Сәрсен аманжолов атындағы шығЫС


Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі



бет2/6
Дата14.09.2023
өлшемі6,37 Mb.
#107496
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практика Қуан

Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі












3 Күнделік-есеп





Күні, айы

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

29.05.23

Біз 29.05 күні Сібе көлінде оқу далалық іс-тәжірибесін бастадық. Келгенде ең алдымен жетекшіміз толығымен барлығымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып шықты. Сосын максат-міндеттерімізді нақтылап берді. Мақсатымыз лекция курсында тыңдалған және зерітханалық сабақта алынған білімді әрі қарай тереңдетіп, оларды жаңа жағдайда өз бетімізше пайдалана білу. Міндеттеріміз- мамандыққа қызығушылықты арттыру мен теориялык білімді практикада игеруге ұмтылу; жұмыс нәтижесінде оқытушы көмегімен жасалған тәжірибеге қортынды жасай білу. Келесі қажетті құралдармен таныстық. Сосын Сібе көлінің тамаша табиғатына тансанып, танысумен болдық.




30.05.23

Бұл күні құбылмалы ауа-райы болды. Үнемі жауа бермейтін үлкендігі қиыршық тастай бұршақтар жауып барлығымызды таңқалдырды. Түс ауа бұлт торлаған аспан жадырап сала берді. Түскі асымызды ішіп табиғат аясына аттандық. Сол жүрген кезімізде омыртқасыз жануарлармен өсімдіктермен таныстық. (eмен анемон (Anemone nemorosa), құртқашаш (Iris), орлики( Aquilégia), шапшаң кесіртке (Lacerta agilis), сарыбас жылан ( Natrix natrix)). Кейін гербарий жасау ережесімен жануар, өсімдіктерге талдау жасадық. Солай біз отрядқа, классқа жіктеуді үйрендік. Ерекшеліктеріне байланысты көрген өсімдік, жануарларды жіктедік.




31.05.23

Бүгін күн райы ашық, жарқырап шығып тұрғандықтан көз тоймас әдемі көбелектер қанат қаға бастапты. Өзіміздің көріп жүрген көбелектерден ерекше әдемі, үлкен көбелектерді көрдік. Аполлон (Parnassius apollo), көккөбелектер ( Lycaenidae), жақты көбелектер (Lacіnіata), тең қанаттылар (Iugata )). Біз үшін ең қызықты болғанны онда Қызыл кітапқа енгендеріде болды. Сондан біз жәндіктер мен көбелектерді, инеліктерді морилкаға жинай бастадық. Біз көрмеген өсімдіктердіде жинап алып келдік. Солай түскі уақытта келіп жетті. Үйге барған сон түскі ас ішіп, жинаған заттарды зерттеуге кірістік. Жетекшіміз үйреткен, көрсеткен әдістер бойынша және бинокулярлы микроскоп арқылы көбелектер мен инеліктерді қанаты, мұрттары арқылы анықтадық. Көбелектердің көптеген тұқымдастарын анықтадық. Олардың қанаттарын жыртып алмай түзеткішке қалай бекіту керек бәрін үйрендік.




01.06.23

Оқу далалық іс тәжирбенің 4-күні. Бүгін біз ауа-райы жақсы болғандықтан таным жорығымызды жалғастырып таңертең шегірткелердің көптеген түрлерін: көкқасқа шегіртке (Locusta migratoria), италиялық прус және өсімдіктерге жорыққа шықтық. Түрлі шегірткелер ұстадық. Түскі асымызды ішіп болған соң, Қоржын көл маңын бақыладық . Табиғаты өте көркем . Көл маңында қайың, долана, тал, қарағаш, үйеңкі, көктал, жөке, арша, итмұрын, жабайы таңқурай сынды ағаш текті өсімдіктер өседі. Онда көкек, шымшық, чечевица, розовый скворец, үйрек, тырна, дала қыраны, үкі, козодой, қарлығаш, үй торғайы, қарға сияқты құстар кездеседі. Көлде балықтың 19 түрі бар. Мысалы: қара балық, серебряный карп, сазан, шабақ және тағыда басқа. Осы кезде жігіттеріміз бақа ұстап, Үйге барған соң бақаны сойып, іш кұрылысымен таныстық.




02.06.23

Қалыптасып бара жатқан әдетімізше таңғы астан кейін, табиғаттың қыр-сырын зерттеуге тағы да жол тарттық. Бірақ бұл күні біз көбелек, шегіртке емес бауырымен жорғалаушыларды ұстауды мақсат еттік. Түске дейін жолымыз болып, кесіртке мен жылан ұстадық. Сөйтіп қуана тұрып жатқан базаға оралдық. Оларды отряд пен классқа бөліп, аталық аналықтарымен таныстық. Әдеттегідей түстен кейін ұстаған бауырымен жорғалаушыларды сойып камералды өңдеуден өткіздік. Бүгінгі күннің ерекшелігі түстен соң бізге Польша, Познань қаласы Адама Мицкевича атындағы университет профессоры Петр Шкудлаж мырза қонаққа келді, өзін таныстырып , студенттерге жылы лебізін білдірді.




03.06.23

Далалық іс-тәжирбенің бүгінгі күні біз танымжорық барысында жәндіктер класының ең ірі отряды қаттықанаттылармен таныстық . Оладың ет қоректі және көпқоректі отряд тармақтарынан тұратын өкілдерін қарастырдық. (Бронзокка золотистая (Cetonia aurata), қи қоңызы (Scarabidae), қан қызы(Coccіnelіdae). Таң ата салып кұстардың әсем даусын тындадық. Олардын ұяларымен таныстық. Көгімізде қалықтап ұшып табиғатымызға ерекше әсемдік беріп жүрген қырғиды және қыран кұсты да бақыладық. Оларды жақыннан көруде бұйырды. Сөйтіп апай бізге кыран кұс пен қырғи туралы көп мәліметтер айтып берді.




04.06.23

Оқу далалық іс-тәжирбенің 7-күні жоспарымызда жоқ мысық ұстап алған сұр жыланды кесіп ішкі құрлысын мұқият бақыладық . Күнімізді сол жерлегі арамшөптермен зиянды жәндіктерді жыйнаумен өткіздік. Оларғада морфолргиялық талдау жүргіздік. Сонымен қатар гүлдердің Биоморфологиялық сипаттамаларын, формуласын және диаграммасымен жұмыс атқардық. Осы жұмыстар барысында біз тоқтаған тәжірибе аймағына Университетіміздің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы келді. Біздің хал жағдайымызды біліп, бізбен жақынырақ танысып, жылы лебізімен жүрек жарды тілегін білдіріп барлығымызды бір қуантып қайтты.




05.06.23

Күндеріміз қызықты әрі пайдалы болып зымырап өтіп жатты. Бүгінгі күнде біз табиғатқа Қосқанаттылар өкілдерімен танысуға шықтық. Құстардың класының өкілдерін анықтадық. Кұстардың қанаттарының түрлерін топ топтарға жіктедік. Осы кезде өсімдіктердің вегатативті мүшелерінің метаморфозымен танысып өттік. Ең қызықты тұсы. кұстарды дауысы арқылы анықтауды үйрендік.




06.06.32

Ауа-райы тұрақтанып күн күнделікті ыстық болды. Бүгінгі күнде өрмекшілер мен бунақденелілердің жарғаққанаттылар отрядынан: ағаш арасы (Xylocopa), қоғамдық насекомдардан құмырсқалардың түрлерін, аралардың түрлерін бақылап ұстадық және олардан коллекция жасадық. Олардық тіршілік әрекетін мұқият бақыладық. Сол насекомдарды ұстап морилкаға салып алдық. Басқаларын жіктегендей насекомдар мен өрмекшілердіде жіктедік. Бір бірінен інлерінін айырмашылықтарын көрдік. Танымжорық кезінде даладағы түрлі індер көзге бірден түсті. Жануарлар Тұратын іңдерін өздеріне жемтік ұстауына ынғайлы кылып салатының байкадық. Ең үлкен ің суыр мен борсықтікі екенін көрдік және жолымыз болып сол іннің ішіне кіріп бара жатқан борсықтыда байқап калдық.




07.06.23

Бүгінгі күніміздің басқа күндерден ерекшелігі, бүгін біз топырақ астындағы уақытша және тұрақты мекендейтін кұрттарды жауын құрттарын және топырық астында тіршілік етуге бейімделген тікқанаттылар өкілі бұзаубасты (Gryllotalpіdae) көріп бақылау жүргіздік. Бұл кезде бізге тек қана кұрттар емес коңыз, тікқанаттылар мен құрлық молюскаларыда бағымызға орай кезікті. Оларды зерттеп жақын таныдық. Дернәсілдерін жинадық. Күндегідей міндетті түрде оларды бір- бірінен ажыратып, жіктеп ерекшеліктерін айқындап, ажыраттық.




08.06.23

Зымыраған уақыт, практикамыздың соңғы күндеріне де жетіп қалдық. Әдетімізше таңғы астан кейін, танымжорығымызды қуана жалғастырдық. Бүгіе біз табиғатты бақылап жүріп Гүлдің жайқалып өсуіне себепкер олар жәндіктер екеніне тағы көз жеткіздік. Себебі гүлді тозандандыратың осы жәндіктер. Ендігі кезекте гүл тозандандырушы жәндіктерді зерттеуге аттандық. Гүл тозаңдарын тасымалдайтын ара, косқанаттыларды көрдік. Оларды бақылау барысында біз мына жайытты байқадық. Ара мен қосқанаттылар гүлге қонғанда тозаң жабысқақ болғандықтан аяқтарына жабысып қалады екен. Сөйтіп ол ұшып басқа гүлге қонғанда сол қонған гүл тозаңы сонда қонып,тозаңдану процессі жалғасын табады.




09.06.23

Қызығы мен қиындығы қатар болған. Болашақ биолог маманға үлкен пайдалы практикамыздың соңғы күніне келіппіз. Осы күні қорытынды конференция болды. Әрбір білім алушы өздеріне бөлініп берілген ғылыми жұмыстар бойынша есеп беріп бір-бірлеріне сұрақ қойып толғандырған сұрақтарына түбегейлі жауап алды. Далалық оқу іс тәжірибе бойынша есеп жасалды. Қорытыңды конференция қызықты да тартымды өтті. Біз зертеген барлық бунақденелілерден коллеакция жасалды, өсімдіктерде гербарийлер жасап өткіздік.. Бұл күндер өте қызықты және лекция барысында алған білімімізді теория тұрғыдан толықтырдық.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет