Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет8/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің масштабы 
мен перспективасын анықтай отырып, негізгі заңдылықтарды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Перспективаның негізгі заңдылықтарына жататындар: 
1. 
Сызықтық перспективаның заңдылықтары. 
2. 
Ауа перспективаның заңдылықтары. 
3. 
Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары. 
–Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель емес сызықтар бір 
нүкткде түйіседі, бұл нүктелер әр уақытта көкжиек сызығында жатады. 


11 
-Бақылаушы адамның көз деңгейінде жатқан көлбеу сызық әрдайым көкжиек сызығы болып 
есептеледі. 
-Көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтар төменнен жоғары қарай бір нүктеге 
бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар –жоғарыдан төмен қарай бір 
нүктеге бағытталады.
-Бақылаушыға жақын орналасқан нәрсенің түстері ашық, айқын, ал алыстағы солғын ынтық түс 
ретінде қабылданады. 
-Жақындағы барлық заттың түстері қаз-қалпында қабылданса , алыстағы түстердің ішіндегі 
біреуі басым түрде, қалғандары соған жақындау болып көрінеді. 
-Алыста тұрған өңі ашық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал алыстағы өңі қараңғы 
заттардың түстері жақындағыға қарағанда ашықтау болып көрінеді. 
-Жалпы алыстағы дүние ортадағы тығыз ауа қабатының әсерінен көгілдір тартып мұнартады. 
-Жарық көзі мен бақылаушының арасында тұрған нәрсе өз түсінен қараңғы болып көрінеді. 
-Егер бақылаушы бақыланатын зат пен жарық көзінің ортасында болса, онда заттың түсі 
өзтүсінен жарығырақ болып көрінеді. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер композицияның масштабын 
анықтау және перспектива заңдылықтарының ерекшеліктерін қарастырады. Практикалық сабақ 
барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-композицияны құру барысында негізгі заңдылықтарды ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
- композицияны құрастырудың негізгі әдістеріне бірнеше жобалар сызу; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет