Сезімтал организм


 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін атаңыз



бет8/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
25. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін атаңыз. 
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде: 
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады
2) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады. 
26. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты түсіндіріңіз. 
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау; 
2) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін, қолайлы фитосанитариялық ахуалын қамтамасыз ету
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану. 
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мыналар болып табылады: 
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу; 
2) биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекетаралық деңгейде техникалық көмекті тарту және көрсету; 
3) халықаралық инновациялық технологияларды ендіру және биологиялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғау жүйесін жаңғырту; 
4) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау және олардың салдарларын жою
5) Қазақстан Республикасын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекетаралық және халықаралық жүйелеріне және өзге де халықаралық интеграциялық бірлестіктерге интеграциялау, халықаралық ғылыми алмасуға қатысу
6) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру; 
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен микроорганизмдер штаммдарын халықаралық депонирлеуге қатысу; 
8) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған халықаралық сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға қатысу; 
9) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау; 
10) патогенді биологиялық агенттердің трансшекаралық орын ауыстыруын реттеу
11) биологиялық қатерлерді болғызбау мақсатында халықаралық шарттарға сәйкес ақпарат алмасу. 
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық ашықтық пен басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаушылыққа негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет