4 ГАЗРЕТТЕГІШ ЖУЙЕСІНІҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМІ 4.1 Газреттегіш жүйелерді таңдау 4.1.1 Газ үлестіру жүйелерінің жобасын әзірлеуді, магистралды газ құбырына, газ үлестіру жүйесіне немесе осындай объектіні қолданатын ұйыммен немесе
газификацияның аумақтық сызбаларымен бекітілгеніне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен берілетін топтық суқоймалық орнатылуларға қосылуға техникалық жағдайлардың негізінде енгізу қажет.
4.1.2 Жобалық құжаттаманың құрамы, жасау, келісу, бекіту тәртібін ҚР ҚН
1.02-03-2011 сәйкес қарастыру керек.
4.1.3 Газреттеу жүйелері жіктеледі:
газдың түрі бойынша (табиғи, бағыттас және СКГ);
газ қысымын реттеу сатыларының саны бойынша (бір- және көп сатылы);
құрылу қағидасы бойынша (сақиналы, тұйықталған, аралас).
газ құбырының орналасу орыны бойынша: сыртқы және ішкі, жер асты (су асты), жер үсті (су үсті);
газбен қамтамассыз ету жүйесінде тағайындау бойынша: (үлестіруші, қыстырмалы, үрлемелі, қашыртқы, импульсті, және де ауыл аралық);
құбыр материалдары бойынша: металлдық (болатты, мысты және т.б.) және металлдық емес (полиэтиленді және т.б.).
4.1.4 Газды тарату жүйесін таңдауды елді мекендердің газ тұтыну тығыздығына, құрылымына және көлеміне, тұрғын үй және өндірістік аймақтардың, газбен қамту
жүйелерінің орналасуына (қолданыстағы және жобаланған магистралдық газ құбырларының, газреттеу бекетінің (ГРБ), газтолтыру бекеттерінің (ГТБ) орналасуы мен қуаты және т.б. ) тәуелді жүргізу керек.
Жобада қандай да бір газ реттеу жүйесін таңдау техникалық-экономикалық негізделген болуы керек.
4.1.5 Реттеудің бір- немесе көпсатылы жүйесін пайдаланғанда тұтынушыларған газ бір немесе бірнеше қысым санатындағы реттеу газ құбырларына сәйкес беріледі.
Әдетте, ірі және орташа елді мекендер үшін көпсатылы газреттеу жүйелерін қарастырады.
5
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013 Шағын қалалар мен жеке тұрғын ықшам аудандары үшін, сонымен қатар, ауылдар үшін тиімді газ реттеу жүйесі ретінде тұтынушының немесе тұтынушылар тобының орташа қысымды ШРО жүйелері ұсынылады.
Төмен қысымды бір сатылы газретттеу жүйелері материалды шығындары көп болғандықтан газбен қамту көздеріне жақын орналасқан шағын құрылысы бар елді мекендерде ғана тиімді болып табылады.
Тарату газ құбырларында қысым шамасына және климаттық жағдайларға тәуелді ГРО, ГРОБ жергілікті жылыту құралдарымен бірге қолдану ұсынылады.
4.1.6 Газреттеу жүйесіне енетін әр түрлі қысым санатындағы газ құбырлары арасында газ реттеу орындары (қондырғылары) болуы керек.
4.1.7 Газреттеу жүйелерін салу негіздері елді мекен құрылысының тығыздығы мен жоспарлану сипатына тәуелді таңдалады. Газреттеу құбырларының барлық іріктеу нүктелерінде бір қалыпты қысым режимін қамтамасыз ететін және газбен қамту жүйесі тиімділігін арттыратын аралас немесе сақиналы газреттеу жүйелері тиімді болып табылады.
4.1.8 СКГ газбен қамтуда сұйыққоймалы қондырғылар немесе регазификацияландыру бекеттері негізіндегі газреттеу жүйелері ұсынылады.
СКГ қондырғылы топтық және жеке баллондарды пайдаланатын газреттеу жүйелерін сұйыққоймалы қондырғыларды пайдалану техникалық тұрғыда мүмкін болмағанда немесе экономикалық тиімсіз болғанда ғана қолдану ұсынылады.