«О күннің үгітшілері – бүгінгі насихат шы лардан мүлдем өзгеше мазасыз жандар, – деп әң
гіме шерткен-ді Белденинов
есімді казак-орыстың үйінде Қанышпен бір пәтерде тұр ған Мә-
лікаждар ЕСМАҒАНБЕТОВ бізге 1961 жы лы. – Бүгін жер бөлісі туралы түсіндірсек, ертеңінде сол ауылға қайта барып, сү зектен сақтану туралы сөз бастаймыз. Күні не кейде неше мәрте жи- наймыз, тіп ті ығыр етеміз. Ішкі Ресейді аштық жайлаған кез, соларға көмек деп азық-түлік жинаушы агент те біз…» Сол кездің аумалы-төкпелі ахуалы жайында Ға
лым
тай Ға-
зизұлының естелігінде де айтылған, тек ол сегіз жасар бала-
қанның жады сақтаған сирек оқиғалар: «Бір күні Керекуден уә кілдер ке ліп, Мырза ауылында көп адам қатысқан жиын шақырды. Сөйтсек, болыс сайлауын өткі зіпті. Сай лау бұ рын- ғыдан өзгеше өткен. Болисполком тө р а ғасын жиналған жұрт- тың өзі атапты. Ақы рында көпші лік қалауы бойынша, болыс
88
Медеу СӘРСЕКЕ
болып менің әкем Ғазиз Имантайұлы, хатшылыққа Әубәкірдің Мұхтары сайланады. Сөй тіп, ойда-жоқта болыс кеңсесі жүз жылдай уақыт бекем орныққан Шорман ауылы нан біздің Қарамұрынға ауысып, мұ ны да жиналған жұрт заманның өзгергені, теңдікке жеткеніміз… деп даурығып жаппай қуанған. Сол күнде станицада Кеңес жұмысында жүрген ағата йымды же- делхат арқылы Семейге, әлде Керекуге шақырыпты. Үй ішіміз бұл хабарға ерекше абыржыды…» Қыр елінің тірлігі бірте-бірте қалыпты рай ға көшті. Заман ау-
жайы да көнтерімді жағдайға ауысқандай. Алайда талай жылғы
күйреуден соң кетеуі кеткен шаруаны түзеу де оңай емес-ті.
Аяқтан шалған қиыншылық сан алуан болатын. «Сүзектің ең ауыр, қайталап соғатын, дене жаппай бөртіп, іш құрылысты да тұтас қамтитын түріне тап болдық, – депті
фельдшер Шайбай Айманов семейлік өлкетанушыға жолдаған
хатында. – Ауырғандарды әр жерден арбалап әкеле баста- ды. Асылбек Сейітов күні-түні жұмыс істеді. Өзі ғана емес, жергілікті кеңес қызметкерлерін, партячейке мүшелерін, бізді де сүзекпен күреске жұмылдырды. Аудандағы жалғыз аурухана тарлық еткен соң 5-6 жер ден уақытша емхана ашып, солардың қасынан монша, наубайхана және жархана (бит-бүргені күй- діретін орын) жасатты. Дәрігер – жалғыз өзі, першіл – төр- теуміз, мейірбике – бірнешеу, ал аурулар – жүздеген... Жағдай ауырлаған соң санитарлар санын көбейтіп, оларды жаңа жұмысқа едел-жедел үйретуге тура келді. Мұрнымыздан шан- шыла жүріп, ұйқы көрмей еңбек еттік. Еңбекақы алмаймыз, дәрі-дәрмек жетпейді, қолымызға әлдеқалай жүз сом тисе, оның құны ертеңінде бір тиынға түсіп қалады... Асылбек Жұманұлы беделін салып, одан-бұдан дәрі-дәрмек тауып келеді, ауылдарға кісі жіберіп, азық-түлік, отын, басқадай ділгер қажеттердің бәрін де алып, тіршілік отын үрлеумен болды. Індеттің күшейген қарсаңында мен де мұрттай ұшып, өз үйімде жаттым. Асылбек күн сайын келіп ем жасайды. Келген са йын: «Хал қалай, сүзек тоқтай ма?» десем, «Бе ті әрі қарады, өлім-жітім жоқ. Сен ешнәрсеге қамықпай, тыныш жат. Бірер аптадан соң жұмысқа шығасың...» – деп көңі лім ді аулап, өзге науқастарға жәрдем беруге аттанады. Сырқатым күшті болып, 18 тәуліктен кейін есімді жиыппын. Көзімді ашсам – қолында дәрі мен ине, терлеп-тепшіген, үстінде ақ халат, Асылбек қасымда отыр. Таңдайыма қасықпен