылым алған.
«Бір күні Қанке мені станицаға жұм сады. Екі-үш салт атпен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет