8
Гравюра (қырма)- таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырмақағаз, линолеум, плексиглас,
т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері. Сурет ойылған тақтаны да, одан
көшірілген басылым суретті де осы атаумен атайды. «Гравюра» сөзі француздың «grawer»-ою,
нақыштау деген сөзінен алынған.
Ксилография-ағашқа салынған гравюра.
Литография-тегіс гравюра. Суретші ойлаған суретін арнайы тегістелген әк тасқа майлы
тушьпен не қарындашпен салады. Сонан соң сурет салынған тасты азот қышқылы ерітіндісімен
өңдейді. Тастағы майлы қарындаштың , тушьтың ізі қышқылды қабылдамайды. Керісінше
литография бояуы сурет салған іздерге жұғады.
Иллюстрация – шығарманың мазмұнын баяндайтын сурет, ол кітап графикасының негізі.
3.Мүсін өнері –шындық өмірді өзінің ерекше әдісімен көркем бейнеде көрсететін бейнелеу
өнерінің бір түрі. «Мүсін» атауы латынның «sculptere» -
бірдеңені ойып алу, қашау деген сөзінен шыққан. Алғашында осы әдіспен жасалған
шығармаларды білдірді, кейіннен жұмсақ материалдан (сазбалшық , т.б.) сомдалған мүсіндер де
осы ұғыммен аталды. Мүсін екі түрге бөлінеді:
1. Бедер (рельеф)- көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленетін түрі.
2. Дөңгелек мүсін – бейнелеу объектісінің нақты бейнеленуі.
3. Сәндік қолданбалы өнер латынша «decorare» -әшекейлеу, өзіндік эстетикалық ерекшелігі
бар , тұрмыста, еңбекте ұдайы сарамандық қажеттілікке ие түрі. Сонымен қатар ол тұрғын
үйлерді, сәулеттік құрылыс орындарын , алаңды, саябақты, шағын композициялық формаларды
әшекейлеу үшін де қолданылады.
4.Сәндік қолданбалы өнерде халық өнерінің дәстүрлері аңғарылып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: