Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық сабақтарды оқып үйрену жатады.Практикалық
сабақта студенттер сурет салу өнерінің негізгі ұғымдары мен сәулет өнерінің ерекшеліктерін
қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-сурет салу барысында негізгі заңдылықтарды ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-геометриялық денелердің композициялық пішінін бір-бірімен салыстыру;
-композициялық эскизді графикалық түрде орындау.
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе
гуашь, белгілі шығармалардың мысалдары.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша геометриялық композициялардың бірнеше эскиздерін жасау.
1.1.эскиздерді орындау барысында геометриялық фигуралардың қарапайым түрде орындалуы.
1.2. геометриялық фигуралардың кезеңдік түрде орындалуы.
1.3. геометриялық фигуралардың күрделі түрде орындалуы.
2.геометриялық детальдардың сәулеттік мінездемесін толық анықтау.
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1.Геометриялық денелерден құралған композицияның бірнеше эскиздері.
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3.Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (кезеңдік).
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (қарапайым).
5. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (штрихтау).
Бақылау сұрақтары: 1.Графика дегеніміз не?
2.Иллюстрация деген не?
3.Бедер деген не?
СРС тапсырмалары: