Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет68/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

қазымырлығына салып: «Біздің жақтан не жоғалтып жүрсің, 
шырақ?» – деп тиісе тіл қаттым. «Жұ мыс бабымен, отағасы. 
Мәскеуден келеміз». «Неше ай ға?» «Сірә, біржола. Жолсерікке 
аласыз ба?» – деп жымиды тағы да. «Аламын, тек орта жолдан 
қашып кетпесең. Ондай серілерден де құр емеспіз, құдайға шүкір. 
Маманбыз деп әдемі қалпақтарын шекесіне тап өзіңдей қисай-
та киіп, кісімсіп келе жатады... Сонсоң бір күні іздесең – өзі түгілі, 
ізін де таппай қа ласың. Біреуінің қалпағы біздің үйде былтыр-
дан жатыр...»
Шабан атандардың мезі изеңінен зерігіп, жол бейнетін кеш-
кен жолаушы төзімі әбден жұқарып, көңілі құлазыған аптаның 
соңында көз ұшынан Қарсақбай зауытының мұржасын көреді. 
Бірер сағат изеңге шыдасаң – «Соцгородок» аталған жұмысшылар 
қалашығына жетесің. Қалашықты қақ жарып өтетін даңғыл 
керуен келетін жолмен ұласып жатқандықтан Жосалы көшесі 
аталған, Керуен сарайы да соның шыға беріс аузында.
Алтыншы тәуліктің соңында Атбасар тре сі нің мамандары 
зауыт алаңына аман-есен жетіпті.
ІІІ
Сол қарсаңда Қарсақбай зауытының айналасы кешелі-бүгін 
көшіп келген ауылға ұқсаған. Ауыл болғанда – он шақты үй 
емес, кем дегенде екі-үш мың түтіннен құ ралған, бір болыс ел 
бірден көтеріліп, соның бәрі Қумоланың тар танабына таласа 
келіп жапатармағай қонып жатқан сияқты. Қай да қарасаң да 
жыпырлаған киіз үйлер, қостар мен итарқа жаппалар. Қарсақбай 
байдың ескі қыстауы орныққан қарсы беттен бастап Балбырауын 


163
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жотасы жақтағы тарғыл дөң ге дейін, Жосалыға шығатын қара 
жол мен өзеннің арғы-бергі жағасы түгелдей сығылыса отырған 
қалың ел. Ал зауыт тұрғызылып жатқан биік төбенің айналасы 
зор құрылыс алаңына айналған...
Цех корпустары бой көтерген шамада Бай 
қоңыр мен 
Жезқазған аралығына тартылып жатқан тар табанды темір жол 
да пайдалануға берілмек. Ағылшын мамандары бекет үйлерін 
тұрғызып, жол танабын бастағанымен рельс төсеп үлгермепті. 
Бір тә у і рі, Қарсақбай төңкеріс комитеті дер кезінде жұмысшы 
бақылауын қойып, әкелінген рельстерді аман сақтаған. Соны енді 
тездетіп төсеу керек. Байқоңырдан шарпу пештерін жемдейтін 
көмір тасылады, ал Жезқазған – кен беретін негізгі шикізат 
қоймасы. Жезді өзенінің бойынан мыс қорытуға қажет қо сым ша 
заттар алынады. Қарсақбай ашасы* – солардың бәрін қабылдап, 
ақыр аяғында қара мысқа айналдыратын өн ді ріс алаңы. Демек, 
қай жерде болмасын қыруар әзір лік жүріп жатыр, қайсыбірін 
тыңнан бастау қажет. Соншама жұмысты атқаратын адамдарға 
тұрғын жай керек. Сол үшін де Қумоланың түстік іргесінен 
жұмысшы-тех никтер тұратын жаңа қалашық – «Соцгородок» 
тұрғызылып жатыр. Байқоңыр мен Жезқаз ғанда негізінен ба-
рактар құрылысы етек ал ған. Тағы бір қызу еңбек жер астында 
басталыпты. Өйткені кен де, көмір де – жер қойнында, оны үстіге 
шығару үшін ағылшындардан қалған ескі шахталарды қалпына 
келтіріп, іске қосу керек. Кен тасын Қарсақбайға тасу – тиімсіз 
жұмыс, бос жыныстан арылтып, байыту қажет. Бұл үшін Жезқаз-
ғанда байыту фабрикасы салынбақ... 
Осынау сан салалы, әр жерде төбе көрсеткен сан алуан жұ-
мыстарға үш мыңдай жұмыскер қамтылған. Олардың дені – 
Атбасар, Қазалы, Қызылорда сияқты Ұлытаумен шек тес елді ме-
кендерден келген дала қазақтары. Маңайдағы найман, қыпшақ 
ауылдарынан ежелгі ата кәсібін тәрк етіп, ұлы дүр мекке елігіп 
келген жігіттер де аз емес. Көп ші лігі ағалы-інілі, әкелі-балалы бо-
лып, үй-і шімен көтеріле келіпті. Сауын малын, ешкілеріне дейін 
айдап келіп, Қумоланың әр жер де үзіл ген суын жағалай қоныстап 
отырғандар да осылар. Бұлардың дені қол күшін ғана емес, түйе, 
арбаларын да қо 
са жалдап, бейнеті зор кіре тарту жұмысын 
көтермеге алған.
* Осы жердің ескі атауы


164
Медеу СӘРСЕКЕ
– Жергілікті халықтың бұл құрылысқа деген ықыласында 
шек жоқ. Жалаңаш қолмен тау қопарып, тас қашап жатырмыз. 
Ағыл шын кезінде бұлай емес-ті... Ілгері бас қан аяғы кері кетіп 
жүрдім-бардым істей тін, шетінен қырсық еді. Бүгінде солар адам 
танығысыз өзгерген. Қараңғы деуге бола ма осы жұртты? Көкірегі 
ояу, ақжарқын көңіл ді, жомарт халық! Шетінен еңбекқор, көр-
діңіз бе, бап-күй талғамай құлшына кірісіп жатқанын... – деп 
сүйсініс білдірген-ді комбинат директоры Иван Васильевич Деев.
Ұлытауға Деев орталық Ресей мен Сібір түрмелерінің дәм-
тұзын біраз уақыт татқан соң, бас-еркінен айрылып, жер ауда-
ры лып, 1913 жылы келген-ді. Ояз әкім шілігі оны Байқоңыр 
кәсіпшілігіне фельдшер етіп тағайындайды. Қызыл Пресня да-
ғы (Мәскеу) 1905 жылғы көше шайқасында шыңдалған больше-
вик, әрине, мұн да да тыныш жүр мейді, шахтерлердің астыртын 
ұйымға одақтасып, саяси күреске ойысуына ұйытқы болады. 
Қазақ тілін үйре 
ніп, бұқара халықтың мұң-мұқтажын өтеуге 
септігі тиіп, әсіресе ауырып-сырқағандарын ақысыз емдеуі оны 
«Першіл Иван» атан дырып, жергілікті тұр ғын дарға жақындата 
түскен. Иван Василье 
вич жайында Қаныш Имантайұлы трест 
кеңсесінде әр қилы қауесет естіген: «Зауыт құрылысын зор 
қиыншылықпен бастадық. Шөл дала, ең қиыны – жол қатынасы, 
бір жә 
шік шегенің өзін төрт жүз шақырым жерден түйемен 
жеткізу керек. Қайда барсаң да – қаңыраған ескі жұрт, бүлінген 
шахта, қау сап тұрған цехтар... Ал соны тездетіп жөн деп, мыс 
береді деп күтіп отырған сенім ді кісіміз – кешегі фельдшер...» 
«Бұл қалай, техникалық сауаты мығым басқа кадр болмаған ба?» 
деп өзі таңданыс білдіргенде, Деевті менсінбей мұрнын шүйірген 
трест инженерлері бұл сұрақтың жауабын Қазақ өлке сінің басшы-
ларынан сұрауға кеңес берген.
Міне, өз көзімен көріп отыр: Иван Васильевич талантты ұйым-
дастырушы болып шықты. Біржосын тынымсыз адам. Қолымнан 
мұн дай іс келмейді деп қамығу жоқ. Жоқтан бар жасап, дүйім елді 
құрылысқа жұмылдырып, ертелі-кеш жүгіріп жүреді. Әсіресе 
жер 
гілікті тұрғындарды кіре жұмысына тар 
та білгені – трест 
басқармасының «жер гілікті халықтың рақымына байланысты» 
деп күні бұрын байбалам салған нақақ жаласын ал ғашқы айларда-
ақ теріске шыға рып ты. Ұлытаудың байырғы тұрғындары ком-
бинатты көліктен де, кірешіден де та рық тырған жоқ. Сірә, бұл 
қалпында зауыт, шахтаға да олар жасқанбай кірісетін тәріз ді...


165
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қарсақбай мыс зауыты – қазақ даласындағы тұңғыш ірі құ-
рылыс қана емес, бүкіл кеңестік мыс өндірісінің алғашқы қар-
лығашы еді. Төңкерістен бұрын салынған Оралдағы Калатин, 
Қыштым, Баймақ, Қарабаш зауыттары, одан соң Кавказдағы 
Аллаверді, Зангезур мыс өндірістері қайта жүргенімен халық 
шаруашылығының қажетін өтей алмады. Анығында солардың 
бәрі қосылып, ділгер мыстың жартысын ғана берді. Қал ған жар-
тысын үкімет алтынға айырбастап шетелден алуға мәжбүр болып 
отыр. Осы ол қылықты түзеу үшін таяу жылдарда тыңнан бірнеше 
мыс зауытын салуға шешім қабылданған. 
Қумола жағасындағы зор қарбаласты көрген сәтте-ақ Қаныш 
Имантайұлы бір түрлі асқақ сезімге бөленген: алып өндіріс, оның 
үлкенді-кішілі цехтары, анау төбе басындағы зәулім мұржа, ай-
дыны жарқыраған су бөгеті, жаңа қалашықтың еңселі үй лері... 
Бәрі-бәрін өңінде емес, түсінде көр ген дей; сахараны ұйқысынан 
оятып, қала салып, отырықшы ел етпек болған бала кү нін дегі 
қиял-арманы бір-ақ күнде жүзеге асқандай құд 
ды... Бақса, 
қиялы мен шындық арасы ұзап кетпеген. Ал өзі сол таңғажайып 
өзгерістің белсенді қызметшісі, жанды тетігі!
IV
Қарсақбайға жеткенде ол Геологиялық комитеттің маманда-
рымен бірге трест иелігіндегі кен орындарын аралауға аттан ған. 
О күнде бұл да оп-оңай шаруа емес-ті. Ең ұрымтал тұрған 
Байқоңыр көмір кені – Жосалы жолында, Қарсақбайдан ал-
пыс шақырым жерде, Жезқазған да сонша жырақта. Қорғасын 
кені екі жүз шақырым – Ақтөбе облысымен шекарада, ал Нілді 
кенішіне бару үшін қиыр даламен төрт жүз шақырымнан астам 
жол жүру қажет. Ақбұйрат пен Қарағанды одан да әріде.
Ұлытаудың байырғы тұрғыны КҮЗЕУБАЙ ЖИДЕБАЕВТЫҢ 
әңгімесі нен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет