31
Практикалық сабақ №22
Сабақтың тақырыбы: Жарық – көлеңкенің көлем беру үшін ара-қатынасы.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, жарық-көлеңкелі композиция
туралы ұғым.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3.жарық-көлеңкелі фигуралардың пішінін штрихпен айқындау.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, көлемді композиция заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Бейнеленетін объектілердің жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы
көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке
пайда болады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені кұлай түскен
көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады.
Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан
шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.
Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуде заттың кандай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын қай
жерлері көлеңке екенін дұрыс ажырату үшін жарық көзі сәулелерінің бағытын анықтап алудың
маңызы зор.
Жарық пен көлеңкенің арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар
бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст
соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да
кейінгі пландарда контраст азая береді. Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің
жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі.
Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын көрсетуге ұмтылу керек. Жарық пен көлеңкені
дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру суретті салып отырған заттың жарық жерлері
мен күңгірт жерлерінің қатынасына зер салып қарауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: