160
Медеу СӘРСЕКЕ
Екі жарым айға созылған төр жайлаудағы рахат демалыстың
соңында Қаныш салт атпен Семейге жетіп, одан Сібір темір
жолының бірнеше бекетінде пойыз ауыстырып, қыркүйектің орта
шенінде Қызылордаға келген. Қазақ АКСР Халық ша р уашылы-
ғы кеңесінің басшылары оған өлке өндірі сіне жөн-жоба нұсқай-
тын бас маман мансабын ұсынады. Жас маман одан үзілді-ке сілді
бас тартады. Айтқан желеуі – геолог кә сібін игеру!.. Сөйткен-
дегі таңдауы – Ұлытау жонында өндіріс ашқан Атбасар түсті ме-
талдар тре сі. Тек қолайсыз жайт: трест басқармасы – Мәс кеуде,
Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесінің (ВСНХ СССР)
Главметалл қарауында; демек, Қа ныш Имантайұлына сол күзде-
ақ Одақ астанасына баруға тура келген.
Атбасар түсті металдар тресі Еңбек және Қорғаныс Кеңесі-
нің (СТО СССР) 1925 жылдың 10 маусым күнгі қарарымен
ұйымдас қан. Қарауында екі өндіріс бар: Спас комбинаты, оған
Қарағандының көмір кендері мен Өспен (Нілді) мыс кеніші, Спас
(Көкөзек жә
не Ақбұйрат) мыс қорыту зауыты қарайды; екін-
шісі – Қарсақбай мыс қорыту зауыты мен Байқоңыр көмір кені,
Жезқазған мыс руд нигі және Қорғасын кеніші. Осы күнгі ресми
шекарамен шамалағанда, бұл – Қарағанды облысының жартысы-
на жуық жері, оған қоса Ақтөбе мен Ақмола облыстарындағы бір
шеті мен бір шеті мың шақырым орасан зор кең алқап.
Атбасцветмет басқармасы жас маманды қуана қарсы алады.
Қуанбасқа! Шет елден шақырылған, кеудесі кере құлаш «спец»
емес, білім-тәжірибесін бұлдағыш ес кі кадр да емес, социалистік
Отанның өз мек тебінен тәлім алған жас түлек және жергілікті
жағдаймен етене таныс, сол ұлттың ортасынан шыққан инже-
нер. Сірә, сол себепті Қаныш Имантайұлы бірден-ақ трестің бас
геологы әрі басқарма мүшелігіне кандидаты міндетін атқаруға та -
ғайындады.
Тек тұрғын үй мәселесі шешілген жоқ. Оның себебін Қаныш
Имантайұлының Томда қалған Таисия Алексеевнаға 26 қараша-
да жол да ған хатынан білеміз:
«Мәскеуден пәтер алу – ерекше
Достарыңызбен бөлісу: