Сезімтал организм


 Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттерін атаңыз



бет7/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
24. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттерін атаңыз. 
1. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады: 
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; 
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган
3) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
4) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган; 
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган; 
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган; 
7) ғылым саласындағы уәкілетті орган; 
8) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; 
9) мемлекеттік кіріс органдары; 
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган; 
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары
12) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары; 
13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі. 
2. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде: 
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 
2) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар беру
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру; 
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу
5) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту; 
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады. 
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде: 
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді; 
2) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді; 
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді; 
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды; 
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді
7) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді; 
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды; 
9) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды; 
10) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді; 
11) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді: 
12) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 7) тармақшаларында көзделген функцияларды өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырмайды. 
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есепке алынуын жүргізуді жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет