Сезімтал организм


 Биологиялық қауіпсіздік саласындағы критерийлер мен жіктеулерді атаңыз



бет9/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
27. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы критерийлер мен жіктеулерді атаңыз. 
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасына негізделеді: 
1) патогендігі I топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың өлім (өлім-жітім) деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, әдетте, оларға қатысты вакциналар және тиімді терапия құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
2) патогендігі II топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ: 
аса қауіпті инфекциялық ауруларды
инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттер болып бөлінеді;
3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралуы ең аз деп сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер; 
4) патогендігі IV топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, әдетте, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.
2. Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады. 
Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі IV топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады. 
3. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары және патогенді биологиялық агенттердің тізбесі олардың осы бапта көрсетілген патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсынымдары, биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері ескеріле отырып қалыптастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет