Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Техникалық және инструменттік құралдар



Pdf көрінісі
бет4/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварель немесе 
гуашь, белгілі шығармалардың мысалдары. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша геометриялық композициялардың бірнеше эскиздерін жасау. 
1.1.эскиздерді орындау барысында геометриялық фигуралардың дұрыс құрылымы. 
1.2. геометриялық фигуралардың композициялық шешімі. 
1.3. геометриялық фигуралардың штрихта орындалуы. 
2.геометриялық детальдардың сәулеттік мінездемесін толық анықтау. 
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1.Геометриялық денелерден құралған композицияның бірнеше эскиздері. 
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау. 
3.Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (геометриялық). 
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (кезеңдік түрде). 
5. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (аяқталған түрі). 



Практикалық сабақ № 2 
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерден құралған натюрморт, перспективалық 
заңдылықтарды қолдана отырып конструктивті сызықтық қаңқасын тұрғызу. 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша қарапайым формалы эскиздер сызу; 
геометриялық денелерден тұратын композиция. 
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді 
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен көрсету. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы 
мен жасау жолдарын, осы заттар арқылы композиция құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Кескіндеме жанрына жататындар: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картиналар. 
«Жанр» атауы « Qenre»-француз сөзі. Ол түр, тек деген мағына береді.
Кескіндеме қолданылатын орындарына қарай:монументті, станокты, сәндік, театр, 
миниатюралы топтарға бөлінеді. «Графика» -қағаз не қатырмақағазға қарындаш, қаламұш, 
көмір, қылқалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл сөз 
гректің «grapho» -жазамын , сурет саламын деген сөзден шыққан.
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер, гравюралар, кітап 
иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері , түрлі 
жарнамалар, маркалар жатады. Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-
түсті және бормен салынған суреттер де графикаға жатады.



Гравюра (қырма)- таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырмақағаз, линолеум, плексиглас, 
т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері. Сурет ойылған тақтаны да, одан 
көшірілген басылым суретті де осы атаумен атайды. «Гравюра» сөзі француздың «grawer»-ою, 
нақыштау деген сөзінен алынған.
Ксилография-ағашқа салынған гравюра. 
Литография-тегіс гравюра. Суретші ойлаған суретін арнайы тегістелген әк тасқа майлы 
тушьпен не қарындашпен салады. Сонан соң сурет салынған тасты азот қышқылы ерітіндісімен 
өңдейді. Тастағы майлы қарындаштың , тушьтың ізі қышқылды қабылдамайды. Керісінше 
литография бояуы сурет салған іздерге жұғады. 
Иллюстрация – шығарманың мазмұнын баяндайтын сурет, ол кітап графикасының негізі.
3.Мүсін өнері –шындық өмірді өзінің ерекше әдісімен көркем бейнеде көрсететін бейнелеу 
өнерінің бір түрі. «Мүсін» атауы латынның «sculptere» - 
бірдеңені ойып алу, қашау деген сөзінен шыққан. Алғашында осы әдіспен жасалған 
шығармаларды білдірді, кейіннен жұмсақ материалдан (сазбалшық , т.б.) сомдалған мүсіндер де 
осы ұғыммен аталды. Мүсін екі түрге бөлінеді:
1. Бедер (рельеф)- көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленетін түрі. 
2. Дөңгелек мүсін – бейнелеу объектісінің нақты бейнеленуі.
3. Сәндік қолданбалы өнер латынша «decorare» -әшекейлеу, өзіндік эстетикалық ерекшелігі 
бар , тұрмыста, еңбекте ұдайы сарамандық қажеттілікке ие түрі. Сонымен қатар ол тұрғын 
үйлерді, сәулеттік құрылыс орындарын , алаңды, саябақты, шағын композициялық формаларды 
әшекейлеу үшін де қолданылады.
4.Сәндік қолданбалы өнерде халық өнерінің дәстүрлері аңғарылып тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет