ҚБМұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Екі жұлдық,бір ұсыныс»
Жеке құқық
Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып: 10
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Азаматтық құқықтың объектілері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
10.3.1.4 - азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу;
10.3.1.5 - нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау
Сабақтың мақсаты
Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсіндіру.
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:
Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Миға шабуыл
-Азаматтық құқықтың объектілері дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушылар жауабын тыңдаған соң өзіңіз толықтырыңыз.
Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасын былай беруге болады: азаматтық құқықта объектісі дегеніміз – ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталған (ықпал ететін) заттар болып табылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқықтың объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады.
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Тақырып
тық суреттер
Жаңа білім
Азаматтық құқықтың объектілері Мәтінмен жұмыс. Азаматтық құқық объектілері көрініс тапқан мәтіндер ұсынылады.
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.
1-тапсырмаМәтінді қалпына келтіріңіз. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, _____________және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —____________________игіліктермен (мүлік, ___________, құнды қағаз, қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру,____________________. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар_______________________ құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, қадірі, ары, атақ- абыройы, іскерлігі және ____________________, өз есіміне құқығы, авторлық құқығы т.б. жатады.
Керекті сөздер: Мұраға қалдыру, мүліктік емес, ақша, отбасы құпиясы, пайдалану.
Үш жақты түсіндірме күнделігі