10.3 СКГ арналған сұйыққоймалар 10.3.1 ГТО және ГТБ СКГ арналған сұйыққоймалары жер бетіне, жер астына немесе топырақпен көміліп орналастырылуы мүмкін.
Жеке жер асты сұйыққоймалары арасындағы қашықтық үлкен аралас сұйыққойма диаметрінің жартысына тең, бірақ 1 м кем емес болуы керек.
Жер асты сұйыққоймаларын көму қалыңдығы сұйыққойманың жоғарғы құраушысынан 0,2 м кем болмауы керек.
10.3.2 Жерүсті сұйыққоймаларын ГТБ және ГТО жоспарлы белгіленген аудандарында топтастырып орналастыру керек. Топтағы жерүсті сұйыққоймаларының максимальді жалпы сыйымдылығы 20 кестеде берілген.