Сезімтал организм


 Климаттық аймақтарды тізімдеңіз. Фармацевтикалық өндірістегі тазалық сыныптарын сипаттаңыз. Таза бөлмелердің параметрлерін бақылауды тізімдеңіз



бет15/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
рк ауызша

39. Климаттық аймақтарды тізімдеңіз. Фармацевтикалық өндірістегі тазалық сыныптарын сипаттаңыз. Таза бөлмелердің параметрлерін бақылауды тізімдеңіз. 
Климаттық зона- белгілі бір климаттық көрсеткіштер мен радиациялық баланстың, орташа және шеткі температураның, атмосфералық жауын-шашынның жылдық жинағы мен жауу режімінің мәндері бойынша ерекшеленетін Жер шарының кеңбайтақ аумағы. Климаттық зона, әдетте, ендік немесе субендік бағытта созылып жатады, тұтасымен немесе үзік-үзік болып тарайды 


42. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұмысын сипаттаңыз. 
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды (бұдан әрі – реттелетін сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады. 

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар

Комитеттің мiндеттерi, құқықтары мен мiндеттемелерi 
13. Міндеттері: 

1) реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

2) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Құқықтары мен міндеттері:

1) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;

2) жеке және заңды тұлғалар Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сотқа жүгіну;

3) аумақтық бөлімшелерге және ведомстволық бағынысты ұйымдарға реттелетін саладағы мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет