Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет32/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, көркемдік қабылдаудың заңдылықтарын меңгеру.


28 
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Натюрмортта бейнеленетін заттар геометриялық денелерді еске түсіретін формалар болып 
табылады. Бұларды бейнелеу бізге қажетті мәселелерді ретке келтіруге орналастыруға
құрылымын құруға және жарық - көлеңке арқылы көлем беруге мүмкіндік береді. 
Негізгі көңіл аударатын нәрсе модельдің құрылымдық заңдылығы және пропорциясы. Егер 
айналу денелерін дұрыс бейнелеу үшін суретте олардың ось сызықтарын белгілеу керек. 
Көпқырлы және цилиндртәріздес заттар кеңістікте әртүрлі жағдайда, түрлі бұрылыста 
бейнеленеді. Көп бөлшектерден тұратын заттармен жұмыс барысында едәуір мағынаға ие 
болатын, көру нүктесі және оның кағаз бетіндегі дұрыс орналасуы. 
Натураның қойылымдық суретіндегі ең негізгі мәселелердің бірі кеңістіктік тереңділікті бере 
білу. Сызықтық перспективаның заңдылығын жүйелі қолданып отыру қажет. Жұмыстың сәтті 
шығуы суреттің қалай орналасқандығының да маңызы зор. Бір заттың әр көру нүктесінен 
қарағанда әртүрлі болып көрінеді. Натюрмортпен жұмыс қағаз бетіне дұрыс орналастыруды
қызық жерін таба білуді дамытып отырады. Суреті салынатын объектті таңдағанда өте 
табандылық таныту қажет сонда ғана салынған сурет әлдеқайда әдемі көрінеді. Атақты 
суретшілердің натурадан салған жұмыстары өзінің шеберлік деңгейімен ғана емес сонымен 
қатар олардың авторының өте бір қызықты композициялық тұрғысынан алғандығын көруге 
болады. Сол суретшілердің ойы мен мақсатын және олардың жұмыстарының кезеңдерін сезіне 
білуге тырысу керек. Мұндай анализдер жасау үшін осыған дейін жасалған ең үздік 
жұмыстармен қатар шеберлердің үлгі суреттерін қарау тиімді болып табылады. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер
композицияның көркемдік қабылдаудың формаларын қарастырады. Практикалық сабақ 
барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-Сурет салу барысында композицияның құрылымдық заңдылықтарын ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет