Сәтбайдан екі ауыл тарайды. Бірі қажының қарашаңырағы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен ауыл да; екіншісі Қарамұрын дөңінің түстік етегінен ірге тепкен Кіші ауыл Имантайға қарасты екі-үш үй



бет2/2
Дата02.12.2022
өлшемі27,83 Kb.
#54475
1   2
ТӨҢКЕРІС ТОЛҚЫНЫНДА
1905 жылғы төңкеріс кезінде бастау алған тәуелсіздік қозға- лысы бірте-бірте күш жинап, әдіс-айла жинақтап, ақыр аяғында қазақ жерінің барлық түкпірін қамтыды. Сірә, соның ең дүмпулі кезеңі – 1916 жылғы, бұратана халықтардан тыл жұмысына сол­дат алу жарлығына қарсы шыққан жалпықазақтық көтеріліс- тер. Сайып келгенде, сол да 1917 жылдың атышулы дүрбелеңіне ұласты. Қазақтың жер-жердегі ат төбеліндей зиялы перзент- тері, әсіресе білім жолында жүрген шәкірт жастар бұл жолғы қозғалысты жаппай қолдап, азаттық туын көтеруге өз үлестерін қосқаны анық.
Солардың бірі – Том шәріндегі Сібір технология институты кен факультетінің төртінші курс студенті Әлімхан Ермеков. Жас өрен оқуын үзіп, Семейге асыға жеткен. Жалғыз емес, өзімен бірге қырық шақты қазақ жастарын ертіп келеді.
Қазақ халқының алғашқы құрылтайы 1917 жылғы 21-26 шілде ара- лығында Орынборда шақырылып, оған Семейден Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев қатысып, ел басқарудың жөн-жобасын анықтауға белсене атсалысқан. Құрылтайда талқыға түскен өзекті мәселе қазақ жұртының көп жылдар көкейін тесіп, көмейіне тас боп тығылған күпті жайт­тарды сөз еткен: Ресей құрамында автономиялық еркіндік алу, келімсектер нөпірін тоқтату, өз жеріне иелік ету, діннің саясаттан тыс болуы, әйел мен еркектің тең құқықта өмір сүруі, қазақша мектептер ашу, сот жұмысын ана тілінде жүргізу...
Сол жиында бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне қазақ жеріндегі алты облыс пен Бөкей ордасынан, Орта Азиядағы қазақтар атынан сегіз адам өкілдік алған. Семей облысының өкілі – мұғалімдер семинариясының оқытушысы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев...
Көктемгі сырқаттың шынайы сыры күзде мәлім болады: қайткен күнде оқуын тәмамдауды көксеп, қалаға қайтып оралған шәкірт семинария аудиториясын тағы да қоныс аударғандар ау- руханасының палатасына ауыстырады; емханада ол ауыр хал­де, қан түкіріп айдан аса уақыт жатады. Ақыры, қан тыйылады. Науқасты қараған білікті дәрігер С.Н. Разумов Қаныштың дерті өкпе туберкулезінің ашық түрі екенін, тез арада қаладан кетпесе, өміріне қауіп екенін қатаң түрде ескертеді.
Оқимын дегенің көңілді қуантады, жақсы інім. Тегінде, бұл біздің халықтың кешігіп қуған өнері... Сол олқыны сендей жастар қаузаса игі! Тек оқу үшін денсаулық керек. Қанатсыз қы- раннан не қайран, жапалақтай жалпылдап жер бауырлап ұшу- дың қызығы да болмас...
Екі ойлы болып, қаланы қиып кете алмай жүрген жас жігітке есті ағаның емеуірінмен білдірген ақылы түрткі болды. Ақыры елге қайтуға бел байлады.
Кеудесін шалған ауыр дертпен күресу де – осы күнгі тән сауықтырудың алуан емдерімен салыстырғанда мүлдем қара- пайым. Нұрлан Қасенұлы ақсақал осы жайында бізге былай деп бізге сыр шерткен-ді: «Күнде кешке, жылқы күзетіне кетерде, Би атам орта торсық қымызды қанжығама байлайды; торсықтың ішінде құмалақтай күшала дәрімен бірге қарыстай шикі қазы, көбінесе соның ішектен сыдырылған үлпілдегі жүреді... Ал таңертең әлгілердің қайда кеткенін білмейсің. Тек қайыс боп қалған қазының қатты қыртысын ғана көресің. Осы сусынды Қанкежан күні бойы ішеді. Қырдың қымызы тегінде асыл дәрі, науқасты екі-үш айда-ақ аяғынан тік тұрғызып, өңіне қызыл жүгіртті...»
Қыс бойы ауылында жатып тән саулығын күйттеп, әл-қуат жиған Қаныштың көңіл-күйі қазір жадыраған көктем шуағына елігіп мерейлі шырайға ауысқан. Жабырқау күйі тарқап, іштегі өксіктер ұмытыла бастаған. Жасы сол көктемде он тоғызға толды. Осы күнге дейін ой-санасына жиғанын, көкейіне тоқығанын еліне қайырып, жұрты күткен биіктен көрінер кезі. Соны жан-тәнімен сезінеді. Өзін барар жеріне жетпей, орта жолда аялдаған жолау­шыдай көреді. Қырда жүргенімен, көңілі қала жақта.
Әкесін ақыры дегеніне иліктірді. Ауылы жайлауға асқанда, айнымас серігі Нұрланды ертіп, Семейге аттанды.
Бұрынғы тыңғылықты білімі, елде жатып қыс бойы жасаған әзірлігі де септігін тигізіп, соңғы емтиханнан Қаныш қиналмай өтті.
Ақыры, арманына қол жетті, семинарияны тәмамдап, тиісті куәлік алды. Жанын күйзелткен дерттің де беті әрі қарады. Кө- ңілге қайта ұялаған көк шымшық маза бермей, ұшқыр қиялын тербеп, алыс қияндарға жетелейді, оқығысы келеді: көздеген жері – Сібірдің Том қаласы, Семейге ұрымтал өнерлі шәр; онда университет те, институт та бар; университетті қаласа – матема­тика факультетіне барады; институтты таңдаса – кен инженері болып шығады, екеуі де өрісі кең мамандық...
Үшінші азамат – Қаныш та бастапқы ойын тәрк етіп, қияндағы туған ауылына сол жазда қайтпаған. Екіұдай көңілімен әрі-сәрі ойда жүріп, ақыры бір күні облыс орталығындағы жер басқармасына соғады. Бастапқы ойы – ауылдық мектепке жолдама сұрау...
– Қаныш жолдас, шындығында сізді ауылдық мектепке жібе- руге болмайды. Сіз мұғалімдердің өзін оқытуға тиіссіз!..
Ойда-жоқта сөйтіп Жер басқармасының қаражатына Семейде ашылған екі жылдық мұғалімдер курсының оқытушысы бо­лып тағайындалған. Курстың меңгерушісі – Троицкідегі үлгілі медресені үздік бітірген, білімдарлығымен сол кезде-ақ облыс жұртшылығына танылған Мәннан Тұрғанбаев. Ал оқу ісін бас- қарушы – Жүсіпбек Аймауытұлы.
Бар ынтасы, бар тілегі – күзге таман Томға жету. Қазірде ол технология институтына, тек қана соның кен факультетінде оқуға құштар. Өйткені жаратылыстанудан сабақ бергелі сол білімге ерекше құмартатын болды. Әсіресе, жер бетінде тіршілік пайда болып, жан-жануарлар ғана емес, пайдалы қазбалардың жаралу құпиясына ынтығуы ғажап.
Бұл жолы Қаныш ауруханада екі айдай болады. Қан түкіруі тыйылып, басын көтерді. Жүруге бірақ халі жоқ, өңі аппақ қудай, бұрын да жүдеу еді, енді құр сүлдері қалған... Сол қарсаңда ел­ден де әкесі жіберген кісілер келіп, сарыла күтіп жатқан. Ауыл ағасының қатаң тапсырмасы: науқас жігітті еркіне қоймай, ауылға алып қайту! Дәрігердің кеңесі де осы тақылеттес. «Оқуды тый, тұрмысы жүдеу қалада бір күн аялдауға болмайды, жас жігіт! Ендігі үміт – қырдың шипа ауасы мен жұғымды аста ғана». Енді амал жоқ. «Қош бол, қимас қала, білімдар Семей! Қош енді, барлық арман, мұраттар да!..» Мұғалімдер курсымен есеп айыры­сып, керек-ау деген кітаптары мен қағаз-қаламын да қалдырмай, арбаға түгел салғызып, ұзақ жолға аттанды.
ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет