Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет35/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, көлемді композиция заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Архитектуралы бөлшектердің (детальдардың) суретін салу, оқу тапсырмасын сәтті орындау 
үшін, қарапайым геометриялық фигуралардың квадрат және дөңгелектік перспектива 
құрылымын жақсы меңгеруі керек. 
Абаканы еске түсіре отырып, пропорцияға көңіл аударамыз. Пропорцияға неғұрлым көңіл 
аударып дәл тапсақ, соғұрлым қалған элементтердің ұзындық қатынастары тура шығуына 
көмек болады. Пропорциясын белгілеп тапқаннан кейін, перспективада жұмыс жасаймыз. 
Абака көлденең сызықтан жоғары орналасқан, сол себепті квадраттың астыңғы бөліктері 
перспективада кішілеу келеді. Капитал конструкциясының жоғарғы элементін тұрғызып 
болғаннан кейін, колонна стволының негізін тұрғызуға кірісеміз. Квадраттың ортасынан ось 
түсіріп, өлшем бойынша стволдың қалыңдығы мен биіктігін белгілейміз. Қалындық сызығы 
квадраттың ішкі перспективасымен тура келуі керек. Абаканы колонна стволымен бірге 
тұрғызғаннан кейін, жапсырма етіп валюта конструкциясын орналастырамыз. Валютаны да 
жоғарыда айтылғандай 3 өлшемде пропорциясын белгілеп, перспективада көрсетеміз. 
Валютті конструктивті көрсеткеннен кейін ионикалық элементтерді бөлек салған дұрыс. Өз 
уақытында біртұтас мрамордан ойылып алынған «өрнек жолақ» төртінші валға жақын 
жанасқан. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер көлемдік композиция 
формаларын қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-антикалық сурет салу барысында композиция заңдылықтарын ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет