Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері



бет23/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
ІШКІ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ

7.1 Жалпы ережелер


7.1.1 Ішкі газ құбырларын металл құбырлардан (болат және мыс) және жылуға тұрақты бір металл қабаты бар көп қабатты полимерлі (металполимерлі) құбырлардан жасалады. Мыс және көп қабатты металл полимер құбырларды қолдануға IV санатты қысымдағы газ құбырлары үшін рұқсат етіледі. Көп қабатты металполимер құбырларды құрылыста қолдануға жарамдылығы белгіленген тәртіпте нақтыланған жағдайда биіктігі үш қабаттан аспайтын тұрғылықты бір пәтерлі үйлерді табиғи газбен қамту үшін ішкі газ құбырларына қолдануға болады.
Газ құбырларын айтылған құбырлардан тарту ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сәйкес, осы ережелер жинағы нұсқауларын ескере отырып қарастырылады.
Майысқақ түтік ретінде белгіленген қысым мен температурада тасымалданатын газ әсеріне тұрақты сильфонды металл түтікшелер пайдалану ұсынылады.
7.1.2 Майысқақ түтіктерді техникалық шарттар мен стандарттарда белгіленген жарамдылық мерзімінде, бірақ 12 жылдан кем емес уақыт қолдану керек.Сырттан сатып алынатын импорттық майысқақ түтікшелердің жарамдылығын растайтан техникалық куәліктері болуы қажет.
7.1.3 Тұрмыстық газ пайдаланатын жабдықтарды жалғастыруға пайдаланылатын майысқақ түтікшелердің «газ» таңбалануы және ішкі диаметрі – 10 мм кем болмауы керек.

42


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Тұрмыстық құралдар мен БӨҚ зертханалық жанарғыларын, СКГ баллондарын жалғауға арналған майысқақ түтіктердің жапсарлы қосылыстары болмауы керек.
Майысқақ түтіктерді жасырын тартуға, құрылыс ғимараттарымен, оның ішінде есік және терезе ойықтарымен қиылыстыруға болмайды.
7.1.4 ҚР потенциалды теңестіру жүйелері ЭОЕ талаптарына сәйкес келмейтін электрлендірілген тұрмыстық газ пайдалану құрылғыларын ғимарттарда пайдаланғанда газ құбырлары арқылы ағын тогының өтуін, теңестіруші токтың қорапқа тұйықталуын болдырмау үшін оқшаулаушы қосымша (түсірмелі көтергіштен кейін)қарастыру керек. Оқшаулаушы қосымша ретінде ток өткізбейтін майысқақ түтікшелер де пайдалануға болады.
7.1.5 Газ құбырларын ашық тарту жанбайтын тіреулерде, ғимарат құрылымына, газ
пайдалану құрылғысы аудандарына, қазандықтарға бекітуді қарастырады. Газ құбырларын тексеру және оған орнатылған арқауларды жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей қашытықта бекіту қажет.
7.1.6 Газ құбыры мен құрылыстың, технологиялық жабдықтардың және коммуникациялардың ара қашықтығын оны монтаждау және жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, электрмен қамту шоғырсымдарымен ара қашықтығын – ҚР ЭОЕ талаптарына сәйкес қабылдау керек. Газ құбырларын желдету торларымен, есік және терезе ойықтарымен қиылысуына жол беруге болмайды.
7.1.7 Газ құбырларына ғимараттар мен құрылымдар арқылы тартқанда оларды құтыға салу қажет. Газ құбыры мен құты арасындағы кеңістікті шайырланған талшықпен, резина тығындармен және басқа да созылмалы материалдармен тығыздау керек. Қабырға мен құты аралығындағы кеңістікті цементті немесе бетонды қоспамен қиылысатын құрылымның барлық қалыңдығы бойымен тығыздайды. Құты шеттері қабырғаның қиылысатын құрылымы шеттерінен еден бетінен 50 м кем емес биіктікте бір деңгейде болуы керек.
Құты диаметрі есептеу арқылын нақытланады, бірақ, газ құбыры мен құты арасындағы сақиналы саңылау 10 мм кем емес, ал шартты диаметрі 32 мм дейін газ құбырлары үшін – 5 мм кем кем болмауы керек.
7.1.8 Газ құбырларын ыстық жану өнімдерімен немесе ыстық, балқыған металлмен жанасуы мүмкін жерлерге және жемірілуге белсенді сұйықтарды құятын жерлерге тартуға болмайды.
Газ құбырларын ашық жылулық сәулеленуден қорғау (оқшаулау, экрандар орнату және т.б.) қажет
7.1.9 Негізделген жағдайларда (басқа төсеме мүмкіндігі болмағанда) газ құбырларын қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың дәліздерінде ажыратқыз қосылыстар мен арқаулар болмаған жағдайда 2 м кем емес биіктікке орнатуға болады.
7.1.10 Газ құбырларын жасырын төсеу келесі талаптарға сәйкес қарастырылады:
а) қабырға штрабында:


  • штраб өлшемі газ құбырларының монтажы, пайдалану және жөндеу жағдайларына байланысты қабылданады;

43


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013


  • штрабты жабатын қалқандардағы желдету кертіктері оның толық желдетілуі шарттарына байланысты орнатылады;

б) моноқұймалы құрылым едендерінде:




  • еденнің газ құбыры астындағы астарлаушы қабатының қалыңдығы және металл тордан қашықтығы (немесе еденде орналасқан басқа құрылымдар) 5 см кем болмауы керек;




  • газ құбыры астындағы астарлаушы қабат қалыңдығы 3 см кем емес;




  • газ құбыры еденгетаңбасы жобада анықталатын цементті немесе бетонды қоспамен моноқұйылады;




  • еденнің газ құбыры тартылатын жерлерінде жүктеме (көліктен, құрылғылардан) және күшті орта ықпалының болмауы ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 «Едендер» талаптарына сәйкес анықталады.




  • газ құбырларын еденге енетін және шығатын жерлерде жерден 5 см шығып тұратын немесе еден құрылымына анкерленген құтыларға салынуы керек;

в) едендер арналарында:




  • арналар құрылымы газдың еден құрылымында таралуын болдырмауы және газ құбырларын тесеру мен жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі (арналар құммен көміледі және ажыратылатын жанбайтын тақталармен жабылады) керек;




  • газ құбырларын өндіріс жағдайлары бойынша арналарға күшті орта түсуі немесе газ құбырларының басқа коммуникация арналарымен қиылысуы мүмкін жерлерге тартуға рұқсат етілмейді.

7.1.11 Газ құбырларын шртабта тартқанда оны ғимарат құрылымына бекітуді қарастырады. Газ құбырларын арнада тартқанда жанбайтын тіреуге орнату қажет.


7.1.12 Газ құбырларын жемірілуден қорғау ҚР ҚНжЕ 3.02-03 және ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7.1.13 Өндірістік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың (оның ішінде қазандықтардың) газ құбырларында үрлеп тазартылатын құбырларды құбырды енгізу үлескілерінен алыс жерлерде орнату керек, сонымен қатар әр газ құбырын орнатар алдында сөндіргіш құрылғымен жабдықтау керек.
Үрлеп тазартылатын газ құбырының диаметрі 20 мм болуы керек.
Үрлеп тазартылатын құбыр жолдарының соңғы үлескілерінен дуалдың ағындық желдету құрылғысына дейінгі қашықтық тігінен шамамен 3м болуы керек.
Сөндіргіш құрылғыдан кейін құбыр жолына тұтандырғыш жалғау үшін жалғасстыққолдану мүмкін болмаса, сынама алу үшін көтергіші бар жалғастық қарастырылады.
Қысымдары бірдей үрлеп тазартылатын құбырларды тығыздығы ауа тығыздығынан жоғары үрлеп тазартыратын құбырлардан басқа жағдайда біріктіруге болады.
Ғимарат найзағайдан қорғау аймағынан тыс орналасқанда үрлеп тазартылатын құбырларды найзағайдан қорғау ҚР ҚН 2.04-29 сәйкес қарастырылады.
7.1.14 Газ пайдаланатын құрылғыға әкелетін газ құбырларында сөндіргіш құрылғылар орнату қарастырылады:

44


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013


  • ас дайындау қазандықтарына, мейрамхана пештеріне, жылыту пештеріне және басқа да теңдес жабдықтарға – ретімен екеу: біреуі құрылғыны сөндіру үшін (қондырғыны тұтас),екіншісі – жанарғыларды сөндіру үшін;




  • құрылымында жанарғы алдына сөндіргіш құрылғы орнату қарастырылған құрылғыларға – біреу.

7.1.15 Бөгде тұлғалар араласуының алдын алу үшін ішкі газ құбырын қорғаудың енжар шараларын қарастыру керек. Төмендегі енжан шараларды, немесе оларды үйлестіре қолдану ұсынылады:


а) бөгде тұлғалардың газ құбырына қол жетімділігін шектеу (Г қосымшадағы типтік шешімдер);
б) ажыратылмайтын жалғастырғыштар;
в) ажыратылмайтын жалғастырғыштарға және техникалық құрылғыларға қол жетімділікті шектеу.
7.1.16 Барлық бағыттағы ғимараттарды қауіпсіз газдандыру үшін газ шығыны шекті шамадан асқанда, мысалы газ құбырының жарылуы немесе бөгде тұлғалардың заңсыз араласуы нәтижесінде – сыртқы газ құбырларына газ шығыны бойынша газ беруін автоматты жабатын ілмекті қақпақшалар орнату;
газдандырылатын ғимаратты өрт белгілерінің пайда болуы (жалын, түтін, жылулық әсер, газ тәрізді жану өнімдерінің бөлінуі) – газдандырылатын ғимараттарға газ беруін жабатын электромагнитті ққапақшамен байланысты өрт хабарлағыштарын орнату.
Ғимаратты қауіпсіз газдандырудың негізгі белсенді шаралары Д қосымшада берілген. Типтік суреттер (Д қосымшасының Д1 және Д2 суреттерін қараңыз) пайдалану кезінде жобалық құжаттамада нақтыланады. Газдандырудың белсенді қаіпсіздік шаралары кешенді және дербес түрде қолданылады. Бұл жөніндегі шешімді қауіп дәрежесіне, тапсырыс беруші талаптарына, газ желілері жағдайына және газ пайдланатын құрылғыға тәуелді жобалық ұйым қабылдауы тиіс.
7.1.17 Орталық жүйе дұрыс жылытуды қамтамасыз етпеген жағдайда орталықтан жылытылмайтын ғимараттарды жылыту үшін тұрғын үйлерде радиациялы және конвекциялы қызметті (алауошақ, калорифер, жылулық блок, конвектор және т.б.) жабдықтар орнату ұсынылады. Орнатылатын жабдық зауытта дайындалған және жану өнімдерін атмосфераға шығаратын болуы керек. Аталмыш жабдықтардың газ жанарғылары түтін жолындағы тарту бұзылғанда және жалын өшкенде жанарғыларды атоматты өшіру қауіпсіздігімен жабдықталуы керек.Жоғарыда аталған жабдықтар орнатылатын ғимараттың желкөзді (ашылатын жоғарғы бөлік) терезесі немесе тартқыш желдету арнасы болуы тиіс. Ғимаратқа тартпа арнасы арқылы ауаның енуін қамтамасыз ету үшін ағынды құрылғы қарастырлады. Тарту арнасы мен ағынды құрылғы өлшемдері есептеу арқылы анықталады.
Тұрғын үйлерде конвекциялы қызметті газ пайдалану құрылғыларын орнатқанда жануға ауа жұмсау және жану өнімдерін шығару ғимарат сыртынан немесе түтін мұржасы арқылы жүзеге асырылуы қажет.
7.1.18 Түтіндік және желдеткіш арналар орнату бойынша нұсқаулар Е қосымшада берілген.

45


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
7.2 Тұрғын үйлердің газ пайдаланатын жабдықтары
7.2.1 Газ пайдаланатын құрылғылар орнатуға арналған ғимараттар ҚР ҚН 4.03-01 және басқа да нормативті құжаттар талаптарына жауап беруі керек.
Жылытқыш газ пайдаланатын құрылғы орнатылатын ғимараттарда жеңіл жинақталатын қоршау құрылымы ретінде терезе ойықтарын пайдалануға болады, олардың
жеке әйнек ауданы әйнек қалыңдығы 3 мм болғанда 0,8 м , әйнек қалыңдығы 4 мм болғанда 1,0 м және әйнек қалыңдығы 5 мм болғанда 1,5 м болуы керек.
7.2.2 Жылытқыш газ пайдалану құрылғысын орнатуға арналған ғимараттарда келесі шарттар сақталуы керек:


  • биіктігі 2,5 м кем емес (құрылғы қуаты 60 кВт аз болғанда 2 м);




  • табиғи желдетілу: тарту – сағатына 3 мәрте ауа алмастыру көлемінде; ағын – тартпа көлемінде және газ жануына жұмсалатын қосымша ауа мөлшері. Қуаты 60 кВт құрылғылар үшін тартпа және ағынды құрылғылар өлшем есептеу арқылы анықталады;

Әйнектену ауданы 1 м те 0,03 м есебінен болған жағдайда ғимараттар және аралас ғимараттарды қоршайтын құрылымдаротқа жұрақтылығы шегі REI 45 кем емес жағдайда қуаты 60 кВт құрылғы орнату немесе ғимарат жертөлесін қуатын тәуелсіз жабдықтау қарастырылады;




  • тікелей сыртқа шығару – бір пәтерлі немесе тосқауылданған тұрғын үйлердің төменгі жертөлелік қабаттары үшін қуаты 150 кВт жоғары ЖОҮ 41-2 талаптарына сәйкес құрылғы орнату.

7.2.3 Тұрғын үйлерде ас үй бөлмелерінде газ пештерін монтаждау бойынша өндірушы-зауыт талаптарына жауап беретін тұрмыстық газ пештерін, оның ішінде төбесі көлбеу, орталық бөлігінің биіктігі 2 м кем емес ас бөлмелеріне биіктігі 2,2 м кем емес жерлеріне орнату ұсынылады.


7.2.4 Тұрмыстық газ пештерін жазғы ас үйлерге немесе сырттан жаппа астына орнатуға болады. Пешті жаппа астына орнату кезінде жанарғылары жел үрлеуінен қорғалуы тиіс.
7.2.5 Зауытта дайындалған сұйық немесе қатты отынмен жұмыс жасауға арналған жылыту құрылғысын газдық отынға ауыстыруға болады. Құрылғыға орнатылатын газ жанарғылары МЕМСТ 21204 немесе МЕМСТ 16569 сәйкес болуы керек.
7.2.6 Тұрмыстық газ пештері мен газ пайдаланатын жылыту құрылғыларының ғимараттың құрылыс үйлесімімен ара қашықтығын өндіруші кәсіпорынның монтаждау бойынша нұсқауларымен немесе төлқұжатпен сәйкес қарастыру керек.
7.2.7 Өндіруші-зауыт нұсқаларында немесе төлқұжатта газ пайдалану құрылғыларына талаптар болмаған жағдайда оны монтаждау, пайдалану және жағдайларына байланысты орнатады, бұл жағдайда келесі шарттарды сақтау қажет:
газ пештерін:


  • жанбайтын материалдан жасалған қабырғада қабырғадан 6 см кем емес

қашықтықта (оның ішінде бүйір қабырғадан). Пешті жанбайтын материалмен оқшауланған қиын жанатын немесе жанатын материалдардан жасалған қабырғаға 7 см кем емес қашықтықта (қалыңдығы 3 мм жабындық болат асбест бетімен, сылақ және т.б.)



46


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
орнатуға болады. Қабырғаларды оқшаулау еденнен бастап, пеш өлшемдерінен әр жағынан 10 см, жоғары жағынан кем дегенде 80 см шығыңқы болуы тиіс;
ыстық сумен қамту және жылытуға арналған қабырғалық газ пайдаланатын құрылғы:


  • жанбайтын материалдан жасалған қабырғада 2 см кем емес қашықтықта (оның ішінде бүйір қабырғадан);




  • жанбайтын материалмен (қалыңдығы 3 мм жабындық болат асбест бетімен, сылақ және т.б.) оқшауланған қиын жанатын немесе жанатын материалдардан жассалған қабырғадан 3 см (оның ішінде бүйір қабырғадан).

Оқшаулау құрылғы қорабы өлшемдерінен 10 см, жоғары жағынан 70 см шығыңқы болуы керек. Құрылғының шығыңқы бөліктерінің тұрмыстық пешке дейінгі көлденеңінен қашықтығы 10 см кем болмауы қажет.


Пәтерлік жытылуға арналған құрылғыларды жанбайтын, қиын жанатын және жанатын материалдан жасалған қабырғадан 10 см кем емес қашықтықта орнату керек.
Аталмыш құрылғыны қиын жанатын және жанатын материалдардан жасалған қорғаныссыз қабырғалардан 25 см артық қашықтықта орнатуға болады.
Жоғарыда айтылған құрылғыларды ағаш жабыны бар еденге орнатқанда еден жанбайтын материалмен оқшауланып, құрылымның отқа төзімділігі шегін 0,75 с қамтамасыз етуі тиіс. Еденді оқшаулау құрылғы қорабы өлшемдерінен 10 см шығыңқы болуы керек.
7.2.8 Газ пайдаланатын құрылғының шығыңқы бөліктерінен өту орындарындағы қашықтық 1,0 м кем болмауы керек.
7.2.9 Жылытқыш және жылытқыш –қайнатқыш пештердің оттығына орнатылатын газ жанарғылары жалын өшкенде немесе түтіндіктегі тарту бұзылғанда (МЕМСТ 16569 талаптарына сай) жанарғылардың қауіпсіз сөну автоматикасымен жабдықталуы керек.
Газданатын пештердің оттықтарын дәліз немесе басқа тұрғылықты емес (қызметтік емес) ғимарат жағынан орнату керек. Пеш оттығы бар ғимараттарда тартпалы желдеткіш арна, тұрғылықты емес ғимаратқа немесе тамбурға шығатын желкөзі бар терезе және есік болуы міндетті. Пеш алдында міндетті түрде ені 1 м кем емес орын болуы тиіс.
Газдық пешпен жылытылатын ғимараттарда табиғи түрткісі бар тартпа желдеткіштер орнатуға болмайды.
Газдық отынға ауысқанда жылыту пештерінің отындықтарын отқа төзімді, балқымайтын кірпішпен астарлауға болады.
7.3 Қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың газ пайдаланатын жабдықтары
7.3.1 Балалар ғимараттарының топтық және жатын бөлмелерінің, дәмханалардың, асхана және мейрамханалардың ас ішу және сауда залдарының, аурухана бөлмелерінің, оқу ғимараттарының аудиторияларының, мәдени-ағарту ғимараттарының көрермен залдарының және адамдар жаппай қолданатын ғимараттардың жылыту –қайнату пештерін газға ауыстыруға болмайды.

47


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
7.3.2 Сұйық және қатты отынмен жұмыс істеуге арналған ас пісіру қазандықтарын, пештерді және қайнатқыштарды газ отынға ауыстыруға болады. Ас пісіру пештерінде ажыратылатын тұтас төсемелі кәмпіректі сақиналарды алмастыруға болады. Бұл құрылғыға орнатылатын газ жанарғы құрылғылар жалын сөнгенде немесе түтіндікте тарту бұзылғанда қауіпсіз сөну автоматикасымен жабдықталуы керек.
7.3.3 Сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да тұтынушылық кәсіпорындарына арналған газ пайдалану құрылғыларын негізгі жанарғыларын газ берілу тоқталғанда, жалын өшкенде немесе ауа берілу тоқталғанда (мәжбүрлі ауа жіберу жанарғыларымен жабдықталған құрылғылар үшін) қауіпсіздік автоматикасы құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Блокқа біріктірілген бірлік қуаты 5,6 кВт жанарғы немесе жанарғылар тобы үшін қауіпсіздік автоматикасын орнату міндетті емес.
7.4 Өндірістік ғимараттар мен қазандықтардың газ пайдаланатын жабдықтары
7.4.1 Газ жанарғыларын ілмекті арқаумен және қауіпсіздік автоматикасы құралдарымен бекіту МЕМСТ 21204 талаптарына сай болуы тиіс.
Бірлік қазандық агрегатының жылу өнімділігі 120 МВт қазандықтардың қазандық жанарғылары үшін әр жанудың алдында электрлік жетегі бар екі ілмекті құрылғы орнату, ал қайта пайдаланылатын қазандықтар үшін - электр жетегі бар ілмекті құрылғы және сақтандырғыш ілмекті қақпақша орнату керек.
Газ жанарғыларының шығыңқы бөліктерінің немесе арқаудың қабырға немесе ғимараттың басқа да бөліктеріне дейінгі ара қашықтығы көлденеңінен 1 м кем болмауы тиіс.
7.4.2 Электр энергриясы мен жылуды аралас шығару бойынша газ пайдаланатын құрылғыны қабырға жабындары отқа тұрақтылығы бойынша ІІ дәрежелі, минимальді отқа тұрақтылық шегі 0,75 с және оттың құрылым бойынша таралу шегі нөлге тең қоршау құрылымында оқшауланатын ғимаратқа орналастырады.
Электр энаргиясы мен жылуды аралас шығаратын қондырғылар орнатылатын ғимараттарды:


  • шу сіңіргіш құрылғылармен;




  • тұрақты жұмыс жасайтын, ғимараттың газ құбыры жолына тікелей орнатылған механикалық қосылатын, оқшауланған автоматты ілмекті органы бар желдеткішпен;




  • автоматты ілмекті органмен жабдықталған және қауіп дабылын диспетчер тетігіне бағыттайтын газдылықты бақылау жүйесі және өрт дабыл бергішімен жабдықталады.

Электр энергиясы мен жылуды аралас шығаратын құрылғыларды газбен қамтужәне жеке қозғалтқыштарды бекіту газ жанарғылары үшін МЕМСТ 21204 бойынша қарастырады.


Газ құбырларында үрлеп тазартылатын құбыр жолдары жүйесі болуы керек.
7.4.3 Өндірістік газ пайдаланатын құрылғыларды және бақылау-өлшеу құралдары, арқаулар, автоматика, қауіпсіздік және ғимараттың бірінші қабатының еден деңгейінен төмен (техникалық еден астында) белгіде реттеуші бекітілген газ жанарғысы құрылғыларын технологиялық үдерісте негізделген болса орналастыруға болады.

48


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Бұл жағдайда қауіпсіздік автоматикасы энергиямен қамту тоқтатылғанда, ғимарат желдетілуі бұзылғанда, газ қысымы шекті деңгейдан төмендегенде немесе жоғарылағанда, араластырғыш жанарғылар алдында ауа қысымы төмендегенде газ беруін тоқтатуы керек.
Техникалық еден асты газды автоматты сөндіретін газдылықты тексеру жүйесімен жабдықталуы керек және ол жоғарыға ашылуы тиіс. Толық автоматтандырылған газ құрылғысы жағдайында еден астын торлы төсемемен жабуға болады.
Газ пайдаланатын құрылғыларды техникалық еден астына орнату кезінде келесі талаптар орындалуы керек:


  • техникалық еденде 45° кем емес еңкіштікпен орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған тұтқасы бар баспалдақ орнату;




  • жоғарғы жағы ашық техникалық еден астының МЕМСТ 12.4.059 бойынша жасалған периметр бойынша қорғаныш қоршауы болуы;




  • газ пайдаланылатын құрылғылардың қызметін пайдалану үшін ені 0,6 м кем емес бос орын, ал газ жанарғы құрылғыларының алдында 1,0 м орынның болуы. Толық автоматтындырылған құрылғыда бос орынның ені техникалық қызмет көрсетудегі еркін қол жетімділік есебінен қабылданады.

Техникалық еден астының желдетілуі ҚР ҚНжЕ 4.02-42 талаптарын ескере отырып, өндірістің негізгі қағидаларына жауап беру керек.


7.4.4 Қазандықтарды газдық отынға ауыстырғанда қазандықтарда және газ жолдарында «Су жылыту температурасы 388 К (115 °С) артық емес су жылыту
қазандықтарымен су жылытқыштарын, газ қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см ) аспайтын бу қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері» талаптарына сәйкес газ
жолдарымен қазандықтарға сақтандырғыш жарылғыш қақпақшалар орнату қарастырылады.
Бу қысымы 0,07 Мпа жоғары бу қазандықтары және су температурасы 115 °С жоғары су жылыту қазандықтары үшін жарылғыш қақпақшалары ҚЕ 10-574 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қайта орнатылатын қазандықтар үшін жарылғыштық қақпақшалар орнату қажеттілігін қазандық құрылымына байланысты, ал газ жолдарында – жобалық ұйым анықтайды.
Пештерде және басқа да газ пайдаланатын құрылғыларда (қазандықтардан басқа), газ жолдарында жарылғыштық қақпақшаларды орнататын орындар мен олардың саны технологиялық жобалау нормаларына сәйкес анықталады, ал аталған нормалар болмаған жағдайда – жобалық ұйым шешіміне тәуелді болады.
Жарылғыштық қақпақшаларды қызметкерлер үшін қауіпсіз орындарда орнату мүмкін болмағанда қақпақша іске қосылу жағдайына қауіпсіздік қондырғыларын қарастырады.
7.4.5 Қазандықтарда ортақ түтіндікке жалғанған және үрлеу арқылы жұмыс істейтін бірнеше қазандар болған жағдайда түтіндік қүбыр негізінде белгінің бергіштен барлық қазандықтардың қауіпсіздік автоматикасына берілуін қарастырады. Түтіндік жұмысы бұзылған жағдайда газдық ыдырау бойынша барлық жұмыс істеп тұрған қазандықтарға берілуі автоматты түрде тоқталуы керек.

49


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
7.4.6 Пештерді және басқа да газ пайдаланатын құрылғыларды аталған параметрлер нормадан ауытқығанда газ берілуін тоқтатуды қамтамасыз ететін қауіпсіздік автоматикасымен жабдықтайды.
7.4.7 Қауіпсіздік автоматикасы жүйесінде газ берілуін апаттық тоқтату технологиялық үдерісте газ беруде үзіліс жасауға болатын жағдайда бақылау параметрлерінің өзгерісі туралы дабылмен алмастыруға болады.
7.4.8 БӨҚ өлшенетін параметрді реттеу орнында немесе арнайы құрылғы қалқанында орнатылады.
БӨҚ жолында сөндіргіш құрылғылар орнату қарастырылады.
БӨҚ құрал қалқанына орнатқанда бірнеше нүктедегі параметрлерді өзгерту үшін бір ауыстырып қосқышы бар құралды пайдалану жеткілікті.
БӨҚ және автоматика құралдарын газ құбырларына жалғау құрылғы немесе жабдық төлқұжаттарында басқа жағдай қарастырылмаса металл құбырлар көмегімен жүзеге асырылады.
Газ қысымы 0,1 Мпа дейін болғанда БӨҚ ұзындығы 3 м артық емес майысқақ түтіктер көмегімен жалғауға болады.
7.4.9 Газ пайдалану құрылғыларының және өндірістік ғимарат қазандықтарының газ жанарғылары алдындағы тұрақты газ қысымын қамтамасыз ету үшін газ желілеріне реттеуші-тұрақтандырғыштар орнату көзделеді.
Реттеуші-тұрақтандырғыштарды орнатқанда алдында СІҚ және олардан кейін СТҚ орнату қажет емес.
7.4.10 Өндірістік ғимараттар мен қазандықтардың желдетілуі құрылыс ережелері тапаптарына және өндіріске орналастыру ережелеріне сәйкес болуы керек.
7.5 Инфрақызыл сәулелену жанарғылары
7.5.1 Инфрақызыл сәулелену жанарғылары (ИСЖ) МЕМСТ 25696 (ашық сәулелендіргіштері бар ИСЖ), МЕМСТ 50670 (күңгірт сәулелендіргіштері бар ИСЖ) және қолдану саласына сәйкес нақты жанарғы типіне қойылатын техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
ИСЖ бар жылыту жүйелерін пайдаланғанда аталмыш құжат ережелерінен басқа МЕМСТ 12.1.005 және ҚР ҚНжЕ 4.02-42 және басқа да нормативті құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
7.5.2 ИСЖ өндіруші-зауыт нұсқаулары және төлқұжат талаптарына сәйкес қолдануға болады:


  • жұмыс орындары және өндірістік ғимарат аймақтары;




  • жұмыс орындары және ашық аудандардағы аймақтар (оның ішінде перрондар, спорттық құрылымдар);




  • ғимараттар салу және құрылыс үдерісіндегі гимараттар құрылымы;




  • адамдар уақытша қоныстанатын қоғамдық ғимараттар:

а) жеңіл тұтанатын және жарылыс қаупі бар заттар мен материалдар сақтауға және өңдеуге арналған залдар мен ғимараттардан басқа сауда залдары;


б) мейрамханалардан басқа қоғамдық тамақтану орындары;

50


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013


  • мал шаруашылығын жүргізу ғимараттары;




  • жеңіл тұтанатын және жарылыс қаупі бар материалдардан басқа материалдарда технологиялық өңдеу үшін;




  • ашық және жартылай ашық аудандардағы, ғимараттар мен құрылыстардың жабындарындағы қар еру жүйелерінде.

7.5.3 ИСЖ жарылыс және өрт қаупі бойынша А, В1 және Б санатты өндірістік ғимараттарға, С0 отқа төзімділік класы бойынша ІІІ дәрежелі ғимараттарға,сонымен қатар ғимарат жертөлелеріне орнатуға болмайды.


7.5.4 ИСЖ бар тұрақты қызметкерлері жоқ ғимараттарды жылытуға арналған жылыту қондырғыларын жанарғы жалыны өшкен жағдайда газ беруін тоқтататын автоматикамен жабдықтау қарастырылады.
Ғимараттан тыс орнатылатын ИСЖ автоматикасы бар құрылғылар қажеттілігі нақты жанарғыны орнату және пайдалану (ИСЖ технологиялық орналастыру, 2,2 м биіктікте орналасқан жанарғыларды жағу, қызметкерлердің болуы және т.б.) жобалаушы ұйыммен анықталады.
7.5.5 ИСЖ ғимараттың жанбайтын және қиын жанатын материалдардан жасалған қоршауына (есік және терезе қораптары, жабындар)дейінгі қашықтығы сәулеленуші бет жанбайтын материалдарды экрандау немесе қорғау жағдайында (асбест бойымен жабындық болат, асбестцементті бет және т.б.) температурасы 900 °С дейін болғанда0,5 м кем емес және температура 900 °С жоғары болғанда 1,25 м болуы тиіс.
Ашық электр жетегі ИСЖ және сәулелену бетінен кем дегенде 1м қашықтықта орналасуы керек.
7.5.6 ИСЖ орнатылатын ғимаратты желдетуін есептеуді жұмыс аймағы ауасындағы СО және NО шекті жіберуге болатын концентрациясы нормаларын басшылыққа алып
жүргізеді. Тарту құрылғыларын сәулелендіргіштен (жанарғы) жоғары, ал ағындық құралдарды – жанарғы сәулелену аймағынан тыс орналастыру керек.
ИСЖ қыздыру жүйесі жергілікті немесе жалпы алмасу жүйесімен тосқауылданып, желдеткіш жұмыс жасамаған жағдайда жүйе қосылуы мен жұмысын болдырмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет