Сәрсен Аманжолов тағылымы, синтаксис саласын зерттеген ғалымдар



Дата09.05.2022
өлшемі15,92 Kb.
#33532
Байланысты:
С.Аманжолов синтаксис саласы (2)


Сәрсен Аманжолов тағылымы, синтаксис саласын зерттеген ғалымдар Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді лайық ететін біртуар ғалымның бірі-филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов (1903-1958). Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әрбір тілді зерттеуі диалектикалық даму көзқарастарымен ұштасып отырады. Бұдан тілдің қалпын дамуымен тығыз байланыста зерттеудің, тіл жүйесінің әр элементін қолданыста қарастырудың ұтымды болатынын байқауға болады.Тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теорясының даму жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. С.Аманжоловтың тиянақтауында құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып болып алғаш рет үш түрге жіктеледі. «Бірнеше сөйлем күрделі ойды білдіру үшін бір-бірімен ұласады, кейде біріне-бірі бағынып барып ұласады. Кейде әрі бағынып, әрі тең боп ұласады»,- дейді автор. Мұндай топтау 1940 жылы 5-7 сыныптар үшін жасалған бағдарламада да көрсетілген.Ғалымның құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттелген 1940 жылғы шыққан еңбегінде құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берген: «Құрмалас сөйлем дегеніміз –  екі яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің я сөздер тобының жиынтығы». С.Аманжолов салалас құрмаласты, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлген еді. С.Аманжоловқа дейін А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдерді бес топқа топтастырған.Профессор С.Аманжоловтың 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді. Бұл оқулықта автор салалас сөйлемдердің жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да жасалатынын айта келіп, оның жеті түрін саралап талдап көрсетеді. Салалас сөйлем түрлерін ажыратуда жалғаулықтардың ыңғайымен талдап отырған, мысалы: тіркесті салалас (да, де) жалғауымен келген сөйлемдер, қарсылықты салалас (бірақ, сонда да, т.б) жалғауларымен, үдетпелі салалас (әрі жалғаулығымен), талғаулы салалас (я, яки, жалғаулығымен), себепті салалас (себепті, сондықтан жалғаулықтарымен), кезектес салалас (біресе, кейде жалғаулықтармен), бейтарап салалас (құй, мейлі жалғаулықтарымен) келген сөйлемдер. Профессор Қ.Жұбанов салалас сөйлемдердің компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының он түрлі жолын көрсетсе, профессор С.Аманжолов өз еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің он тоғыз түрлі мағыналық жағынан айыруға болатындығын көрсетеді. Есімдіктер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер, С.Аманжоловтың зерттеуінше, біріншісі – 3-жақ жіктеу есімдігі, екіншісі-сілтеу есімдігі қатар келуі арқылы жасалады. Сөз тіркестері жайында ең алғаш рет он тоғызыншы ғасырдың 50 жылдарынан  бастап айтыла бастады. 70-жылдары орыс әдеби тілінде И.А. Бодуэн де Куртенэ алғаш рет аналитикалық элементтер жайында пікір білдірген. Сонымен қатар лингвист ғалым М.А. Казем-Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка» атты еңбегінің синтаксиске арналған бөлімін «Сөз тіркестері» деген атпен бастап, онда сөздердің байланысу, тіркесу амалдарына тоқталып өткен. 1894-97 жылдар аралығында орыс тілінде жарық көрген «Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы» атты еңбекте П.М. Мелиоранский де синтаксистің біраз мәселелерін сөз етеді. Лингвист – ғалым А.Н. Кононов, сөз тіркесінің байланыстары туралы да бірқатар тұжырымдамалар жасаған. Ол «Түрік тілінің синтаксисі» жөнінде жазған еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу түрлерін меңгеру, қиысу және қабысу деп бөледі және олардың сөз таптарына қатысы туралы айтылады. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда, оны зерттеушілердің қатарында Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, С. Исаев, К. Аханов, Т. Сайрамбаев, Ә. Аблақов, Е. Ағманов, Р. Әміров, М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкенова т.б. атаған болар едік. Қ. Жұбанов 1930-40 жылдар аралығында «Ауыл мұғалімі» журналында қазақ тілінің грамматикасына қатысты бірнеше мақала және ғылыми еңбектер жазды. Т. Сайрамбаев: «Сөз тіркесіндегі сөздердің көмекші етістіктер арқылы байланысуы дегенде көмекші етістіктер тілімізде көп емес екені белгілі. Жоғарыда аталған еңбектерді қорытындылай келсек, ғалымдардың еңбектерінде сөз тіркестерінің негізгі ұғымдары мен ерекшеліктері айқындалып, бүгінгі күнде оның сандық тұрғыдан қарастырылып ,яғни қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің  құрылымдық-статистикалық моделін құруда статистикалық мәліметтерді тиісті жүйеге келтіруде өз рөлін атқарады деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет