Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет208/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

та жасарда біз Қазақстан геологтарының тәжірибесін пай-
даландық, солардың картасын үлгі еттік. Сол себепті өзімізді 
қазақстандық мектептің шә кіртіміз деп санаймыз...»
Г.А. СОКОЛОВ, КСРО ҒА Геология ин ституты: «Қазақстанға 
қарағанда, Орал – ең көне, кен көздері ертеден мәлім аймақ, 
оның қазба байлықтары да ешбір регионнан олқы емес. Бірақ бұл 
өңірдегі металлогениялық зерттеулердің деңгейі Қазақстаннан 
әлдеқайда олқы... Мысалы, Орал бойынша жасалған ВСЕГЕИ 
картасы (авторы В.М. Сергиевский) сәт ті шыққан жоқ, бар-
лаушылар үшін ықыласпен қол 
данғандай үлгі-нұсқа бола ал-
мады. Не ге?..»
Біздіңше, бұл сауалдың қисынды жауа бын, бір мектептің 
ғылыми өсуде екінші мектептен кейін қалған себе бін КСРО 
ҒА геология-география бөлім 
ше 
сінің төрағасы, академик 
Д.И. ЩЕРБАКОВ Алматы кеңесін қорытындылаған сөзінде өте 
дәл айтқан: «Геология ғылымының даму ерек шелігіне тоқтала 
кеткім келеді. Одақтың бірталай түкпірін соңғы жыл дары ара-
лау кезінде мен ғылыми ойдың орталықтан шет аймақтарға 
ойыс қа нын көріп жүрмін. Мос ква мен Ленинград бұл жөнінде 
бұрынғы басымдығын көрсете алмады... Әсіресе соңғы он жылда 
жер-жердегі ғылыми ой мен өндіріс мектептері керемет өсті. 
Оларды өсір ген – өмірге жақындық, нақты барлаумен шұғыл-
дану! Осы жайтпен шындап есептеспесек, мық тап қателесеміз. 
Орталықтан келіп, болымсыз бірдемелерді ірі жаңалық деп боп-
салап өткізетін заман келмеске кетті, жолдастар. Меніңше, 
орталықтағы ғылыми-зерттеу институттары өмірдің осы бір 
сүй кімді шын дығынан қорытынды шы ғаруға ти іс!»


549
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Металлогениялық Бірінші кеңестің Алматыда өтуінің өзі-ақ 
Қазақстан ғалымдарының бұл салада алдына жан салмай, барлық 
әріп тес терінен көш ілгері озық келе жатқанын ресми мойын-
дау болатын. Бұл шындық кеңестің бірауыздан қабылданған 
қаулысында да атап көрсетілген: «...пайдалы қазбалар қой-
маларының жер қыртысында орналасу заңдылық 
тарына 
тым жалпылама қарап, кей ретте соларды қатаң схемаға 
айналдыру қаупі зорайып барады. Мұны бұлжымас қағида деп 
қабылдауға болмайтындығын Қазақстан металлогенистерінің 
сәтті жұмысы дәлелдеп бер ді».
Кеңес ҚазҒГИ-де жасалған картаның өміршең дүние ғана 
емес, үлгілі іс екенін де бүкіл геология қауымына жария 
еткен-ді. «Сәтбаев картасы, – деп жазған-ды «Известия» газеті 
кеңес туралы есебінде, – геологтардың мәңгі және өздері үшін 
аса маңызды өмірлік сұрақтарына дәл де жан-жақты жа 
уап 
береді. Ол сұрақтар – НЕ ІЗДЕУ және cоны ҚАЙДАН ІЗДЕУ...» 
Бұл сұрақтарға академик Қ.И. Сәтбаев өз монографиясында 
нақты жауап бере отырып, пікірін былайша қорытқан: «Біздің 
жұмысымыздың тү й іні – мәселені жан-жақты зерттеп, алғаш-
қы бақылау мен деректерді толық жинап, тал дауды нақты
жүргізіп, тұжырымдаған кезде әділ дікке жүгіну, ең ақырында, 
ғы 
лыми еңбекте ұжым болып жұмыс істеу... Тегінде, оны 
металлогенияның кешенді жаңа әдісі деп атауға болады».
Бұл жолы да ақиқат жеңді. Академик Сәтбаев негізін қалап
көп еңбек, қиыншылықпен сомдаған болжамдау теориясы өзіне 
жолды нақты барлаумен ашты. Оның өмір шеңдігі де, өзгелерге 
үлгі болар себебі де осын да. Ғалымның өз сөзімен айтқанда: «Бол-
жам теориясы – металлогениялық ілім нің түп қазығы болса, 
болжам карталары – оның асқар шыңы. Сонымен бірге ол ғы-
лымның кезекті бір туындысы ғана емес, ең алдымен – мыңдаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет