Сезімтал организм


 Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйенің функциялары қандай?



бет13/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
31. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйенің функциялары қандай? 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе биологиялық қауіпсіздік саласындағы орталықтандырылған есепке алу және мониторингтеу, биологиялық тәуекелдерді басқару, мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арасында ақпарат алмасу арқылы жағдайды талдау, биологиялық тәуекелдерді болжау және модельдеу, үйлестірілген және жедел ден қою шараларын тұжырымдау мақсатында құрылады. 
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады. 
3. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері қозғалатын салаларда мемлекеттік реттеуді (қызметті) жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары), сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттандыру субъектілері болып табылады. 
4. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе ақпараттандыру субъектілері беретін статистикалық ақпараттың және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманың (ақпараттың) негізінде қалыптастырылады. 
5. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеге келіп түсетін ақпарат біріздендірілген түрде жинақталады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ұлттық дерекқорды құрады. 
6. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені құруды, жетілдіруді және пайдалануды және онда сақталатын және өңделетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 
32. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың негізгі функцияларын сипаттаңыз. 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау және қадағалау) олардың бұзылуының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған және осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын объектілер (бұдан әрі – бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері немесе объектілері болып табылады. 
3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге жатады. 
Эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілер екі топқа бөлінеді: 
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер
2) патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерін аталған топтарға жатқызу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарының және патогенді биологиялық агенттер тізбесінің негізінде жүзеге асырылады. 
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген нысандарда жүзеге асырылады. 
5. Мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) осы Заңның 21-бабына сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет