Сәрсен аманжолов атындағы шығЫС



бет1/6
Дата14.09.2023
өлшемі6,37 Mb.
#107496
  1   2   3   4   5   6


«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Жоғары мектебі IT және жаратылыстану ғылымдары


Кафедра Биология


Күнделік-есеп


Оқу далалық іс-тәжірибе бойынша
(іс-тәжірибе түрі)
Күндізгі оқу түрі 1 курс білім алушысы
6В01512 Биология-жаратылыстану


Бекболат Қуанқан
(білім алушының Т.А.Ә. )

Іс-тәжірибеден өту орны:


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Сібе» оқу далалық тәжірибе орталығы


Іс-тәжірибе мерзімі:
(Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

2023ж. « 29» мамырдан бастап 2023ж. « 9 » маусымға дейін

Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ іс-тәжірибе жетекшісі: Карменова Б.К. сениор лектор


(Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы) (Қолы)

Қорытынды баға:


Өскемен, 2023 ж.




ШҚУ Е Ф 010-22-09






  1. Жеке жоспар-кестесі

Күні

Тапсырмалар және олардың мазмұны (іс-әрекеттері)

Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар

1 апта

29.05.23 ж

Далалық оқу іс-тәжірибенің мақсат, міндеттерімен және қауіпсіздік ережелерімен танысу. Оқу іс-тәжірибеге қажетті құрал жабдықтармен танысу. Сүзгі (сачок), тұншықтырғыш (морилка), энтомологиялық ине, хлороформ, жәндіктер түзеткіші, банка, анықтағыш құралдар, фотоаппарат, бинокль. Құрлық омыртқасыздарын жинау әдістерімен танысу.




30.04.23 ж

Далалық оқу іс-тәжірибе кезінде өзіндік жұмыс тақырыбын таңдау. Түрлі омыртқасыз жануарлар мен өсімдіктермен таныстыру. Биоморфологиялық сипаттама жасау үшін өсімдіктер мен жануарлардың коллекциясы, гербарий жасау ережелерін талдау. Танымжорық.




31.04.23 ж

Экологиялық топтар мен өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдіктердің мерзімдік өзгерістері және маусымдық құбылыстар. Танымжорық.
Даладағы өзіндік жұмыс. Құмырсқа илеуін және олардың іс-әрекетін бақылау. Тікқанаттылар, жартылай қаттықанаттылар отрядының өкілдерін ұстау. Қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жәндіктерді зерттеу. Бақылау. Сарғалдақтар тұқымдасы өкілдері: Алтай күнгелдісі (Trollius altaіcus), жібілген (Clematіs) Өсімдіктердің морфологиялық өзгерістері мен өсімдіктердің тіршілік формаларын анықтау үшін өсімдіктерді жинау.




01.05.23 ж

Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету ортасы су қоймасына экскурсия. Су өсімдіктері мен жануарларының негізгі топтарымен танысу, бақылау және жинау әдістерімен танысу. Су өсімдіктері мен жануарларын, балықтар, қосмекенділерді зерттеу. Амфибияларды суда қалай ұстауды үйрену (тритондар, бақалар, құрбақалар т.б.). Түрлерді анықтау, сандық құрамын анықтау дағдыларын игеру, биотоптық сипаттама. Инеліктер отрядының өкілдерін жинау және бақылау. Биоморфологиялық сипаттамаларды дайындау. Өсімдіктер мен жануарларды анықтау. Ұсталған бақаларды сою.




02.04.23 ж

Оқу далалық іс-тәжірибе ауданының қабыршаққанаттылардың түрлік құрамын анықтау. Ашық биотопта кездесетін бауырымен жорғалаушыларды бақылау және ұстау. Оларды сою техникасымен танысу. Астралар тұқымдасының өкілдері: кәдімгі мыңжапырақ (Achillеa millefolium), кәдімгі тікенқурай (Cirsium vulgare), қашқаргүл (Aster alpinus)




03.04.23 ж

Ашық биопотта кездесетін қаттықанаттылар отрядының өкілдерін сипаттау анықтау. Құстар класының өілдерін бақылау, ұяларын, балапандарын зерттеу.
Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасына жататын түрлер: Жабай итмұрын (Rоsa canína)




04.04.23 ж

Тәжірибе аймағынан арамшөптер мен зиянды жәндіктерді жинау. Камеральді өңдеу. Арамшөптердің морфологиялық ерекшеліктері. Гүлдердің биоморфологиялық сипаттамаларын, формулаларын және диаграммаларын құрастыру. Өсімдіктер мен жәндіктердің анықтау. Жеке тапсырмаларды тіркеу. Жеке тақырып бойынша жұмыс




05.04.23 ж

Оқу далалық іс-тәжірибе ауданының қосқанатылар отрядының түрлік құрамы.
Оқу (далалық) іс-тәжірибе ауданының өсімдіктерінің вегетативті мүшелерінің метаморфозы. Құстар класының өкілдерін бақылау. Құстарды дауыстары бойынша анықтау.




06.04.23 ж

Жер бетінде көптеген тіршілік ететін насекомдар мен буынақтылар: көпаяқтылар, өрмекшітәрізділерді бақылау. Тіршілік етуіне байланысты індерін қазады немесе басқа бастамаларды (қуыстарды, тастарды, өсімдік тамырларын, нәжіс үйінділерінен) қарастыру.
Борсық (Meles) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аңды бақылау.
Қосаяқтар (Dipodidae) – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.




07.04.23 ж

Топырақта тұрақты және уақытша мекендейтін жауынқұрттары, құрлық моллюскалары, көптеген насекомдардың: қоңыздардың, тікқанаттылардың және басқалардың дернәсілдерін жинау, анықтау. Осы аймақта өсетін өсімдіктер құрамын анықтау.




08.04.23 ж

Гүлді өсімдіктер бар кез келген жерде тозаңдандырғыш насекомдар кездеседі: аралар және басқа жарғаққанаттылар; гүлдің шырынымен қоректенетін: қосқанаттылар, қаттықанаттылар, торқанаттылар, шашаққанаттылар, қабыршаққанаттылар.




09.04.23 ж

Далалық оқу іс-тәжірибе туралы есеп беру. Камеральды өңдеу жұмыстарын негізгі тұқымдастарынының белгілерінен сынақ тапсыру. Зертханадағы жұмыс: флористикалық және фаунистік зерттеулердің қорытындыларын шығаруға арналған конференция. Есептерді ресімдеу. Қорытынды конференция. Тәжірибені қорытындылау.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет